Морфология



Pdf көрінісі
бет523/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

TEPI ТУЫНДЫЛАРЫ 

 

Tepi  туындылары  организмнің  даму  процесі  барысында  тері 

қабаттарынан  жетілетін  мүшелер.  Оларға:  тері  түктері,  тер,  май  жəне  сүт 

бездері,  майтабан,  мүйіз  тұяқ,  мүйіз  жəне  əр  түрлі  жануарларға  тəн  арнайы 

бездер жатады. 



Түк (ріlі) омыртқалы жануарлардың ішінде тек сүтқоректілерге тəн тері 

туындысы.  Түк  əр  түрлі  жануарларда  түрліше  болып  келеді.  Тіпті,  бір 

организмнің өзінде де, терінің түрлі аймақтарында кұрылысы əр түрлі түктер 

кездеседі.  Мысалы,  түйе  терісінде  қасиеттері  əр  түрлі  5  түрлі  түктер  өсетін 

тері  аймактары  ажыратылады.  Түкті  жабын  жануарлар  терісін  сыртынан 

жауып,  организмді  суықтан,  ылғалдан,  əр  түрлі  механикалық  жəне  т.б. 

əсерлерден  қорғап,  денедегі  жылылықтың  сақталуын  қамтамасыз  етеді.  Үй 

жануарларында  тері  түктерінің  бірнеше  түрлері  кездеседі:  қылшық,  қыл, 

түбіт, жүн, ал пішіні мен мөлшеріне байланысты ұзын, қысқа, жуан, жіңішке 

түктерге ажыратылады. 

Tepi  түктері  орналасу  орындары  мен  атқаратын  қызметіне  байланысты: 

жабынды,  ұзын  жəне  сезімтал  түктер  болып  үш  топқа  бөлінеді.  Жабынды 

түктер теріні сыртынан жауып тұрады. Жылқы мен сиыр терісінің жабынды 

түктері  қылшық,  қой  мен  түйеде  қылшық  пен  жүн  талшықтары,  ешкіде  қыл 

мен  түбіт.  Биязы  жүнді  қой  терісіндегі  түктер  тек  жүн  талшықтарынан 

тұрады.  Ұзын  түктерге  жылқыдағы  кекіл  (cirrus  capitis),  жал  (juba),  шаша 

(cirrus  pedis),  жылқы  мен  сиырдағы  құйрық  (cirrus  cauda),  ешкідегі  сақал 

жатады.  Сезімтал  немесе  синуозды  түктер  сезімтал  жүйке  ұштарына  бай 

болады.  Олардың  түк  баданасы  басқа  түктерге  қарағанда  тереңде 



249 

 

орналасады. Сезімтал түктер жануарлардың тұмсық, иек аймақтарында жəне 



көздің айналасында жекеленіп орналасады. 

Түк  тығыз  да,  иілгіш  жəне  серпімді  мүше.  Ол  мүйізделген 

эпидермоциттерден  құралған.  Түктің  тері  бетіндегі  көрінетін  бөлігін  түк 

сабағы (scapus рій), тері ішіндегі бөлігін түк түбірі (radix pili) — деп атайды. 

Түк  түбірінің  терідегі  пияз  түбіріне  ұқсас  жуандап  аяқталатын  бөлігін  түк 

баданасы (bulbus pili) — дейді. Түк баданасы түктің өсетін бөлігі. Бұл жерде 

түкті құрайтын эпидермоциттер бөліну арқылы көбейіп, мүйізделіп түктерді 

құрап,  олардың  өсу  процесін  қамтамасыз  етеді.  Түк  баданасының  төменгі 

жағында,  оның  ішіне  үңгілей  еніп,  керекті  қоректі  заттармен  қамтамасыз 

ететін  түк  емізікшесі  (papilla  pili)  болады.  Ол  қан,  лимфа  тамырлары  мен 

жүйке ұштарына бай борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. 

Tepi түгі бір-бірінен анық ажырайтын үш қабаттан: кутикула, қыртысты 

қабат  жəне  түк  өзегінен  тұрады.  Сыртынан  түк  жұқа  кутикула  қабатымен 

қапталған.  Кутикула  мүйізделген  тым  жұқа  қабыршактардан  тұрады. 

Жануарлар  тері  түктерінің  əр  түрлі  пішінде  болуы  осы  кутикулаға 

байланысты.  Кутикула  тері  түктерін  химиялық  жəне  механикалық 

əсерлерлен,  ылғалдан,  жарықтан  жəне  т.б.  зияңды  фактолардан  қорғайды. 

Тері  түгінің  негізін  ортаңғы  қыртысты  қабат  құрайды.  Ол  кутикуланың 

астында  орналасады.  Tepi  түгінің  беріктігі,  иілгіштігі,  серпімділігі, 

созылғыштығы  осы  қыртысты  қабатқа  тікелей  байланысты.  Мысалы,  бұл 

қабат түлен мен құндызда жақсы, ал қоян мен бұғыда нашар жетілген. Міне, 

осыған  байланысты  аталған  жануарлар  терілеріндегі  түктердің  беріктігі  əр 

түрлі  болып  келеді.  Қыртысты  қабатты  ұзынша  келген  мүйізделген 

эпидермис жасушалары түзеді. Бұл қабаттағы эпидермоциттерде түктің түрі-

түсін  анықтайтын  бояғыш  пигмент  меланин  болады.  Үшінші  ең  ішкі  қабат 

түктің  орталығында  жатқан  түк  өзегі.  Бұл  қабатты  текше  немесе 

көпбұрышты  жартылай  мүйізделген  эпидермоциттер  құрайды.  Өзектің 

орталығындағы  эпидермоциттер  цитоплазмасында  жұмсақ  мүйізді  зат 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет