Морфология


Ортаңғы  жəне  артқы  ішектердің  дамуы



Pdf көрінісі
бет557/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ортаңғы  жəне  артқы  ішектердің  дамуы.  Онтогенездің  алғашқы 

кезеңінде  ортаңғы  жəне  артқы  ішектер  дененің  ұзына  бойымен  бойлай 

орналасып, ұрықтың сарыуыздық қапшығымен өзек арқылы қатысып тұрады. 

Ішек  түтігі  ұзарып  өсе  келе  шажырқайға  ілінген  екі  болікті  ілмек  түзеді. 

Ілмектің  томендеген  болігі  қарыннан  каудоентральды  бағытта  құрсақ 

қабырғасына  дейін  созылып,  өзінің  бір  ұшымен  сарыуыз  озегімен 

байланысады.  Ал  оның  жалғасы,  екінші  орлеме,  болік  құрсақ  қабырғасынан 

каудо-дорсальды  бағытта  омыртқа  бағанасына  жетіп,  артқы  аналь  тесігіне 

қарай  бұрылыс  жасайды.  Осы  бөліктің  бойындағы  томпиған  төмпектен 

кішігірім  бүйеннің  бастамасы  пайда  болады.  Ішектің  бұл  тұсы  негізінен 

ортаңғы жəне артқы ішектің шеғарасы болып есептеледі. Ілмектің аталған екі 

болігі аралығында краниальды шажырқай артериясы дамып жетіледі. 

Ішек  түтігі  ұзындығының  одан  əрі  ұзарып  өсуіне  байланысты,  ішек 

ілмектері  сағат  тілі  бағытында  краниальды  шажырқай  артериясы  бойымен 

толық  бір  айналым  жасайды.  Нəтижесінде  төмендеген  бөліктің  алдыңғы 

жағы он екі елі ішек ретінде құрсақ куысының оң жақ бөлігінде орналасады. 

Ол  каудальды  бағытта  шажырқай  түбірін  айналып  өтіп,  сол  жаққа  ауысады 

да, аш ішекке айналады. Өрлеме бөліктің колденеңінен орналасқан бөлімі сол 




267 

 

құрсақ  қабырғасын  жағалай  ұзарып  өсіп,  алға  қарай  краниальды  шажырқай 



артериясын айналып, оң жаққа отеді. Бұдан соң, ол қайтадан бүйенмен бірге 

кері  каудальды  жаққа  бағытталады.  Осындай  ауысулардың  нəтижесінде  тоқ 

ішек  шеңбер  тəрізді  жиектеле  орналасады.  Оның  оң  бөлігі  жуан  ішектің 

басталар  жері  бүйеннен  краниальды  бағытта  орналасады.  Тоқ  ішектің 

краниальды  шажырқай  артериясының  алдында  жатқан  тұсын  көлденең  тоқ 

ішек, ал каудальды бағыттағы сол бөлігін — сол тоқ ішек — деп атайды. 

Жамбас  қуысында  сол  тоқ  ішек  тік  ішекке  ауысады.  Жоғарыда 

баяндалған ішектердің  онтогенездегі дамуы  негізінен  етқоректі  жануарларға 

тəн.  Ал  басқа  шөпқоректі  жануарларда  тоқ  ішек  дөңгелек  (дискі)  немесе 

дискоконус, талғаусыздарда конус түрінде дамып жетіледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет