Морфология



Pdf көрінісі
бет554/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ауыз  куысының  дамуы.  Онтогенезде  ауыз  куысы  ұрықтың  бас 

беліміндегі  мандай  томпегінің  төменгі  жағындағы  эктодермадан  дамып 

қалыптасады.  Алдымен  ауыз  шұңқыры  пайда  болады.  Ол  одан  əрі  дененің 

ішіне  қарай  тереңдей  өсіп,  эмбриондық  алғашқы  ішек  түтігінің  алдыңғы 

түйықталған ұшына  жақындап жанасады.  Ауыз  шұңқыры  ішек  түтігінен  тек 

жұтқыншақ жарғағы арқылы ғана бөлініп тұрады. Дамудың келесі кезеңінде 

жұтқыншақ жарғағы тесіліп, ауыз қуысы ішек қуысымен өзара байланысады. 



265 

 

Ауыз қуысының бүйір жəне төменгі қабырғаларында висцеральды (желбезек) 



доғалар  пайда  болып,  олардан  ауыз  куысының  негізі  қалыптасады.  Ауыз 

қуысы 


мүшелеріндегі 

дəнекер 


ұлпалық 

қабаттар 

мен 

аралықтар 



мезенхимадан жетіледі. 

Тістің дамуы. Төменгі сатыдағы жануарларда тіс, тері мен ауыз қуысы 

кілегейлі  қабығы  бүртіктерінің  сүйектенуі  нəтижесінде  дамиды.  Демек,  ол 

тері  туындыларына  жатады.  Іштөлі  сүт  тістерінің  дамуы  ауыз  куысындағы 

қызыл  иек  эпителий  қабатының  қалыңдап,  астындағы  ұрыктық  дəнекер 

ұлпасы  мезенхимаға  үңгілене  енуінен  басталады.  Бұл  қалың  эпителий 

тақташасы тіс тақташасы — деп аталады. Оның пішіні қызыл иектің пішінін 

қайталайды, яғни таға төріздес болып келеді. Tic тақташасының сыртқы ерін-

ұрт  бетінде,  болашақ  тістердің  орындарында  пішіні  қалпаққа  ұқсас  кіреуке 

(эмаль)  мүшелер  жетіліп,  дами  бастайды.  Кіреуке  мүшелер  астындағы 

мезенхима  тығыздалып,  тіс  емізікшесін  түзеді.  Өз  кезегінде  кіреуке  мүшесі 

үш  қабат  болып  қалыптасады.  Олар:  сыртқы  кіреуке  жасушалары,  кіреуке 

мүшесінің  жұмсағы  (пульпасы)  жəне  ішкі  кіреуке  жасушаларының 

қабаттары.  Кіреуке  мүшесі  сыртқы  кіреуке  жасушалары  қабатының  мойны 

арқылы тіс тақташасымен жалғасып жатады. Ал кіреуке мүшесінің жұмсағы 

жұлдыз  тəрізді  тармақты  жасушалардан  түзілген.  Ол  сыртқы  кіреуке 

жасушалары  қабатын  ішкі  кіреуке  жасушалары  қабатымен  байланыстырып 

тұрады.  Ішкі  кіреуке  жасушаларының  қабаты  пішіні  призма  тəрізді  бір 

қабатта  орналасқан  кіреуке  жасушалардан  тұрады.  Бұлар  тіс  кіреукесін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет