Қой мен ешкінің еріндері ұзын жəне қозғалмалы келеді. Жоғарғы ерінді су
ағар сайы (philtrum) бөліп тұрады. Шошқаның жоғарғы ерні түксіз талпақ
танаумен (planum rostrale) жалғасқан. Төменгі ерін үшкілдеу болып келеді.
Ерін езулері 3-4 азу тістердің тұсына дейін созылады. Иттің еріндері жұқа
жəне нашар қозғалады. Ауыз саңылауы ұзынынан созылып, оның езулері 3-4
азу тістерінің қатарына дейін жетеді. Жоғарғы ерін ортасынан су ағар
сайымен екіге бөлініп тұрады. Төменгі ерін көлемі жағынан жоғарғы ерінге
қарағанда сəл көлемділеу келеді.
Ұрт (щеки) — bucca — құрылысы ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол
сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен
қапталған. Ұрттың негізін ұрт бұлшық еті түзеді. Ұрт ауыз куысының екі
бүйір қабырғаларын құрайды. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының
ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын, ұрттың
ұзындығы қысқа болады. Мысалы, иттің езуі ұзын да, ұрты қысқа. Бұған,
керісінше, шөппен қоректенетін жануарлардың ұрты ұзын, ал ауыз саңылауы
қысқа келеді. Ұрттың ішкі кілегейлі қабығы бетінде, жоғарғы азу тістердің
269
тұсында шықшыт (құлақ түбі) сілекей безі өзегінің бүртігі (papilla parotidea)
ашылады. Ұрттың кілегейлі қабығында ұрт сілекей бездері (glandulae
buccales) орналасады. Əсіресе, олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы
дамыған. Ұрт бездері дорсальды жəне вентральды болып екі топқа бөлінеді.
Олар жоғарғы жəне төменгі тіс доғалары деңгейлерінде, езу мен ұлкен
шайнау бұлшық еті аралығында орын тебеді.
Достарыңызбен бөлісу: |