Морфология


З.Тіласты-тіл  бұлшық  еті



Pdf көрінісі
бет579/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

З.Тіласты-тіл  бұлшық  еті  (m.  hyoglossus)  тіласты  сүйектің  денесі  мен 

көмекей мүйіздіктерінен басталып, тіл бұлшық етінде аяқталады. Бұлшық ет 

тілді артқа тартып қысқартады жəне оған жалпақ пішін береді. 

4.  Иек-тіл  бұлшық  еті  (m.  genioglossus)  төменгі  жақ  сүйектің  иек 

бұрышынан  басталады  да,  тілдің  ұшы  мен  денесінде  аяқталады.  Аталған 

бұлшық  ет  тілді  алға  тартып,  оған  жалпақ  пішін  береді  жəне  оны  қатты 

тандайдан ажыратады. 



5.  Иек-тіласты  бұлшық  ет  (m.  geniohyoideus)  пішіні  ұршық  тəрізді  ет. 

Ол  төменгі  жақ  сүйектің  иек  бұрышынан  басталып,  иекіл  бұлшық  етінің 

төменгі бетімен артқа қарай бағытталады да, тіласты сүйек денесінде немесе 

оның тіл өсіндісінде аяқталады. 



Ерекшеліктері.  Жылқы  тілінің  сілекей  бездері  сірлі-кілегейлі  сілекей 

бөледі.  Тілде  бір  жұп  қорғанша  емізікше,  кейде  үшінші  тақ  емізікше  де 

кездеседі.  Конусша  емізікше  болмайды.  Күйіс  қайтаратын  жануарлар 

тілінің  жоғарғы  арқа  бетінде  тіл  жастығы  (torus  linguae)  болады.  Олардың 

тілдерінің  ұштары  үшкірлеу  болып  келеді.  Тілдің  кілегейлі  қабығында 

пигментті  аймақтар  көрінеді.  Бұларда конусша  емізікшелер  жақсы  жетілген, 

қорғанша  емізікшелердің  саны  тілдің  бір  жақ  жартысында:  сиырда  —  8-7 

(21),  қойда  —  18-28,  ешкіде  -11-18  -ден  болады.  Жапырақша  емізікшелер 

болмайды.  Шошқаның  тілі  жіңішке,  ұзын,  үшкір  болып  келеді.  Оның 

дорсальды  бетінде  бір  жұп  қорғанша  емізікше  орналасады.  Тілдің 




275 

 

вентральды  бетіндегі  кілегейлі  қабықастында  тіл  шеміршегі  болады.  Ит 



тілінің  пішіні  жалпақ,  жіңішке  жəне  ұзын  болып  келеді.  Оның  дорсальды 

бетімен  тілдің  орталық  сайы  (sulcus  medianus  linguae)  өтеді.  Қорғанша 

емізікшелердің саны 2-3 жұп. Тіл ұшының төменгі бетіндегі кілегейлі қабық 

астында  ұршық  пішіндес  тіл  шеміршегі  болады.  Ол  ыстық  күндері  ауыздан 

салаңдаған тілді ұстап тұрады. Тілдің сілекей безі кілегейлі сөл бөледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет