135 — сурет. Тіддің жіпше емізікшелері
1 — көп қабатты жалпак. эпителий, 2 — кілегейлі қабыктың өзіндік тақташасы, 3 —
кан тамырлары, 4 — дəнекер ұлпасының эпителийге біріншілік кірме емізікшесі, 5 —
дəнекер ұлпасының эпителийге екіншілік кірме емізікшесі, 6 — тілдің көлденең жолақты
бұлшык. ет талшықтары.
Саңырауқұлақша емізікше тілдің ұшы мен арқалығында, жіпше
емізікшелер
аралығында
орналасады.
Оны
сыртынан
көпқабатты
мүйізделмейтін эпителий қаптайды. Емізікшенің бүйір қабырғасындағы
эпителий қабатында татым баданалары орналасады. Татым баданасы бір-
біріне тығыз жатқан ұзынша эпителий жасушаларынан тұрады. Олар дəм
сезгіш
жəне
тіректік
эпителиоциттерге
бөлінеді.
Дəм
сезгіш
эпителиоциттердің
сопақша
келген
ядролары,
апикальды
ұшында
микробүрлер болады. Ірі ядролары тіректік эпителиоциттер сезгіш
эпителиоциттердің жəне жүйке талшықтарының арасында орналасады. Олар
тіректік қызметтен басқа кілегей де бөледі. Сондықтан, бұлардың
цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Татым баданасы ауыз
қуысымен татым тесігі арқылы қатысады.
Қорғанша емізікше тілдің кілегейлі қабығында тереңірек орналасып,
сыртынан қорғанға ұқсаған кілегейлі қабық буылтығымен қоршалын жатады.
Татым баданалары емізікшелердің бүйір бетінде орналасады. Қорғанша
емізікшелер ірі болып келеді, тіл тұбірінің арқалығында болады.
Жапырақша емізікшенің пішіні жапыраққа ұқсас. Ол тіл түбірінің екі
бүйірінде
бір-бірден
орналасады.
Күйісті
жануарларда
жапырақша
емізікшелер болмайды. Татым баданалары емізікшенің бүйірінде болады.
276
Достарыңызбен бөлісу: |