Ерекшеліктері. Жылқы құлақтүбі (шықшыт) сілекей безінің пішіні
сопақша келіп, төртбұрышты да көлемді болып келеді. Оның түсі сұрғылт-
қызыл
немесе
сарғыш-қызыл
болып
келеді.
Күйіс қайтаратын
жануарлардың шықшыт бездері көлемді, едəуір үлкен келеді. Олардың
пішіндері ұзынша, түсі қоңыр-қызыл. Бездің дорсальды бөлігі қалыңдау
болады. Шошқа шықшыт безінің пішіні үшбұрышты, түрі қызыл-қоңыр
болып келеді. Ит шықшыт безінің пішіні үшбұрышты жəне сəл дөңгелекше
болып келеді. Сілекей бездерінің ішінде көлемі жағынан екінші орын алады.
2. Төменгі жақ безі (нижнечелюстная) — gl. mandibularis — төменгі
жақаралық кеңістікте орналасады. Оның артқы бөлігін шықшыт безі
сыртынан жартылай жауып жатады. Без өзегі (ductus mandibularis) оның
жоғарғы жиегімен алға қарай бағытталып, тіласты-жақбұлшық етінің
алдыңғы жəне артқы бөліктерінің аралығынан өтеді де, тіласты безінің
277
медиальды бетімен өтіп, тіласты сүйелшеге келіп ашылады. Төменгі жақ безі
сірлі-кілегейлі (аралас) сілекей бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |