279
Ендірме өзекшелер бір-бірімен өзара қосылып, жолақты өзектерді құрайды.
Аталған өзектердің қабырғалары екі қабат жасушалардан құралған. Өзектер
ішкі жағынан бірқабатты эпителий ұлпасымен астарланған. Эпителий
қабатын сыртынан миоэпителиоциттер қабаты қаптап жатады. Өзектердің
қабырғаларындағы аталған қабаттар бір-бірінен негіздік жарғақ арқылы
бөлінген. Соңғы бөлімдер мен ендірме жəне жолақты шығару өзектері, қан
жəне лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дəнекер ұлпалық
аралықтар арқылы байланысып, без бөлікшелерін құрайды. Бөлікшелерді бір-
бірінен бөлікшелераралық борпылдақ дəнекер ұлпасы ажыратады. Жолақты
шығару өзектері бір-бірімен қосылып, ірі бөлікшелераралық шығару
өзектерін құрайды. Шығару өзектерінің арнасы үлкейген сайын, оны
астарлайтын эпителий қабатының жасушалар қабаттары да көбейе береді.
Шығару өзектері бірігіп, ауыз куысына ашылатын сілекей бездерінің негізгі
шығару
өзегін
құрайды.
Эмбриондық
кезенде
сілекей
бездерінің
паренхимасы эктодермадан, ал стромасы мезенхимаан дамиды. Құлактүбі
Достарыңызбен бөлісу: