282
қалқанша шеміршегінде аяқталады. Бұлшық еттің негізгі қызметі жүту
кезінде жұтқыншақтың артқы бөлігін кеңейтіп, аңқаны тарылтады.
Өңеш құрылысындағы ерекшеліктер. Жылқыда есту түтігінің тесігі
ұзын келеді. Ол хоана тесіктері қабырғасына жақын орналасады. Оның
медиальды қабырғасында шеміршек пластинкалары мен түтік бадамшалары
болады. Күйіс қайтаратын жануарлар хоаналары екі бүйірінен сығыңқы
келеді. Есту түтігінің жұтқыншақ тесігі онша үлкен емес. Шошқада
жұтқыншақтың өңешке өтер бөлігінің жоғарғы жағында жұтқыншақ
қалтасы (recessus retropharyngeus) болады.
Жұтқыншақтың сыртқы адвентиция қабығы борпылдақ дəнекер
ұлпасынан тұрады.
Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында жұтқыншақ бездері (gl. pharyngeae)
жəне лимфа фолликулдары орналасқан. Лимфафолликулы жұтқыншақтың
артқы жағында жұтқыншақбадамшасын (tonsilla pharyngeae) түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: