Ms access мәліметтер қорына арналған зертханалық жұмыстар Кіріспе Мәліметтер базасы



бет2/6
Дата23.08.2022
өлшемі32,24 Kb.
#38226
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
Деректер типтері:Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде енгізіледі.
Мәтіндік — текстің бір қатары (255 символға дейін)
Мемо өрісі — бірнеше қатарлардан тұратын текст, оны содан соң айналдыру жолағының көмегімен көруге болады. (65 535 символ)
Сандық — санның кез келген типі (бүтін, нақты және т.б.)
Уақыт/ күнтізбе — уақыт немесе күнтізбені қамтитын өріс
Ақшалық — ақшаның бірлігін көрсететін өріс.
Санауыш — әрбір жазбадан кейін автоматты түрде қойылып отыратын өріс.
Логикалық — ақиқат және жалған екі мәннің бірін ғана қабылдайтын логикалық операцияларда қолданылады.
OLE объектісінің өрісі — сурет, дыбыстық файлдар, Excel кестесі, Word құжаты және т.б.
Зертханалық жұмыс №1
Мәліметтер қорымен танысу.
Мақсаты: MS Access мәліметтер қорының мәнін, мәліметтер қорының алғашқы жұмыс істеу тәсілдерімен танысы. Анықтама жүйесімен жұмыс істеуді үйрету.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құрып, мәліметтерді өңдеу, қандай да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әртүрлі формалардың есеп беруді жүзеге асырады.
1. Программаны іске қосу үшін: Бастау — Программалар- MS Access (Пуск — Программы- MS Access )
2. MS Access мәліметтер қорының алғашқы жұмыс терезесі экранға шығады.
3. Бұл терезеден Новая база данных жолын таңдап аламыз.
4. Файлға ат беріп сақтап аламыз. Мысалы Автосалон деп сақтаймыз. Автосалон: база даннық сұхбат терезесі шығады. Создание таблицы в режиме конструктора командасын таңдаймыз. Таблица1 сұхбат терезесінде Жолдардың аты мен Берілгендердің типін, Жазылуын толтырамыз. Авто атымен кестені сақтаймыз.
5Кесте негізгі объектілерінің бірі. Кесте қосымшасын қосып кестені толтырамыз.
Тапсырмалар.
№1. "Қызметкер" кестесіндегі мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Аты-жөні, туған күні, жынысы, білім, шені, профсоюз мүшесі. Әр өрістің типін және өлшемін анықта.
№2. «Поциент» мәліметтер қоры мынадай өрістерден тұрады: Фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, участок номері, адрес, ауруы туралы анықтама, дәрігерге көрінген ең ақырғы күні. Әр өрістің типін және өлшемін анықта.
№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы, жауын шашын, жел.Әр өрістің типін және өлшемін анықта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет