МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ


разрядты плазма, электр тогы (өрісі) беріліп тұрғанда ғана тұрақты да, ол жоқ болса, плазма да жоқ



бет13/147
Дата06.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#15984
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   147
разрядты плазма, электр тогы (өрісі) беріліп тұрғанда ғана тұрақты да, ол жоқ болса, плазма да жоқ.

Плазманың теммпературасыбірнеше ондаған мың градусқа е-
теді. Алайда плазманы құрайтын зарядталған бөлшектердің, бірін-
шіден, ол аса сиретілген газ сияқты, концентрациясы өте аз, екін-
шіден, жылу өзін қоршаған ортаға таралып үлгермейді. Плазма-
ның келесі бір қасиеті — оның электр өткізпштігі. Плазма
температурасы жоғарылаған сайын оның электр өткізгіштігі арта-
ды. Олай болса, плазма арқылы бірнеше жүз, мың, тшті
миллиондаған амперлік ток күші бар кернеуді тасымалдауға бо-
лады. Плазма арқылы жіберілген ток плазмалық өткізгіш айнала-
сында магнит өрісін туғызады да, осы өріс ішінде электрондар
мен иондар тобын жинақтап, плазмалық бау жасайды. Бұл да
плазма ішіндегі жылуды түтік қабырғасына жеткізбейтіндіктен,
ондай түтікті шамдар шамалы ғана жылынады. Мұндай плазма-
лық баудың электромагниттік өрістегі кысылуы ондағы ток күшіне
тәуелді, яғни плазма арқылы жіберілген ток күші көбейген сайын
плазмалық баудың қысымы артады. Осы негізгі сипатты пайдала-
нып, плазманың температурасы мен қысымын бірнеше мыңдаған
рет еселей көтеруге болады. Қазіргі атомдық электр станциялары
мен термоядролық реакторлар жұмысы плазманың осы қасиетіне
негізделген.

Молекулааралық әрекет. Молекулалар арасындағы тартылыс — өте күрделі қүбылыс. Әуелі молекулалардың құрылысы, сосын полюстілігі анықталды. Сонымен полюсті молекулалар электростатистикалық тартылыс нәтижесінде өзара тартылады екен. Әрине, бұл орындалу үшін полюсті екі молекула заряды кері болуы керек. Бертін келе Н. Шилов пен Кеез бірінші болып екі молекула арасындағы әрекетті дипольдік тартылысқа негіздей келіп, түсіндіру ұсынды. Полюсті молекулалардың өзара әрекеттесу теориясын алдымен Дебай зерттеп ұсынды, ал оны Б. Ильин мен В. Тарасов өз жұмыс-тарында онан әрі дамытты. Молекулалардың өзара қарама-карсы бағытталуы молекулалардың өзара тартылуына және тұракты бо-луына септеседі. Мұндайда молекулалардың арасындағы тебіліс-тен гері тартылу құбылысы басымдау. Дипольдік екі молекула арасындағы әрекет энергиясы олардын, дипольдік моменттері кө-бейтіндісіне тура





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет