Мухамедин М. М. Әлеуметтік



бет9/27
Дата16.06.2022
өлшемі138,78 Kb.
#36951
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ақпарат дегеніміз не?

  2. Басқару үрдісінде ақпараттың алатын орны қандай?

  3. Ақпараттың қандай түрлері бар?

  4. Ақпараттар қандай белгілері бойынша жіктеледі?



4 тақырып. Басқару шешімдерін дайындау және шығару технологиясы
Лекция 7
1.Іс - әрекетті ұйымдастыруда шешімдердің атқаратын қызметі.
2.Басқару шешіміне қойылар талап.

Лекция 8
1.Басқару шешімдерінің жіктелуі.


2.Басқару шешімдерін таңдау.

1.Шешім қабылдау - барынша зерттелген тақырыптардың бірі. Басқару және менеджмент бойынша еңбектердің авторларының барлығы осы ауқымды ұғымға қандай да бір аспектілерде сипаттама береді. Біреулері оны қызмет ретінде, екіншілері – байланыстырушы үрдіс, үшіншілері – басқару қызметнің феномені ретінде қарастырады.


Басқару шешімі - бұл шешім қабылдаушы адамның көзқарасы тұрғысынан бірнеше баламалар арасында таңдау жасау жағдаяты. Өмірде тек басқару шешімдері ғана болмайды.
Шешім - бұл балаламаларды таңдау.
Шешім қабылдау - мәдениет мекемесінің бүкіл басқару қызметінің негізі. Мұны тіпті, басқарушы шығармашылығының шыңы деуге болады. Шешім қабылдау қажеттілігі басқару үрдісінің барлық кезеңдерінде пайда болады, басқару іс-әрекетінің барлық бөлімшелері мен аспектілерімен байланысты және оның квинтэссенциясы болып табылады. Сондықтан шешімнің мәні мен табиғатын түсіну маңызды.
«Шешім» ұғымы ғылыми әдебиетте де, практикалық қызметте де әр түрлі түсіндіріледі. Сондықтан жалпы сипаттама беруге тырысып көреміз. Әдетте, қандай да қызметте әрекеттің бірнеше нұсқаларының ішінен біреуін ғана таңдауға тиіс болатын жағдаймен бетпе-бет келміз. Осы таңдаудың нәтижесі шешім болып табылады.
Мәдениет мекемесінің әрбір субъектісіне күн сайын бірнеше рет бір нәрсені таңдауға тура келеді, осылайша өз тәжірибесінде шешім қабылдау қабілеті мен дағдыларын игереді. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады: қолда бар гардеробтан киім таңдау, ұсынылған мәзірден тамақ таңдау.
Индивидтіңкез-келген қылығы немесе ұжымның кез-келген әрекеті шешім қабылдауға апарады. Шешім жекелеген тұлғаның да,әлеуметтік топтардың да іс-әрекетінің әмбебап формасы болып табылады. Бұл әмбебаптық адам іс-әрекетінің саналы және мақсатқа бағытталған сипатымен түсіндіріледі. Дегенмен, шешімнің әмбебаптығына қарамастан, оларды ұйымдастыру басқару үрдісінде қабылдау жеке өмірде қабылданған шешімдерден ерекшеленеді.
2. Басқару шешімінің әдіснамасы басқару мақсатын тұжырымдауды, шешімді шығару әдістерін таңдауды, нұсқаларды бағалау көрсеткіштерін, шешімді дайындау операциясын орындаудың қисынды сызбасын құруды қамтитын басқару шешімін дайындау бойынша іс-әрекетті қисынды ұйымдастыруды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет