Мухамедин М. М. Әлеуметтік



бет8/27
Дата16.06.2022
өлшемі138,78 Kb.
#36951
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
3. Жалпы ақпараттар түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
Ұйымдастыру тұрғысынан алып қарағанда, ақпарат: жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген немесе жүйеленген және жүйеленбеген (ықтимал) болып бөлінеді.
Жүйеге келтірілген ақпарат – көрсеткіштердің құралы, хабардың адрестері, дүркінділігі мен мерзімдерді ұсынылу қалыптары (бірыңғайланған қалпында құжаттандырылатын) бойынша адамға күні бұрын белгіленген мазмұн мен тәртіп бойынша және келісілген мерзім мен айтылған уақытта түсіп тұрады.
Жүйеленген ақпараттарға жататындар: бекітілген статистикалық есеп, өндіріс жұмыстарының барысы, ресурстардың жұмсалуы, т.б. туралы күнделікті (оперативті) ақпарат.
Жүйеге келтірілмеген ақпарат сипаттамалары бойынша толықтай немесе ішінара тәртіптелмеген болады. Бұл, әдетте ауық-ауық түрде түсетін ақпарат. Мысалы, төтенше оқиғалар жөніндегі ақпарат.
Басқару үрдісіндегі ақпараттар – құжатталынған және құжатталынбаған ақпараттар деп екіге бөлінеді.
Құжатталынған ақпараттар: есептер, анықтамалар, мәжіліс хаттамалары, баяндау жазбалары, хаттар, қаулылар, жоспарлау, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б. түрінде болады. Құжатталынбаған ақпарат-бұл көбіне телефон арқылы, әңгімелесуде, кеңесте т.б. ауызша түрде берілген ақпарат. Бұл бөлу ақпаратты жүйеге келтірілген және келтірілмеген түрлеріне бөлумен байланысты, бірақ онымен бірдей емес. Жүйеге келтірілген ақпараттардың барлығы да құжатталынады, ал жүйеге келтірілмеген ақпарат ішінара ғана құжатталынады.
4.Белгілі бір басқару органына қатысы бойынша ақпарат сыртқы және ішкі болып бөлінеді, ал сыртқы, өз кезегінде келіп түсетін (кіруші) және шығатын (шығушы) ақпаратқа бөлінеді.
Ұйғарым, талап сипатындағы шешім қабылдау үшін пайдаланылатын ақпаратты (прескриптивті ақпарат) және жүйенің жағдайын хабардар ететін (дискриптивті) ақпаратты бөліп қарастыруға болады.
Басқарудың тиімділігі белгілі бір деңгейде ақпараттың көлемі мен сапасына байланысты.
Мәдени – тынығу мекемелерін басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету жөнінде айтқанда, басқаруды жүзеге асыру кезінде қабылданған кез - келген шешім түрі тек сенімді, кешенді, оперативті ақпарат негізінде ғана мүмкін болатынын айтып өту керек. Мұндай ақпараттың мәдениеттің дамуына ықпалы нақты әлеуметтік қажеттіліктерден туындап, шығармашылық қызметтің дамуына оңтайлы жағдайларды жасауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Ақпаратпен жұмыс жасау тиімділігін төмендететін көптеген түрлі себептердің ішінде екі себептер тобын бөліп қарастыруға болады. Бірінші топтағы себептер объективті сипатқа ие. Олар ақпараттық үрдістерді ұйымдастыруға, ақпаратты жинақтау, өңдеу, беру жүйесіне салынған. Себептердің екінші тобы – ақпаратты объективті бағалауға кедергі келтіретін психологиялық кедергілер. Кейбір басшылар оқиғаларды ең алдымен, өздерінде бұған дейін осы жағдайға байланысты қалыптасқан көзқарастар негізінде бағалайды. Өздерінде қалыптасқан схемаға қайшы келетін фактілер ерекше белгісі жоқ, типті емес, ашу келтіретін, ұнатпаушылық тудыратын фактілер ретінде лақтырылып тасталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет