150
замат бірлән болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты.
Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә аттас сипатымызды ол Алла тағаланың
сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпенен біздің атымыз муслим
бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттары
бірлән ағламланған фиғыл құдаға фиғлымызды ертпек неменен табылады, қалай-
ша табылады, оны білмек керек. Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж
емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлән тағрифлап
танымаққа керек. Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ, бізге мағрифатулла
қиын болады. Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел
білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмайды.
...Құдай табарака уатағала кітаптарда сегіз субутия сипаттары бірлән, уә тоқсан
тоғыз Әсмаи хұсналар бірлән білдірген. Бұлардың һәммасы Алла тағаланың затия
субутия уә фиғлия сипаттары дүр. Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның
екеуі – ғылым, құдірет. Сегіз сипаттан қалған алтауы – бұларға шарх. Ол алтауы-
ның бірі – хаят. Яғни тірлік. ...Бірі – тәкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз»
(Абай, Шығ.).
Құжыра ةرجح – бөлме. Кеңес үкіметі заманында Орта Азия мемлекеттерінде
діни тәлім алу үшін ашылған жасырын медреселер. Ол медреселер үйдің бір бөл-
месінде не жертөледе болғандықтан, «құжыра» аталып кеткен.
«Бұл құжыралар о баста шәкірттерге, соңынан сопыларға мекен болған.
Құжыра дегеніміз әйнексіз, пешсіз бір қараңғы қуыс қой» (Ж.Аймауытов, Шығар-
малары).
«Ораза уақыты болғандықтан, құжыраның көбі, ішкі үйлердің бірқатары кілт-
теулі екен» (Х.Досмұхамедұлы, Таң. шығ.).
«Түстен кейін «Баланд» медресесін аралады. Толып жатқан құжыралар, ас-
панмен таласқан мұнаралар мен айуанханалар, әсіресе, күнмен шағылысқан күм-
бездер шабытын қозғады» (А.Тоқмағамбетов, Жыр күмбезі).
«Бұрынғы Шайхантаур медресесінің шәкірттері жататын құжыралар қазір
осылардың мекен жайы» (К.Сейдеханов, Түркістан түлегі).
Достарыңызбен бөлісу: