Мухитдинов на печать indd


Төрт құбыласы түгел [тегіс]



Pdf көрінісі
бет111/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   200
Төрт құбыласы түгел [тегіс]. Дүние-мүлік те, абырой-атақ та бар, бәрімен 
қамтамасыз етілген; бақытты.
«Бауырым, құдай жеткізеді. Шәрбануды босатып алдық. Міне, сен де аман 
келдің? Енді біздің, төрт құбыламыз түгел» (Ж.Аймауытов, Шығармалары). 
«Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп, 
Туған жер, мен сен салған құс түлетіп, 
Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа 
Тұрғаны өз топырағыңнан ыстық өтіп» 
(Т.Айбергенов, Мен саған ғашық едім). 
«Желпінетін, Серпілетін ой бар ма?! 
Құрбы-құрдас табылады ойнарға. 
Төрт құбылам тегіс жандай 
Мен өзім 
Көп күлемін, 
Көп күлемін тойларда» (Қ.Мырзалиев, Қорамсақ).
Құбылағат. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын адам.
«Артыма назар салмастан 
Құбылағат ата-анамды 
Кім бағады өзімдей» (Батырлар жыры).
Құбылағой. Құбылағат. 
«Артыма назар салмастан, 
Құбылағой ата-анамды 
Кім бағады өзімдей?» (Қамбар батыр).


149
Құдай – бүкіл жаратылыстың Иесі, Рабб. 
«Құдайдың бұйырғанын махкам тұтсаң, 
Пайғамбар шапағатынан құр қалмайсың» (Бабалар сөзі). 
«Құдай бұйырса, осы бір бес-алтылы күн ішінде қамданыңдар да, сапар ше-
гіңдер» (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
Құдая. О, Құдай. Құдайға жалбарыну кезінде айтылатын қаратпа сөз. 
«– Құдая, жарлық сенде не қылсақ та, 
Бәлеңнен, рақмет беріп, Өзің сақта» (Батырлар жыры).
Құддыс. سيدق Әулиелі, қасиетті жер (Иерусалим).
«Құддыстың етегіне салсаң назар, 
Дураған, үнсіз, жансыз шөл дала бар. 
Алланың фәрманымен өрт шалғандай 
Сарғайған сәні кетіп, қашқан ажар» (М.Дулатов, Шығармалары).
«Құддыста жан-жануар бәрі келді, 
Әнбия Мұрсаллардың жаны келді. 
Бұл не түн, қыдыр түн бе, бірайт па, 
Саруары екі дүние ханы келді» (Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Шығ.). 
«Бұрын мұсылмандардың Меккеге тауап қылғанындай немесе бар христи-
ан әлемінің Иерусалимге (Құддысқа) құдайы жол тартқанындай, Бенареске бар-
лық Индияның діндар жандары әулие қала санап тауап қылып келеді» (М.Әуезов, 
Шығармалары).
Құдірет – теңдессіз күш-қуат. Ақида саласында Аллаһ тағаланың есім-сипат-
тарын қамтыған тақырыптарда кездеседі. 
«Ислам ақидасы бойынша, Аллаһ тағаланың күш-құдіреті кез келген нәрсеге 
жетеді және Оны әлсірете алатын нәрсе жоқ. Аллаһтың құдірет сипаты Оның шексіз 
күш пен құдірет иесі екендігін білдіреді. Аллаһ тағаланың күш-құдіреті жетпейтін 
ештеңе жоқ. Ол кез келген нәрсені құдіретімен іске асырады немесе жоқ етеді» 
(С.Сейтбеков, Иман негіздері). 
«Алла тағаланың сифат субутия деген жеті сипаты. Әуел – хаят яғни тірі-
ді, біздің ақылымыз жетпейтін тірлікпен алим болушы-ды, құдірет күш иесі-ді, 
жоқтан бар етуге һәм бардан жоқ етуге күші жетуші, самғ естуші-ді, бізге рәуішті 
құлақпен емес, басар көруші-ді, бізге рәуішті көзбен емес, ирадат тілеуші, яғни 
әуелде өзі тағдыр еткен нәрсесін тілеген уақытында дүниеге шығарушы, такуин 
жоқтан бар етуші-ді, кәләм сөйлеуші-ді, біздің ақылымыз жетпейтін сипатпен, бірақ 
бұл сөйлеу бізге рәуішті тілмен, әріппен, дауыспенен емес» (А.Мұқашева, Ыбырай 
Алтынсарин, Өмірі мен шығармалары). 
Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде Аллаһ тағаланың есім-сипаттарына қа-
тысты көптеген термин келген. «Алла тағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, 
Басар, Сәмиғ, Ирада, Кәлам, Тәкуин. Бұл сегізінен Алла тағаладағыдай кәмәлат-ға-


150
замат бірлән болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты. 
Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә аттас сипатымызды ол Алла тағаланың 
сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпенен біздің атымыз муслим 
бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттары 
бірлән ағламланған фиғыл құдаға фиғлымызды ертпек неменен табылады, қалай-
ша табылады, оны білмек керек. Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж 
емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлән тағрифлап 
танымаққа керек. Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ, бізге мағрифатулла 
қиын болады. Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел 
білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмайды. 
...Құдай табарака уатағала кітаптарда сегіз субутия сипаттары бірлән, уә тоқсан 
тоғыз Әсмаи хұсналар бірлән білдірген. Бұлардың һәммасы Алла тағаланың затия 
субутия уә фиғлия сипаттары дүр. Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның 
екеуі – ғылым, құдірет. Сегіз сипаттан қалған алтауы – бұларға шарх. Ол алтауы-
ның бірі – хаят. Яғни тірлік. ...Бірі – тәкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз» 
(Абай, Шығ.).
Құжыра ةرجح – бөлме. Кеңес үкіметі заманында Орта Азия мемлекеттерінде 
діни тәлім алу үшін ашылған жасырын медреселер. Ол медреселер үйдің бір бөл-
месінде не жертөледе болғандықтан, «құжыра» аталып кеткен.
«Бұл құжыралар о баста шәкірттерге, соңынан сопыларға мекен болған. 
Құжыра дегеніміз әйнексіз, пешсіз бір қараңғы қуыс қой» (Ж.Аймауытов, Шығар-
малары). 
«Ораза уақыты болғандықтан, құжыраның көбі, ішкі үйлердің бірқатары кілт-
теулі екен» (Х.Досмұхамедұлы, Таң. шығ.). 
«Түстен кейін «Баланд» медресесін аралады. Толып жатқан құжыралар, ас-
панмен таласқан мұнаралар мен айуанханалар, әсіресе, күнмен шағылысқан күм-
бездер шабытын қозғады» (А.Тоқмағамбетов, Жыр күмбезі). 
«Бұрынғы Шайхантаур медресесінің шәкірттері жататын құжыралар қазір 
осылардың мекен жайы» (К.Сейдеханов, Түркістан түлегі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет