Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет71/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Е
Еждаһат. Еждиһат. Іждаһат. Діни термин ретінде белгілі бір ғылыми деңгей-
ге жету үшін қойылатын талаптар жиынтығы. Қазақ тілінде діни терминдік мағы-
насымен бірге, тілдік те мағынада жиі қолданылады. Қара: ижтиһад. 
«Шоқанның күзден бергі оқуға деген еждаһатына Әбубәкірдің өзі де іштей 
таңданатын» (С.Бегалин, Шоқан асу.).
«Адамға сөз табылар қалам алса,
Ежтиһад терең оймен миға салса.
Не мағына жалғыз өзі білуінде,
Жүйріктей топқа түсіп сыналмаса» (Қаз. әдеб. хрестом.).
«Ежтиһадсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе, 
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы» (Абай, Тол. жин.).
Еже. Ежелеп оқу. Түбі араб тіліндегі сөзінен алынған. Ол қазақ тілінде Құран 
әліпбиін «әлиф үсті фатха «ә», айн үсті дамма «ъу» зәл үсті дамма «зу» сонда бар-
лығы «әъузу» деп әріптепоқуға қолданылған. Бұл тәсіл Орта Азия мен Қазақстан-
ның ескі медреселерінде Құран оқудың алашқы деңгейінде қолданылған әдіс бола-
тын. Қазіргі уақытта ол әдіспен оқытатын мекемелер жоқ. «Ежелеу» сөзі кейіннен 
барлық мәтіндерді әріптеп оқуға қолданылып кеткен. 
«- Шыдай тұр балам, – деді ақырындап әкесі. Екі-үш жылда әліптің ежесін 
аяқтап, сүресіне түссең, қара танып қаласың. Сосын әптиек, Құран. Одан арғысын 
көре жатармыз» (З.Ақышев, Бәрі де есте).
«Оқуда мен әптиек ежесін танып, сүресіне түстім» (С.Бегалин, Мектеп.).
Екі дүние. «Екі дүние» тіркесі діни мағынада «бұ дүние мен ақырет» дегенді 
білдіреді. Діни сенім бойынша, адамдар бұл дүниеге сынақ үшін келген, ал шынайы 
өмір о дүниеде. 
«Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы. 
Екі дүние бұл тасдих – хақтың досы. 
Осыларды бұзатын және үш іс бар: 
Пайда мақтан, әуесқой – онан шошы» (Абай, Тол. жин.).
Екіжүзді. Тілімен, сыртқы бейнесімен мұсылман болып көрінгенімен, жүре-
гімен иман келтірмеген адам. Дінде «екіжүзділік» күпірліктен де жаман, күнәсі 
ауыр саналады. Ислам дінінде алашқы екіжүзділер Мұхаммед пайғамбардың тұ-
сында Мәдина қаласында пайда бола бастаған. Құран кәрімде екіжүзділерге қаты-
сты арнайы сүре түскен. Қара: мунафиқ.


102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет