Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет76/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Жамғ әт-тағдим. ميدقتلا عمج Ілгері қосу. Бұл термин Ислам шариғатының «На-
маз» тарауында қолданылатын термин. Ол бесін және екінді намаздарын және ақ-
шам мен құптан намаздарын сапарда алғашқы намаздың уақытында қосып оқу де-
генді білдіреді. Бұл үкімді ханафилерден басқа мазһабтағылар ұстанады. 
Жамғ әт-тахир. ريخأتلا عمج Кейін қосу. Бұл термин Ислам шариғатының «На-
маз» тарауына қолданылатын термин. Ол бесін және екінді намаздарын және ақ-
шам мен құптан намаздарын сапарда екінші намаздың уақытында қосып оқу деген-
ді білдіреді. Бұл үкімді ханафилерден басқа мазһабтағылар ұстанады. 
Жамиғ (жауамиғ) عماجلا – жинаушы, жинақ. Бұл – Ислам дінінің ақида, фиқһ, 
сира сияқты барлық салаларын қамтыған хадис жинағы. Мысалы: Имам әл-Бұхари-
дің «حيحصلا عماجلا» (әл-Жамиғ әс-сахих) кітабы.
Жамиғ мешіт. Жәми мешіт. عماجلا – жұма намазы оқылатын үлкен мешіт. 
Ислам дінінде мешіттер жұма намазы оқылуға рұқсат етілген «жамиғ» немесе 
«жәми» мешіт және жұма намазы оқылуға рұқсат етілмеген мешіт болып екіге бөлі-
неді.
Әл-Жамиғ әс-Сахих حيحصلا عماجلا – Сахих хадистер жинағы. Бұл атау имам 
әл-Бұхари мен имам Муслимнің «Сахих» жинақтарында қолданылады.
Жамиғат. Жамағат. 
«Қолыма қалам алдым хат жазғалы, 
Бірқатар заман болды халық азғалы. 
Жамиғат, құлақ салып тыңдасаңыз, 
Ғажайып бір хикаят сөз қозғалы» (Батырлар жыры).
Жан. Аллаһтың нұрынан пайда болып оның ғана әмірімен адамның тәніне 
тіршілік бітіретін рух. Ислам дінінде жан, рух туралы көп информация болмаған-
дықтан және Құранда «рухтың» мәнін түсінуге біздің біліміміздің жетпейтіндігі 
ескертілгендіктен, ол туралы көп болжамдар жасалмайды.
Діни дүниетанымда адамдарға жан беруші және оны алушы – Құдай (ҚҰЭ).
Жаназа ةزانج – өлген адамды ақтық сапарға шығарып салу рәсімдері. Бұл сөз 
көбіне мәйітке жаназа намазын оқуға қолданылады. 
«Науқастардың Әзірейіл жанын алды, 
Бір күн өлді екеуі жалғыз қалды. 
Жылай, еңірей бейшара жолдастарын, 
Жаназа оқып, еңіреп көміп салды» (Қисса-дастандар).
Жаназа намазы ةزانجلا ةلاص – қайтыс болған мұсылманға жамағатпен оқыла-
тын парыз кифая намаз.


108
Жаназа намазын бір топ мұсылман оқыса да, тіпті бір адам оқыса да жет-
кілікті. Яғни жаназа намазының үкімі – парыз кифая. Жаназа намазын көбінесе ер 
кісілер оқиды, ал ер кісілер болмаған жағдайда әйелдің оқуына рұқсат беріледі. 
Сол сияқты өлікті жуу, кебіндеу және көмудің де үкімі – парыз кифая. Жаназа және 
айт намаздарына дәрет алсам, үлгермей қаламын деген қорқыныш басым болған 
жағдайда, тәяммум соғып, осы намаздарды оқуға болады. Себебі бұл намаздардың 
қазасы өтелмейді. Ал бұл үкім басқа намаздарда қолданылмайды. Жаназа нама-
зының дұрыс болуының шарттары басқа намаздардың шарттарымен бірдей және 
сол шарттарға мына шарттар қосылады: 1) Қайтыс болған адамның мұсылман бо-
луы; 2) Мәйіттің таза болуы; 3) Кебінделуі; 4) Ханафи мен мәлики мазһабтарында 
мәйіттің бар болуы шарт, жоқ мәйітке немесе басқа жерде қайтыс болған адамның 
сыртынан жаназа намазын оқымайды; 5) Ниет ету; 6) Мәйіттің жаназа намазын 
оқитындардың алдында тұруы (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет