Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет20/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


49 
2 БОЛАШАҚ 
 
АҒЫЛШЫН 
ТІЛІ 
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ 
КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
2.1 
Коммуникативтік мәдениет теориясы - ағылшын тілі 
мұғалімінің кәсіби педагогикалық даярлығының мазмұндық құраушысы 
Педагог кадрларды даярлау мәселесі Қазақстан Республикасында білім 
беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 
ерекше орын алады. Педагог мамандығының беделін және олардың сапалық 
құрамын арттыру оның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады [125].
Бүгінгі таңда тез өзгеретін және қарқынды дамып келе жатқан қоғам 
жағдайында мектеп бітіргеннен кейін 11 жыл бойы оқушыларда жинақталған 
білім жүгі қандай да бір дәрежеде ескіреді, өзінің өзектілігін жоғалтады және 
олардың одан әрі дамуына қайшы келеді. Қазіргі таңда оқушының білім көлемі 
ғана емес, оның қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу, оны талдау, практикалық 
міндеттерді шешуде өз білімдерін пайдалану, сыни ойлау, шығармашылық 
таныту, ұжымда жұмыс істеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, заманауи 
ақпараттық технологиялар мен т.б. қолдану дағдылары ерекше құнды. Бұл 
дағдылар үш санатқа бөлінген: базалық дағдылар (күнделікті міндеттерді шешу 
үшін), құзыреттер (неғұрлым күрделі міндеттерді шешу үшін) және мінез-
құлық сипаты (қоршаған ортаның өзгерістерін шешуге көмектеседі) (3-сурет). 
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оқушылардың XXI ғасырдың дағдыларын 
игеруі заманауи еңбек нарығында табысты тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді 
[126]. 
Сурет 3 - ХХІ білімгерінің дағдылары 
Кәсіби даярлық барысында маман міндеттер шеңберіне сәйкес не білуі 
керек, бұл білімді өзінің кәсіби қызметінде қалай қолдана алады, білім мен 


50 
біліктіліктің ең жоғары нәтиже беруі үшін тұлғаның қандай қасиеттеріне ие 
болу керек екенін анықтаумен байланысты міндеттер шешіледі.
Өз кезегінде, оқушылардың XXI ғасырдың жоғарыда көрсетілген 
дағдыларын қалыптастыру мен дамыту мұғалімнің, оның ішінде ағылшын тілі 
пәнінің мұғаліміне де тікелей қатысты. Осылайша, болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдерін кәсіби даярлауда осы жағдайларды ескеру және оны болашақ 
мұғалімдерді оқыту жағына оқушылардың белгіленген дағдыларын 
қалыптастыруға ықпал ететін болашақ кәсіби қызметте әдістер мен құралдарды 
қолдануға бағыттау қажет.
Адам қызметінің барлық салаларында ақпараттың рөлін күшейту, оның 
көлемін арттыру және ақпаратты үнемі жаңарту, қоғамды жылдам 
ақпараттандыру, АКТ құралдарының білім беру процесіне ену серпіні, жаңа 
білім беру стандарттарының, бағдарламалардың пайда болуы, мемлекет пен 
қоғам мұғалімдерге қоятын қазіргі заманғы талаптар, информатика рөлінің 
ғылым ретінде және оқу пәні ретінде өзгеруі болашақ мұғалімінің кәсіби 
даярлығын қайта қарау және жетілдіру қажеттілігін негіздейді, әлемдік 
тәжірибеде қоғамның дамуына орта мектеп мұғалімінің үлесі шешуші рөл 
атқарады [127].
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттырудың маңызы 
зор. Бұл әлемнің тез өзгеретін бейнесіне, жаппай жаһандануға және білім беруді 
жылдам ақпараттандыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге, мемлекет пен 
қазіргі қоғамның мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарына негізделеді. 
Педагогикада «кәсіби дайындық» ұғымы оқытудың барлық жылы бойы білім 
алушының өмір сүруін жан-жақты мақсатты ұйымдастыру ретінде 
түсіндіріледі, оның кәсіби дайындығын бағдарламалық қамтамасыз етеді. 
Қазіргі таңда бұл кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктің белгілі бір деңгейін 
меңгеруді болжайтын тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі дамыту 
процесі [128].
Жоғары білім берудегі оқыту мазмұны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет