Реферат жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Мамандық бойынша тәжірибелік білімдерді бекіту мен кеңейту және оларды белгілі бір ғылыми мәселелерді шешуде пайдалану.
Өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Ғылыми – зерттеу жұмысының біліктері мен дағдыларын жетілдіру, зерттеу жұмысының тәртібін меңгеру.
Түпнұсқалық материалдарға мини талдау жасап, деректерді өңдеу білігін дамыту.
Ғылыми зертеудің көкейтесті мәселелерін шешуде жаңашылдық тануға бейімділікті дамытып, жетілдіру.
1. Реферат жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптары
Тақырыбы мамандық профиліне сәйкес және міндеттері орындауды қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмыстың тақырыбы нақтылы және актуальді, тәрбиелік мәні және ғылымның техниканың, экономиканың және мәдениеттің қазіргі дамуы мен болашағана сәкес болуы қажет.
Студент берілген тақырыптардың біреуін өз еркімен таңдауға құқылы. Студент өзінің мақсатқа лайықты, дәлелді тақырыбын зерттеуін ұсынып реферат тақырыбын таңдай алады.
Жұмыстың шығармашылық түпкі ойын қысқа тезистік түрде ашуы тиіс, пайдаланылған зерттеу әдістерінің дәлелділігі, қажетінше, иллюстрациялар (көрнекіліктер), графиктер, сызба – нұсқалармен болуы қажет.
2. Реферат жұмысын орындауға қойылатын жалпы әдістемелік талаптар мен нұсқаулар.
Студенттің реферат жұмысы оның филология саласы үшін көкейтесті мәселе бойынша оқытушының басшылығымен жасаған дербес жұмысының нәтижесі болып саналады.
Жұмыста зерттеу тақырыбын таңдаудың негіздемесі, қойылған міндеттің көкейтестілігі мен жаңалығы, зерттеу әдістерін таңдаудың негіздемесі, бұрыннан шыққан әдебиетке шолу, олардың талдауы мен талқылануы болу керек.
Реферат жұмыст мазмұнында талданған тақарып бойынша ғылыми әдебиеттің сыни талдауы мен автордың нақты деректерді өзбетінше бақылауы көрініс табады. Студент қарастырылатын жұмысқа қатысты білімдерді еркін пайдаланып, сипатталынатын жәйттердің өзара байланысын саналы түсініп, деректі материалды жіктеп, топтастырып, жалпы тұжырымдар мен қортындылар жасауы тиіс; лингвистика және әдебиеттану зерттеулерінің әдістерін пайдалану, ғылыми тілдің стилін меңгеруі, ғылыми жұмыстың Мемлекеттік стандарт талаптарын білетіндігін көрсетуі керек. Жұмыс 20-25 баспа жазу көлемінде болады. Реферат жұмыс қазақ тілінде қорғалынынады.
Реферат жұмыс студенттік немесе жас ғалымдар конференцияларында, басқадай да көпшілік талқысында, солардың қатарында мамандандырушы кафедра ұйымдастырған қорғау арқылы сынақтан өткізілгеннен кейін, кафедраның қорғауға жіберуге болады деген ұсынысына ие болуы тиіс.
Реферат жұмысты орындаудың міндеті - өзбетінше іылыим - зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Студенттер бастапқы көздермен жұмыс жасаудың жалпы ережелерімен алдын ала танысып, тарихи көздерді тарихи танымның қазіргі заманғы методологиясы негізінде талдай алу керек.
Студенттер реферат жұмыстың зертеу тақырыбы бойынша жазылған еңбектерді сыни көзбен оқып шығып, өз жұмысында тақырыптың зерттелу тарихын (тарихнамалық шолу) жасауға тиісті. Бастапқы материалдарды жинақтап, тақырыптық әдебиетті талдап алғаннан кейін, студент жоспардың соңғы вариантын жасап, реферат жұмысты жасауға кіріседі.
Реферат жұмыстың тараулары, негізгі бөлімі алға қойылған мақсатқа сәйкес тақырыпты ашуға арналуы керек.
Кіріспеде:
тақырыптың маңызы (көкейтестілігі) көрсетіледі;
мәселенің зерттелу тарихы (тарихнамасы) беріледі;
алынған мәселенің хронологиялық және жағрапиялық шеңбері көрсетіледі;
реферат жұмыстың бастапқы көздері сипатталынады, практикалық (тәжірибелік) маңызы анықталады.
Ең соңында аталған мәселе бойынша негізгі қорытындылары жасалынады және пайдаланған әдебиеттің тізімі беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |