Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет36/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Мәдени антропология-өте кең ауқымды іргелі ғылым. Ол адамзаттың 
мәдени дамуының жалпы проблемаларын зерттейді. Онда өзге гуманитарлық 
ғылымдардың барлық білімі топтастырылған. Мәдени антропология - адамды 
адам ететін және оны өзге тіршілік иелерінен ерекшелеп тұратын және мәдени 
тұрғыдан қалыптасуының бірыңғай процесін зерттейді. 
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
Жоғары 
Орта 
Төмен 
17%
35%
58%
15%
33.30%
51.70%
Эксп.тобы (96)
Бақ.тобы (92)


99 
Лингвомәдениеттану тіл жөніндегі ғылымның бір саласы, тікелей 
мәдениетті зерттеуге қатысы бар сала ретінде соңғы кезде өте кең ауқыммен 
таралуда. В.В.Воробьевтің сөзіне сүйенсек, бүгін лингвомәдениеттану-жаңа 
филологиялық пән ретінде танылды. Ол белгілі бір деңгейде бөлініп қалған 
немесе уйымдасқан түрде жинақталған мәдени құндылықтарды, сөйлеудің 
туындауы мен оны қабылдаудағы табиғи коммуникативті процестерді, тілдік 
тұлғаның тәжірибесі мен ұлттық менталитетті зерттейді, «әлемнің тілдік 
бейнесін» жүйелі сипаттайды және оқытудың білім беру, тәрбие әрі 
интеллектуалдық міндеттерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, лингвомәдениет –тану 
- типті синтездеуші, мәдениет пен тілдің қызметіндегі өзара байланысы мен 
өзара іс әрекетін зерттейтін кешенді ғылыми пән. Бұл үдеріс тілдік және тілден 
тыс (мәдени) бірліктердіц біртұтас құрылымдық мазмұнын қазіргі 
басымдықтарға және мәдени қондырғыға бағытталған (нормалар мен қоғамдық 
құндылықтар) жүйелі әдістер көмегімен айқындайды. 
Шет тілін оқытуға арналған әрбір сабақ - мәдениеттер тоғысы
мәдениетаралық коммуникация тәжірибесі. Өйткені шет тіліндегі әрбір лексема 
шетел әлемін бейнелейді және шетел мәдениетін танытады: әрбір сөздің 
лексикалық мағынасы ұлттық санада қалыптасқан (егерде шетелдік сөзі 
қолданылған болса) ұғым-түсінікті бейнелейді. 
Әлеуметтік лингвистика - тіл білімінің бір саласы ретінде тілдік 
құбылыстар 
мен 
тілдік 
бірліктердің, 
әлеуметтік 
факторлар 
және 
ықпалдастығын зерттейді. Біріншіден, тілдік коммуникация шарттарымен 
(мезгіл, мекен, мақсат, тілдесушілер), екіншіден, тілдік ұжымның салт-
дәстүрлері, ырым-жоралғылары сынды мәдени факторларымен, қоғамдық 
өмірімен байланысты қарастырады.
Лингвоелтану - әлеуметтік лингвистиканың дидактикалық баламасы, шет 
тілдерін оқытуда ана тілі өкілінің (сөйлерменінің) қоғамдық және мәдени 
өмірінің жинақтық формасымен байланыста алып қарастырады. 
«Меңгеретін тіл әлемі» пән ретінде шет тілін оқыту мәселесімен тығыз 
байланысты, яғни шет тілі жүйесіндегі тілдік құрылымдар мен тілдік 
бірліктердің негізінде жатқан әлеуметтік-мәдени фактілерді зерттеуге 
бағытталған. Басқаша айтқанда, «Меңгеретін тіл әлемі» атты пәннің ғылыми 
негіздемесінде әлемнің тілдік бейнесінде көрініс табатын қоғамның әлеуметтік-
мәдени бейнесі жатыр. 
Талдауға алынған құжаттардың бірі бекітілген және басшылыққа 
алынғаны жоғары кәсіби білім стандарттары болды. 
5В011900-шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім мазмұнын 
анықтаушы құжаттың бірі – типтік, жұмыс, жеке оқу жоспарлары. Болашақ 
ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін жүзеге асыру оқу 
жоспарында қарастырылған.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамытуда 5В011900-шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша негізгі оқу 
жоспарларын, оқу пәндері бағдарламаларының (типтік, оқу) мазмұнын зерделеу 
жүзеге асырылды. Анықтау эксперименті нәтижесі болашақ ағылшын тілі 


100 
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту әдістемесін жетілдіру 
қажеттілігін көрсетті. 
Қазіргі уақытта әдістеме өзінің заңдылықтары мен зерттеу әдістеріне ие 
педагогикалық ғылым болып табылады. Әр түрлі ғылым ретінде әдістеме 
теориялық (а) және қолданбалы (б) аспектілерден тұрады. 
а) теориялық бөлім теориялық негіздерді зерттейді, яғни оқыту 
мақсаттарын, мазмұнын, негізгі принциптерін әзірлеумен және ғылыми 
негіздеумен айналысады. Әдістеме сондай-ақ қойылған мақсаттар мен 
оқытудың нақты жағдайларын ескере отырып, оқытудың ең тиімді әдістерін, 
тәсілдері мен нысандарын ғылыми және бар Теориялық талдауды жүзеге
асырады; 
б) Әдістеменің қолданбалы немесе практикалық бөлімі әдістемелік 
мәселелерді мұғалімнің «оқытушылық іс-әрекеті» тұрғысынан қарастырады. 
Әдістеме тікелей оқыту түсінігімен байланысты. 
Оқыту – қайталаулардың немесе тәжірибенің нәтижесінде адамның мінез-
құлқы мен жүріс-тұрыс ерекшелігінде орын алатын, ұзақ уақытқа созылатын 
өзгеріс. 
Ал, әдістеме оқытудың мақсаты мен мазмұнын, әдістерін, формаларын, 
құралдарын сондай-ақ мақсатты оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 
нысандарын зерттейтін ғылым ретінде айқындалады (сурет 9). 
Сурет 9 – Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамыту әдістемесінің құрылымы 
Жалпы ұғымда «мақсат» аясында педагогикалық жұмыстың нәтижелерін 
идеалды алдын-ала болжау қарастырылады. Оқыту мақсаты - білім беру-тәрбие 
процесі субъектілерінің өзара іс-қимыл нәтижелері туралы түсініктердің 
жиынтығын білдіреді. Олар осы қызметтің сипатын, нысандарын, 
Коммуникативтік мәдениетті 
дамыту мазмұнын анықтау 
Оқыту әдістерін іріктеу 
Оқыту мақсаты: болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің 
коммуниикативтік мәдениетін дамыту 
Оқытушы 
іс-әрекеті- 
Студент 
іс-әрекеті 
Оқытуды ұйымдастыру формаларын 
нақтылау 
Оқыту құралдарын таңдау 
Нәтижесі: болашақ ағылшын тілі мұғалімінің коммуникативтік 
мәдениетінің дамуы


101 
субъектілердің бірлескен жұмыстан кейін өзара іс-қимылды болжау қабілетін 
анықтайды. Біздің зерттеу проблемамызға байланысты
оқыту мақсаты – болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениетін дамыту. 
Білім беру мазмұны - бұл білім, білік және дағды, шығармашылық іс-
әрекет тәжірибесі мен әлемге эмоциялық қарым-қатынас жүйесінің 
педагогикалық бейімделуі, оны меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. 
Кәсіби даярлықтың негізінде жатқан білім мазмұны кең мағынада мамандардың 
кәсіби және жалпы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру мазмұны (жалпы, политехникалық, кәсіби) тұрақты өлшем 
болып табылмайды. Ол ғылымның даму деңгейіне, болашақ мамандардың білім 
беру дайындығының қажеттілігін және елдің әлеуметтік және экономикалық 
дамуының келешегін ескере отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, 
мәдени жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Қазіргі білім беру бағдарламасының құрылымына пәндерді іріктеуге әсер 
ететін жоғары мектеп дидактикасының жетекші ұстанымы білім беру мазмұнын 
іріктеудің ғылыми ұстанымы болып табылады. Біздің түсінігімізде, болашақ 
ағлышын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту әдістемесін 
жасақтау мақсатныда білім беру мазмұнын іріктеу, пәндерді құру ғылымилық 
қағидатының жаңартылған түсінігіне сәйкес келуі тиіс (сурет 10). 
Сурет 10 - Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамыту мазмұнын айқындау құрылымы 
Білім беру мазмұны мемлекеттік құжаттармен және оқу-әдістемелік 
кешендермен бекітіледі. Бұл оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, 
құралдар және т.б. сондай-ақ, осы орайда, білім трансферіне назар аудару 
Білім. Олардың түрлерінің жиынтығы оқушылардың қоршаған орта 
туралы жалпы түсінігін қалыптастыруға, оны қажетті іс-әрекетке және т. 
б. бағдарлауға ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет