Тілден артык үн барда Домбыраның күші мол,
Көмейінде күй барда.
- деп дүлділ акын, күйші Іляс Жансүгіров айткан домбыра құдіретінің философиясын әлі де аша түсу керек-ақ.
Экономика, право, культура в эпоху общественных преобразований
/Материалы международной научно-практической конференции. - Алматы, 2006. -С. 52-158.
Ж.Ш.Таубалдиева
ЖАҢА ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Қазіргі заман білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер, талаптар койып отыр. Жаңа оқыту технологиясы бойьшша материал сипаттама тұрде емес, шынайы проблема негізінде берілуі хақ. Білім берудің жаңа технологиясы, жастарға ғыльш негізін үйретіп, тәрбиелейтін негізгі тұлға-оқытушылар қауымы. Оның негізгі міндеттері жас музыканттарды тәсілдермен қаруландыру. Сөйтіп ұстаз өзінің барлық білігі мен білімін бүкіл оқу-тәрбие ісін дұрыс ұйымдастыруға, оны тиімді жүргізуге жұмсайды. Сонда ғана жаңа әдістер оқушылардың іскерлік қабілетін дамытып, белсенділігін арттырып, ізденімпаздығын күшейтеді, өздігінен білім алуға жол ашады. Білім беруді жетілдірудің бір жолы - ынтымақтастық педагогикасы. Бұл ынтымақтастық педагогикасын шеңбері өте кең, ол мұғалім мен оқушы, оқытушы мен окушы арасында емес, мектеп әкімшілігі мен оқушылар, мұғалімдер, ата-ана т.б. ара қатынасында орын алды. Бұл ынтымақтастық педагогика. Ынтымастық педагогикасының дамыта бағытталған дидактикалық кешені «неңі оқыту» және «қалай оқыту» мәселелерін шешуге бағытталған: білім мазмұны тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастыру.
Оқу процесінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл -педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады,
Олар: В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, Л.В.Занковтын дамыта оқыту т.б.
Қазіргі педагогика окушылардың бойында шығармашылыкпен қызмет ету сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогика іс-әрекеттері ұстанымдарының да өзгеруіне соқтырып отыр. Білім жүйесі қарекетінің мәні сынып жөнінде болатын іс-әрекетке тәуелді. Сол себептен мұғалім тек дайын білімді беруші, жеткізуші емес, оқушының оқуына, дамуына көмектесуі, ол ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс. Мысалы: балаға тұлға ретінде ізгілікті қарым-қатынас бағытын жүзеге асыру барысында; оларға көне дәуірден келе жатқан музыкалық аспаптық шығармалары ән, терме, күй, жыр, айтыс, өлеңдерді үйретіп, халықтың қасиетті рухымен суару абзал, сол себептен жергілікті мектептердің ерекшеліктерінде дамыған музыка үлгілерін тыңдап, орындап үйрету, аспапты меңгеру арқылы оқушылар өнер рухынан нәр алады.
Бұлардың өзі олардың жаны жайсаң, жүрегі жылы абзал азамат болып өсуіне септігін тигізеді. Мысалы «Атамұра» музыка бағдарламасында (авторлар: Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова) 3-сыныптағы «Айтыс өнері» тақырыбындағы «Бәдік айтыс», «Қыз бен жігіт айтысы» (халык әні), «Біржан мен Сара айтысы» (М.Төлебаев), «Айтыс» (И.Нүсіпбаев) «Жамбыл мен Құлманбеттің айтысы» (Ш.Құлманованың) айтыстары оқушылардаң әр кез суырып салма тапкырлығын терең ой-сананы, сахналық шеберлікті, зиялылық дарындылықты қажет етеді.
Сол себептен окытушының өзі жоғары жаңа талапка сай білгір, шебер, шешендік кабілеті дамыған өнерлі, білімді ұстаз болуды қажет етеді. Оқытушының өзінің шығармашылықпен ойлау қабілеттері оку процестерін қайта құрудың басты факторы болып табылады. Ол үшін мұғалім ойлау әрекетінің негізі болып табылатын методологияны жаксы меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс. Яғный, жаңағы айтьш кеткен тақырьш бойынша аспапты жақсы меңгерген - қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, сурып салма өлеңші де аса тапқырлық пен қалт жібермес алғырлықты, ідясыннан қыйыстыратын қас шеберлікті талап етеді. 3-сыңыптағы «Қыз бен жігіт айтысы» окушыларға айтыс деген ұғымды түсіндіріп, олардың түрлерімен таныстырып, қазақ халқының ертеден келе жатқан «Қыз бен жігіт айтысын» үйретеміз. Сабақ максаты: «Әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу». Міндеттері: Окушылардың вокалдық ән айту шеберлігін дамыта отырып, ақындық өнерге баулу:
айтысқа саналы түрде барынша мән беруі;
окушылардың шығармашылық ой-өрісін дамьпу.
Әнді үйрету барысында қыз бен жігіт айтысы халыктың әдетғұрып салтына байланысты ойын-сауық негізінде айтылады. Қыз бен жігіт әдетте екі жактын амандасуынан басталып, әзіл-сықақ әдемі қалжың ретінде айтыла береді. Қыз бен жігіт айтысының өлең құрлысы көбіне 11 буынды болып келеді. Өлеңнің бастапкы екі жолын жігітте, қызда қайталай отырып, өздерінің айтайын деген негізгі ойларын өлеңнің 3-4 жолдарына білдіреді. Қыз бен жігіт айтысында ақындығы жоқ жігіттер мен қыздар жаттанды өлеңдерді өзі таңдаған әуенге салып айтыса беруі мүмкін. Мысалы: Жігіт: Атыңды шешен сүйіп қойған Еркін,
Той болса, түзетесің кәмшәт бөркің.
Бұлаңдап ұжымактың хор қызындай,
Бітпеген еш пендеге сенің көркің.
Қыздың әсемдігін, сұлулығын құлпырған гүлге теңеген жігітке қыз былай деп ұтымды жауап береді. Қыз: Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,
Той болса түзетемін кәмшәт бөркім.
Келе сап сипатымды баяндадың,
Есіңді аударды ма менің көркім.
Сөйтіп орындап отырған оқушыларға әрі қарай бір-бірімен ұқсастырып әр сөзін ойлап тапқырлықпен сынайы сұрак-жауап оқыған оқушылардың көпшілігі егер одан кейінгі оқу немесе жұмысы одан шығармашылықты талап етсе, бұған барынша қарсылық көрсетеді. Егер шығармашылық әрекетке білім беру курсының басынан бастап, тіпті мектепке дейінгі дем беріп отырса мұндай қайшылыктарды жоюға болады.
Еліміздің егемендік алу барысында қоғамдық өмірдің барлык салаларында соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білім беруді жетілдірудің бір жолы - сабақтың диференциялық әдіспен оқьпу. Диференциялык әдіспен оқытушы, іске асыру үшін қосымша материалдар, диаграммалар, жеке тапсырмалар, суреттер, әр бір такырыпқа арналған көрнекі кұралдар, сондай-ак сұрыпталған сұрақтар алынады. Диференциялық әдіспен оқытқан кезде оқушылардың жұмысына бағалар қойып, дәріптеп, көтермелеп және кеңес нұсқаулар беріп отырған жөн. Студенттер мен немесе оқушылармен тақырыпты қайталау кезінде білім, білік жинақтауға арналған жұмыстар ұйымдастыру керек. Мысалы: музыка бағдарламасындағы 2 сынып III, IV тоқсан тақырыбындағы «Аңыз ертегі әлеміндегі ән мен күй» өту барысындағы халық ертегісіне жазылған Ш.Құлманованың «Жыл басы кім болады?» операсын үйренуде біз оқушыларға ата-аналарға, сьшып жетекшілеріне тапсырма береміз. Олар операға байланысты иллюстрация, суреттер, кіріспе бөлімінде жануарлардың орман ішіндегі жиылысы, 12 жануарлардың суреттері (сиыр, жылқы, түйе, барыс, үлу, жылан, маймыл, қой, тауықтың т.б.) осы операны өту барысында оқушылармен диферинциялдық жұмыс өте қажет бар. Олар:
- сурет, иллюстрация дайындау (жеке оқушылар, ата-ана);
- окушыларға алдын-ала дайындаған сұрақ-жауаптар;
- жануарлардың ән айтып тұрғанда ойын, биін яғни қимылын көрсетіп үйрету.
Міне осындай қиын да қызыкты жұмыс барысында оқушымен, оқытушы, ата-аналар арасында шығармашылық біріккен жұмыс жүреді.
Келесі бір айтатын нәрсе оқытудың проблемалық тәсілінің көздейтін мақсаты студенттер мен оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Ол оқушыны ізденуге, салыстыруға, қорытынды жасай білуге, сол арқылы өз беттерінше білім алу дағдыларына үйретеді. Ой қайшылығын, пікір таласын тудырып, дұрыс ой қорытындысы жасалған жағдайда ғана көздеген мақсатқа жетуге болады.
Мысалы: 4 сыныптағы «Түрлі халықтардың музыкалық шығармалары» тақырыбындағы Ғ.Жұбанованың «Хирасимо» балетін тыңдауға беріледі.
Сонымен қатар совет композитары Д.Б.Кабалевскийдін «Жапон халык әні және фортепианолық вариацияларын» тыңдатамыз. Бұл тақырыпты өту барысында біз оқушыларға синтез және анализ әдісін қолдану арқылы жүргіземіз (проблемалық оқыту). Екі шығарманың ұқсастығы және айырмашылығын салыстыра білу оны талдау арқылы, оның ұксастығы 1945 жылы Жапонияның екі қаласы Нагасаки мен Хиросимоға АҚШ атом бомбасын тастады. Бұл окиға бүкіл дүние жүзін дур сілкіндірді. Атом бомбасынан мыңдаған адам жазықсыз қырғынға ұшырады. Осы жағдай екі композиторға ой сап, ол жапон жеріне «Сакура», «Шиә» халык әндерін негізге ала отырып музыка жазды. Шие ағашы көктемде қызғылт түсті нәзік гүлге бөленеді. Ол жапоңдықтардың күн тізбесінде жыл бейнесі болып саналады. Міне ортақ тақырып, адамдар өмірі, уақиға, тарихы. Ал айырмашылығы ол Ғ.Жұбанованікі - балет, ал Д.Кабалевскийдікі -вариация. Ғазиза Жұбанова Қазак композиторы, ал Д.Б.Кабалевский орыс композиторы. Ұқсастығы - дүние жүзінің барлық халык бейбіт өмір сүруі тиіс. Сондай-ақ кез-келген ұлт, халық, бір-бірін сыйлап бейбіт қатар өмір сүруге міндетті. Әрбір ел бір - бірінің тәуелсіздігін, тұтастығын, құрметпен ішкі істеріне араласпау және қол сұқпауға тиіс. Ең негізгісі бақыт атаулының әр кімнің ез қолында екендігін түсіне білу... деген ұқсастық. Қорыта келгенде проблемалық оқыту музыка сабағында барлық такырыпқа сай келе бермейді. Сондықтан барлық сабақта қолдана беруге болмайды. Проблема тууға ыңғайлы тақырыпты теріп ала білу музыка пәні ұстазының ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне байланысты.
Майра және өнер. /Қазақстан Респубдикасыныңі 10 жылдығына орай өткізілген Майра Уәлиқызы атындағы I халықаралык ән-жыр конкурсының арналған әдеби-көркем, тарихи-танымдық және ғылыми-әдістемелік материалдар жинағы.
- Алматы, 2001. - с.160-164.
Э.С.Сұлтанғалиева