Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар


Тембрлік естуге арналған ән



бет4/5
Дата08.06.2023
өлшемі29,4 Kb.
#99662
1   2   3   4   5
Тембрлік естуге арналған ән


Музыкалық жұмбақтар
Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап отырады, жүргізуші бір бала ортаға шығып, ширманың артына барып, музыкалық аспапта немесе музыкалық ойыншықта ойнайды. Ал қалған балалар тез арада ойлап табулары керек.Қай бала тез және дұрыс шешімін табады сол бала жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
«Музыкалық текше»
Ойын шарты:
Ән- күй жетекшісі:
Текше кетті айнала
Бере ғой сен досыңа
Текше саған тоқтаса
Сал өнерді ортаға – деп әндетеді, ал балалалар шеңберде тұрып бір-біріне текшені жібереді, ән аяқталған кезде қай балаға текше келіп тоқтайды, сол бала ортаға өз өнерін салады.


«Музыкалық балға»
Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі балаларға музыкалық балғаны таратады, балаларға карточкадағы көрсетілген ырғақты музыкалық балғамен бірге соғуға ұсынады.


«Қамшы»
Ойын шарты: Балалар шеңібер жасап тұрады, ортаға бір ойыншы шығады, қолында қамшы, музыка сүйемелдеуімен шеңбердің ішінде секіріп жүгіреді, музыка тоқтаған кезде ортадағы ойыншы тоқтап қамшыны екі баланың ортасына қояды, екі бала екі жаққа жүгіріп тез келіп қамшыны алулары керек. Кім тез және жылдам келіп қамшыны алады сол бала ойынды жалғастырады.
1,2 сәбилер тобына арналған музыкалық дидактикалық ойындар


«Сылдырмақтар» М.Раухвергер
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,сылдырмақты оң қолдарында ұстайды.Қоян – шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлығы сылдырмақта ойнайды,екі аяқпен секіреді.Музыка аяқталуымен балалар сылдырмақтарын тығады,қоян сылдырмақтарды іздейді.Ойын осылай жалғасады.Келесі жолы қонаққа қуыршақ келеді, ол балаларға орамал таратып, ойнауға ұсынады.
«Көңілді жасырынбақ» В.Петрова
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады, қолдарында орамал.Қуыршақ шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлық балалар қуыршақпен би билейді.Музыка аяқталғаннан соң балалар орамалдың артына тығылады, ал қуыршақ балаларды іздейді.Келесіде үйшіктен петрушка шығып балаларды биге үйретіп, өзі де бірге билейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет