Mycophyta – Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Құрылысын түсіндіріңіз



бет2/9
Дата22.05.2023
өлшемі57,31 Kb.
#96130
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2-блок. Экзамен. Ботаника и зоология.

3. Zygomicetes - Зигомицеттер класы. Классификациясы. Құрылысы. Көбеюі. Құрылысын түсіндіріңіз.
Саңырауқұлақтардың классификациясы жеті кластан тұрады: хитридиамициттер, гифохитрамициттер, оомициттер, зигомициттер, аскомициттер, базидиомициттер және жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Ішінен зигомицеттер саңырауқұлақтардың төменгі сатысына жатады, гетеротрофты қоректенетін, аэробты организмдер. Қоректік заттардың үстінде колония түзу арқылы тіршілік етеді. Бактерияларға қарағанда олардың құрылысы күрделірек және көбею тәсілі жетілген. Табиғатта көп түрі кездеседі.
400-ге жуық түрі бар бұл класстың өкілдерінде мицелийлері біріккен және перделерге бөлінбеген. Гифа қабықшасында хитині болып, барлық түрлері жер бетінде өседі. Бүгінде Зигомицеттер класының 2 қатары белгілі: мукорлар және энтомофторалылар.
Зигомицеттерге нан, көкөніс, жылқы тезегі мен көңде сапрофитті тіршілік ететін Мукор жатады. Оның гифалары бұтақталған, көп ядролы. Зооспоралары жоқ, споралар арқылы жыныссыз және гетеротальды мицелилері арқылы жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбеюі кезінде шар пішінді спорангийлердің ішінде споралар түзіледі. Кейіннен споралар ылғалды жерге түсіп, олардан жаңа гифалар өсіп шығады. Жыныстық процесі өте сирек жағдайда орын алады. Анығырақ айтқанда, физикалық жағынан айырмашылығы болатын екі мицелий қатар өскен кезде ғана жүзеге асады. Ол кезде екі мицелийдің гифалары бір-біріне қарама-қарсы бағытта өсіп, ұштары жуандайды. Гифалары түйісіп, ядролары қосылады. Пайда болған зиготаның сыртын қалың қара қабық қаптап, тыныштық кезеңінен өтеді. Содан соң мейоз жолымен бөлінеді де өсе бастайды. Қолайсыз жағдай туындаған кезде гифалары оидии деп аталатын бірнеше бөліктерге бөлініп. Оларды қалың қабықша қаптап, кейіннен хламидаспораларға айналады. Қолайлы жағдай туындаған кезде өсіп мицелийге айналады.
Кейбір зигомицеттер микробиологиялық және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.
100% уникальности

2-Блок
4. Bryophyta – Мүктәрізділер бөлімі. Классификациясы. Құрылысы. Көбеюін түсіндіріңіз.


Мүктәрізділердің 35 мыңдай түрі бар. Олардың сыртқы құрылысы бадырларға ұқсас, өмірлік циклі екі фазадан түрады: спорофит және гаметофит. Жоғарғы саты өсімдіктерінен тек мүктәрізділерде гаметофиті басым. Гаметофит дегеніміз – сабақ және жапырақтардан тұратын өсімдік, тамырының қызметін ризоидтары атқарады. Ал спорофиті спорогон деп аталып, гаметофитке бағынашты болады. Жоғарғы жағында шар, эллипс, цилиндр пішінді қорапшалар орналасады. Оның ішінде споралар мен спорангилер жетіледі. Мүктердің ұзындығы шамамен 60 см-ді құрайды. Көптеген түрлері суық климатты жерлерде тараған.
Мүктәрізділер 3 класқа жіктелген: антоцераттылар, бауыр мүктер мен нағыз мүктер. Бауыр мүктер класы 2 кластармаққа және 3 қатарға бөлінген. Кәдімгі маршанция осы кластың негізгі өкілі. Оның талломасының құрылымы дорсивентральды болады. Талломасының үстіңгі бөлігінде тірек, одан да жоғарғы бөлігінде жыныс органдары жетіледі. Антериальды және архегониялы қуыстарда антиридилер мен ооргонилер орналасады, олар қосылған соң зигота жетіліп, одан спорогон жетіледі. Вегетативті көбеюі линза пішінді, жасыл түсті болатын бүршіктерінің арқасында жүзеге асады.
Нағыз мүктер класы 3 кластармақтан тұрады: андреев мүктері, 2 маңызды кластармақтары шымтезектер мен жасыл мүктер кластармағы. Шымтезектер кластармағы түрлерінің құрылысы өте ұқсас, сондықтан оларды ажырату қиын. Олар өте ылғалды ортада өмір сүретіндіктен ризоидтары болмайды. Сабағының құрылысы қарапайым, ортасында 2 қабат қаптап тұратын өзегі бар. Шымтезек мүгінің сыртқы құрылысы ерекше қарапайы, қорапшасы нашар дамыған. Гаметофиттері әрі қосжынысты, әрі дара жынысты болады. Антеридилері жапырақтың қолтығында, ал архегонилері қысқарған сабақтардың бұтағында орналасқан болады. Бұл өсімдіктің табиғаттағы алатын орны өте маңызы.
Көкек зығыры жасыл мүктер кластармағының ең көп тараған өкілі. Оның гаметофитінің сабағы тік және бұтақталмаған болады. Оны қалың жапырақтар жауып жатады. Гаметофті дара жынысты. Ұрықтану процесінен кейін зиготадан спора пайда болады. Спорадан жасыл өскіншелер түзіледі. Онда бүршіктер жетіліп, содан соң олардан үлкен гаметофит түзіледі.

87% уникальности


2-Блок


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет