9. Насекомдардағы шала және толық түрленіп даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз, салыстырыңыз.
|
Шала түрленіп даму
|
Толық түрленіп даму
|
Өкілдері
|
Инеліктер, тарақандар, дәуіттер, таяқшатәрізділер, теріқанаттылар, жартылай теріқанаттылар, биттер, біркүндіктер, бұзаубас, шекшек және т.б. жатады.
|
Қоңыздар, көбелек, шыбын, маса, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т.б.
|
Даму сатылары
|
Жұмыртқа
дернәсіл(сатылары)
имаго
|
Жұмыртқа
дернәсіл(сатылары)
қуыршақ
имаго
|
Даму ерекшеліктері
|
Жұмыртқадан шыққан дернәсілдің сыртқы құрылысы ересек жәндікке ұқсас; қоректенуі мен ауыз аппараты да бірдей болып келеді.
Мысалы, тарақанның дернәсілінің де, ересегінің де ауыз аппараты кеміргіш.
|
Жұмыртқадан шыққан дернәсілдің сыртқы құрылысы ересек жәндікке ұқсамайды; қоректенуі мен ауыз аппараттары да әр түрлі.
Мысалы, көбелек дернәсілінің ауыз аппараты кеміргіш болса, ересегінікі сорғыш.
|
2-Блок
10. Сүйекті балықтар мен шеміршекті балықтардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |