Үш түрлі өлең. Үлгілі өлең. Үш тақырыпты бейнелеп, үш идеяны жеткізген өлең. Үш түрлі тәсіл қолданған.
Жылқышы деген мамандық пен жылқышы деген құс бар екенін танытады. Демек, білім алады.
Ая мен Айдың бетінің тазалығын салыстыру арқылы оқырман бөбектерге тағылым беріп отыр.
Үшінші өлеңде таным тағылыммен ұштасқан. Жолға жан бітуі, тірі образға айналуы баланы еріксіз еліктіріп, жолмен бірге жүгіріп, қиналып, қуануын туғызған.
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды...
Өнерлі екен он саусақ:
Қала салсақ, жол салсақ...
Жалқаулықтың неге апарарын түсіндіретін өлең — «Жалқаудың жауабы».
Ана есікті жаба салшы,
Ілгегін де сала салшы.
Жалқау əрең ыңыранды:
– Жел соқпай ма,
Сол жаппай ма?!
Үйдің ішін суық алды...
Жалқаудың əрекетсіздігінен үйдің іші суып кетті. Есік жабуға ерінбегенде бұндай жағдай болмаған болар еді.
М.Əлімбаев өз өлеңдерін, негізінен, мектеп жасына дейінгі балдырған мен бастауыш сынып оқушыларына арнап жазады. Мысалы, «Менің ойыншықтарым» өлеңнен үзінді келтіріп көрейік: