Н. И. Дубровская



Pdf көрінісі
бет78/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151
Піскен  балық.  Пісіру  үшін  балықты  бүтіндей,  бекіре  тектес 
балықтардың буындарын, дөңгелектерін, терісі және сүйегі бар жон 
ет,  терісі  бар  жон  етті  пайдаланады.  Порциялық  кесектерді 
90°бұрышта кеседі және пішіні өзгеруінің алдын алу үшін жылыдай 
өңдеу кезінде тұтас еттің екі үш жерінде кесік жасайды. 
Бүтіндей  пісіруге  арналған  бекіре  тектес  балықтардың 
буындарынан  шеміршекті  бірнеше  жерден  кеседі,  ал  қарнын  ішіне 
бұрап, жіппен байлайды. 
Бекіре  тектес  балықтардың  буындарын  балықты  қазанның 
торына терісін төмен қаратып жатқызады, суық су құяды, тұздайды, 
қайнауға  жеткізіп,  дайын  болғанша  баяу  қайнауда  пісіреді. 
Татымдылығын  сақтау  үшін  балықты  қайнатпада  суытады,  ұйыған 
ақуыздардан жуады. 


98
 
 
 
Егер  балықты  порциялап  пісірсе  шеміршектерін  кеседі,  денесін 
терісімен бірге 90° қажетті массада кесектерге кеседі.  
Балықты  бүтіндей  пісірген  кезде  оны балық  қазанының  торына 
қарнын  төмен құрсағын салады, суық  су  құяды және  бекіре  тектес 
балықты  пісіргендей  пісіреді.  Балықты  табақта  піскен  көкөністер 
гарнирімен  бірге  береді.  Пісіру  үшін  порциялық  кесектерді  бір 
қатарға  терісін  төмен  қаратып  жайпақ  қаңылтыр  табаққа  немесе 
коробиндерге,  балық  қазандарға  немесе  ожауға  салады.  Балыққа 
ыстық  су  құяды,  ірілеп  кесілген  пияз  және  тамырсабақ  қосады, 
тұздайды,  қайнауға  жеткізеді  және  ақырын  қайнауда    7-10  мин. 
пісіреді. 
Балықты  сопақша  табаққа  немесе  тәрелкеге  жанына  гарнир 
салып,  сары  май  қосып,  аскөк  себеді,  тұздықты  жанына  құйып 
немесе жеке береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет