Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


тарихына қатысын т.б.  жан-жақты саралау жүзеге аса бастады



Pdf көрінісі
бет26/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33

тарихына қатысын т.б.  жан-жақты саралау жүзеге аса бастады.
XX ғасырдың  бірінші  жартысының  соңына  қарай  фольклорды бір 
ғылым  саласы  түрғысынан  ғана  емес,  комплексті  түрде  зерттеу 
нышандары  байқала  бастады.  Яғни  фолыслорды  ,  әдебиеттану, 
тілтану,  этография,  тарих,  философия 
түрғысынан  қарастыру 
белгілері көрініс таба бастады.
274

XX 
ғасьфдын  бірінші  жартысында  қазақ  фольклорына  қатысты 
түрлі  ғылыми  жинактар,  хрестоматиялар,  кітаптар  басылым  көргені 
белгілі.  Бүлардың  бәрінде  дерлік  кіріспесі  мен  алғысөздері  беріліп, 
онда  қазақ  фольклорынын  жанрлық  сипаты,  ерекшеліктері,  жиналу, 
жариялану  тарихы  т.б.  сөз  болады.  Мәселен,  ғалым  А.Байтүрсынов 
күрастыруымен  Мәскеуден  1923  жылы  «Ер  Сайын»  жырының  жеке 
кітап  болып  шыкканы  мәлім.  А.Байтүрсынүлы  оны  «Ертегі  жырлар» 
тобына жатқыза  отырып,  қазақтың  әйгілі  «Қара қыпшақ Қобыланды 

батыр»,  «Нәрікүлы  Шора»,  «Алпамыс  батыр»,  «Ер тарғын»,  «Едіге»,
«Қамбар»  тәрізді  жырларымен  бірге  қарастырады.  Мүндағы  ертегі 
жыр  деп  отырғаны  батырлар  жыры  екені  белгілі.  Ал,  калған 
жырларды («Орақ-Мамай», «Абылай», «Кенесары», «Наурызбай» т.б.) 
«тарихи  жыр  деп  жіктегені  де  белгілі  [363].  Демек,  фольклортанушы
A.Байтүрсынүлы  қазақ  эпосы  жанрын  іпггей  екі  топқа  бөліп 
і 
саралағанға үқсайды.

Сөйтіп,  А.Байтүрсынов  бүл  кіріспе  сөзінде  батьфлар  жырының
кейбір  жанрлық  белгілерін,  халыктың  жыр  тудырудағы  рухын  т.б. 
даралап  көрсете  бідді.  Бүл  сол  кездегі  үлкен  ғылыми  ізденістің  басы 
ғана  болды.  Осы  пікірлер  негізінде  ғана 
барып,  кейінірек 
фольклортану  ғылымында  эпостық  батьфлар  жыры,  лиро-эпос 
жьфлары, тарихи жьфлар тобы өз алдына жеке қарастырылады.
Белгілі  ғалым  С.Қаскабасов  пікірінше, 
кезінде  бүл  «Сайын 
батьф»  жьфын  [364]  XIX  ғасырдың  соңғы  ширегінде  орыс 
фольклорист-ғалымы  В.В.Стасов  назарында  үстаған  [365].  Ғалым
B.В.Стасов  өз  еңбегінде  орыс  былиналарыньтң  көбісі  шығыстан 
алынған  деген  ойын  үстана  отырып,  пікірінің  дүрыстығьга  дәлелдеу 
үшін  мәтін көзі ретінде көптеген  шьпыс халықтарының,  оның  ішінде 
казақтардьгң  да  фольклорлық  нүсқаларын  (бірі-  «Сайын  батыр» 
жьфы) қолдана отырып,  өз пікірін дәлелдеуге,  сараптауға тырысқаны 
белгілі.  Кезінде  В.В.Стасовтың  осы  бір  еңбегін  оң  бағалаған  пікірлер 
де баспа бетінде  жарияланған:  бірі-  белгілі  орыс  фолыслортанушысы 
М.К.Азадовский  болса,  екіншісі-  фолыслорист-  ғалым  В.Е.Гусев  еді 
[366].
«Ер  Сайын»  кітабы  ішінде 
алғысөз  есебінде  жырға  катысты 
Әлихан  Бөкейхановтың  жарты  бетгік  ой-пікірі  мен  белгілі  ғалым 
Г.Н.Потанин  өмірбаянына  қатысты  6  беттік  мақала  түрінде  еңбегі 
берілген  [367,  85-91].  Мәселен,  жыр  туралы  Ә.Бөкейханов  былай 
дейді:  «Ахмет өңдеп  өткерген  «Ер Сайынның»  жьфы  «Батыр Сайын» 
деп  В.В.Радлов  жазған  жырмен  бір  екен.  Екеуінің  айырмасы  мына 
осы  «Ер  Сайьганың»  «аяғы»  деп  басылған.  Өзге  жерлер  айтушыға 
карай 
өзгеше 
бола  береді.  Өзге  жырда  жырдагы  кісілер 
ғана
275

өлеңдетіп  келеді.  Өзге  әңгіменің  бәрі  қара  сөзбен  айтылады.  Ер 
Сайын,  Қарақыпшақ  Қобыланды  (Ташкенте  басылған),  Манас  қана 
аяғы  өлеңмен  келеді.  Тыңдаушы  жаратқан  соң  жыршылар  жырдың 
қара  сөзін  де  өлеңге  аударып  жіберген  ғой.  Манас  қырғыз  тілінде, 
мұны да «Күншығыс»  баспасы  басады»,- делінген [367,  85 б.]. Демек 
Ә.  Бөкейханов эпос жанрын  әңгіме деп түсінгенін көреміз. Сондай-ақ 
Ә.  Бөкейханов  бұл  мәтіндердің  текстологиясын  қарастырып,  өзіндік 
ұқсастық  пен  айырмашылықтарын  ажыратуға  тырысқан.  Және  де 
өзгеріс  атаулының  себебі  жырды  айтушылардың  өзінде  жатқанын 
ескертеді.  Ал,  ғалым  Г.Н.Потанинге  арналған  бетгерде,  негізінен, 
оның өмірбаяны мен қазақ фольклортану ғылымына қосқан  еңбектері 
сараланған.  Мәселен,  Ә.  Бөкейхановтың:  «Восточные  мотивы  в 
средневековом европейском эпосе» деген кітабында (Г.Н.Потаниндікі- 
Н.Ж.) Күнбатыстың әдебиетіне қор болған, үлгі болған Күншығыстың 
ауыз  айтып  жүрген  ертегі,  жыр,  мақал,  өлеңі  деп  келеді»,-  деген  ой- 
пікірлері  бар  [367,  87  б.].  Міне,  осы  арқылы  ғалым  Г.Н.Потаниннің 
қазақ  фольклорын  орыс  тілді  елдерге 
насихаттаушы 
қызметінің 
маңыздылығын атап көрсеткен.
Фольклордағы  мәнді  бір  саланың  бірі-  жоқтау  жырлары  десек, 
А.Байтұрсынұлы  мен  Ә.Бөкейхановтың  бұл  тұстағы  еңбегі  айрықша. 
Қазақтың  жоқтау  жырлары-  фольклордың  тұрмыс-салт  жырларына 
қатысты  қаралатыны  белгілі.  Бұл  жанрдың  өзіндік  ерекшеліктерін 
А.Байтүрсынов  пен  Ә.Бөкейханов  ізбасарлары,  бастапқыда  белгілі 
фольклортанушы  ғалымдарымыз:  М.Әуезов,  X.  Досмұхамедов,
С.Сейфуллин  қарастырса,  кейінірек  ол  дәстүрді  Б.Кенжебаев, 
М.Сильченко,  Б.Уахатов,  С.Қасқабасов,  Б.Абылқасымов  т.б. 
[368] 
жалғастырғаны белгілі.
А.Байтүрсынүлы мен  Ә.Бөкейханов тұрмыс-салт жырларының  бір 
саласы-  жоқтауды  өз  алдына  топтастырып,  Мәскеуден  1926  жылы 
жарыққа  шығарған  «23  жоқтау»  деген  жинағы  [369]  т.б.  қазақ 
фольклорын,  өдебиетін,  тілін,  тарихын,  жалпы  мәдениетін  зерттеуші 
ғалымдар  сүйенерлік  мәнді  мәтін  көзі  т.б.  болып  табылады.  Бұл 
еңбек  сонымен  бірге  ел  арасынан  фольклор  үлгілерін  жинаушылар, 
жариялаушылар, 
зертгеушілер  үшін,  әрі  ғылыми  жоба-нүсқа,  әрі 
мақсатты  бағдарлама  іспетгі  болды.  Сондай-ақ  халық  мүраларын 
тездетіп  жинау  керектігін  паш  еткен  үгіт-насихат құралы  болғаны  да 
белгілі.  Осы  арқылы-ақ  А.Байтұрсынұлы,  Ә.Бөкейханов  есімі  қазақ 
фольклортану  тарихында  өзіне  лайықты  орын  алатыны  сөзсіз. 
Еңбектің алғашқы мұқаба бетінде: «Қазақ тарихының төрт жүз жылын 
алады»,- 
деген  ғалымдар  сілтемесі  келтірілген.  Міне,  біз  бұдан 
фольклорға  тарихи  тұрғыдан  келу-  А.Байтүрсынүлы,  Ә.Бөкейханов
276

зерттеушілігінің  бір  кыры,  өзгешелігі  деп  қарастырамыз.  Атап 
айтқанда,  біріншіден, 
тұрмыс-салт  жырлары  ішіндегі  тарнхқа 
неғұрлым  жақын  келегіні-  осы  жоқтау  жанры  болса,  екіншіден,  бұл 
зерттеуші  ғалымдар  ұшін  құнды  документальды 
материал  көзі 
демекпіз;  үшіншіден.  өскелең  ұрпакты  ұлттык  ерлік  рухында  т.б. 
тәрбиелеу  мақсатында  қарастыруы  т.б.-  бәрі  жоктаулардың  тарих 
үшін маңыздылығына ғалымдардың назар аудартқанын дәлелдейді.
Кітап  алғысөзі  А.Байтұрсынұлы,  Ә.Бөкейханов  атынан  1,5  бетті 
алады.  Алғысөзде  кітап  мақсатьга  айқындаған  мынадай  ойлар  бар: 
«Дүниеде  еиібір  тіл  өз-өзінен  шықпайды.  Дүниеде  ешбір  тілді  бір 
шеиген  кісі  ойлап  шыгарганы  жоқ  та,  шыгара  алмайды.  Тіл  деген 
нәрсе  қалың  елдің  күндегі  гпүрмыс  қазанында  қайнап,  пісіп  дүниеге 
келеді.  Сонан  соң  гана  шешендер,  «тіл  көсемдері»  бүл  тілді  безеп, 
жолга-жөнге  салып,  жүйесін  айырып  өстіреді.  Сондықтан  әдебиет 
тіпіне  негіз  етіп  ел  аузындагы  тіл  алынбаса,  ол  әдебиет  адасып 
кетпек.  Енді гана өсе  бастаган  қазақ әдебиетін алганда мүны  естен 
шыгармау  керек.  Ел  аузындагы  тіл  дегенімізде  нені  үлгі-өрнек  етіп 
аламыз? 
Әрине, 
осындай 
жоқтауларды, 
мақалдарды, 
жүмбақтарды,  ертегілерді,  өлеңдерді,  тагы-тагы  осындайларды!»- 
делінген  [369,  5  б.].  Кітап  құрастырушылар  фольклор  деп 
ел 
аузындағы  шығармаларды  түсінген.  Мүнда  фольклордың  жоқтау, 
мақал,  жұмбақ,  ертегі  т.б.  түрлері  аталады.  Ғалымдар  пікірінде 
фольклорды  елге  насихаттау  мақсаты  айқындалған.  Және  де  әдебиет 
негізінде  ел  аузындағы  үлгілер  жату  керектігі  де  ескергіледі.  Демек, 
ғалымдар 
әр  тіл  мен  әдебиеттің  негізінде  фольклор  үлгілері 
жататынын  айқьгадау  барысында,  оны  филологиялық  түрғыда 
қарастыра отырып, тездегіп жинау қажетгігін де дәлелдейді.
1923  жылы  Мөскеуде  шыққан  «Ер  Тарғын»  кітабы  ішінде  де 
Ә.Бөкейханов  5  бетгік өз пікірін жазған  [370].  Мөселен,  «Ер  Таргын» 
Қарақыпшақ  Қобыланды,  Ер  Сайын,  Манас  қатарлы  қазақ-қыргыз 
жырының  бірі»,-  деуінен,  біз  ғалымның  бұл  үлгілердің  түркі  тілдес 
халыктарға ортак мүра ретінде қарастырғанын көреміз [370, 62 б.]. Ал, 
бұл  жырды  В.В.Радпов  жазып  алғанын  анықтауы,  әрі  оны  одан 
алғанын  Ә.  Бөкейхановтың 
ескеруі-  бәрі  кітап  шығаруда  үлгінің 
кайдан алынганын нақты көрсетуді талап еткен ғылыми  талаптың XX 
ғасыр  басында  орындала  бастағанын  көрсетеді.  Одан  өрі  Ер 
Тарғынның барған  елі  Қырық сан Қырым, төбелескені  Торғауыт пен 
қалмак  делінсе,  1438-нші  жылы  Қырымның  Алтьга  Ордадан  бөлініп, 
өз  алдына  хандық  болғанына  назар  аударудан-  Ә.Бөкейхановтың 
эпостық  жырлар  бойынан  халық  тарихынын  ізін  іздесгіруді  мақсат 
еткені  танылады.  Одан  әрі  автор  Қырымды  алғаш  билеген  хан
277

Жәнібек  Керей  (1437-1466)  десе,  1783  жылы  Қырымды  орыс  алып, 
хандық  жойылғаны,  ал  1437  мен  1783  жылдар  арасында  35  хан 
болғанын  ескертеді.  Сонымен  қатар  Ә.Бөкейханов  эпостағы 
Ер 
Тарғын  бейнесіне  қатысты  тарихта  қалған  елді-мекендерді  тізбектеп 
атап  өтеді.  Мәселен:  «Біздің  Бөкейлікте  «Тарғын  қысымы»  деген 
айлақ  бар.  Бұлардың  жерінде  «Үш  Тарғын»  деген  жерлер  бар.  Бұл 
жерлер  сырттан  келген  далалар»,-  дейді  [370,63  б.].  Демек  бұл 
пікірлер  ғалым  Ә.  Бөкейхановтың  эпостық  жырларды  тарихи  зерттеу 
әдісі 
негізінде 
қарастырғанын 
дәлелдейді. 
Ягни 
жырдағы 
фольклорлық  бейненің  тарихтағы  прототнпін  іздестіруді  мақсат 
еткенін көрсетеді. Және де бұл тәсіл кейінгі зерггеушілер еңбегінде де 
жиі қолданылады.
Белгілі  қоғам  қайраткері  Нәзір  Төреқұлов  1923  жылы  Ахмет 
Баржақсыұлы  жинап  бастырған  «Мың  бір  мақал»  кітабына  3,5  бетгік 
алғысоз  жазды  [371].  Мәселен,  алғысөздегі  мына  бір  пікірлер  назар 
аударарлық:  «Ер  қазынасы  -ескі  сөз,  ел  қазынасы-  ескі  сөз, 
тіл 
қазынасы-  ескі  сөз»  деген  бурынгылардан  қалган  мақал.  Бул  мақал 
әншейін  әлдеқалай  айтыла  салган  мақал  емес,  өмір  жузінде  ел 
аузындагы  ескі сөздер: мақал, мәтел, тақпақ,  өлең-жыр секілділердің 
өте керектігі  ащы  тәжірибелермен  анықталгандықтан  айтылган. 
Оның 
ішінде, 
әсіресе 
турмыс 
тәжірибесінің 
қорытындысы 
мақалдар  өте-мөте  керек.  Себебі  мақалда  айтушы  елдің  басынан 
кешірген  уақигалары,  турмысы,  мінезі,  тегіс  суреттеледі», -  дейді 
[371,  1-2  б.].  Міне,  мұнда  автор  дәстүрлі  фолыслорды  ескі  сөз  деп 
қабылдаған.  Және де  фольклордың мақал,  мәтел,  өлең-жыр ұлгілерін 
дұрыс  анықтаған.  Мұнда,  ең  бастысы  халықты  танудың  бірден-бір 
қайнар  көзі-  мақалдарда  жатқанын 
автор  дәріптейді.  Халықтың 
ғасырлар  бойғы  даналығы,  тәжірибесі, тұрмыс-тіршілігі,  әдет-ғұрпы, 
тіпті  басынан  өткен тарихы  да — осы  мақалдар  бойынан  табылатыны 
сараланған. Сөйтіп, автор мақалды таным көзі, дерек көзі,  тәрбие көзі 
деп  те  бағалаған. 
Сондай-ак 
Нәзір  Төреқүлов  жаңа  есін  жиып, 
тұрмысын түзеп, өдебиетін гүлдендіруге бет алған қазақ халқына таза, 
әдемі  тіл керектігін дітгеп,  тілдің негізі,  жүрнағы  ел  аузындағы  ескі 
сөз,  мақалдарда  т.б.  жатыр  дегенді  жазады.  Демек,  Нәзір  Төреқүлов 
мақаддарды  тіл  тазалығы  үшін  күресте  насихат  құралы  ретінде  де 
пайдаланған.
1926 жылы  Ташкенте  қазақтың  ел әдебиегінен  алынған  үлгілерді 
жинақтаған  «Аламан»  кітабы  басылды 
[372]. 
Бүл  жинақты 
қүрастьфып,  8  бетгік  алғысөзін  жазған  белгілі  ғалым  Халел 
Досмүхамедүлы  еді. 
Бүл  жинаққа 
«Қармыс  батыр»,  «Байбоз- 
Жанбоз»,  «Әлімүлы  мен  Байүлының  айтысқаны»,  «Балуанияз»  т.б.
278


тәрізді  үлгілер  енген.  Мәселен:  «Халықтың  қулқы,  мінезі,  ойы
заманындагы 
әдебиетінен  білінеді.  Әдебиет-халықтың 
түрлі 
қимылдарының  айнасы. 
Жиырмасыншы  еасырга  дейін  қазақта 
жазба әдебиет  жарытып болмады.  Бірақ халық  арасындагы  ауыз 
әдебиет  қазақта  бай  болды.  Ауыз  әдебиетінің  көбі-  он  тогызыншы 
гасырдың  мирасы.  Алгы  әдебиеттен  қалган  жүрнақ  аз.  Біздің 
қолымызда  кііиі  жуз  қазақтарының  (Орал,  Бөкей,  Магыстау) 
арасынан  жиналган  он  тогызыншы  гасырдагы  ел  әдебиетінің  бір 
бөлегі  бар»,-  дейді  автор  [372,  3  б.].  Енді  бірде  X.  Досмүхамедүлы: 
• 
«Біздің  жумысымыз  ел  әдебиетінде  бадырайып  көрініп  турган

«өткен 
әлеуметшіліктің»  бір  бутагын  көпке  көрсету.  Оңды
әлеуметшілік  қуру  ушін  елдің  өткен-кеткен  турмысын,  бурынгы 
болган 
әлеумет 
қимылдарын 
тану 
керек. 
Ел 
әдебиетімен 
таныспайынша  өткеннің  көбін  де, 
бардың  жарымын  да 
тану 
қиын»,- деген  пікірін жазады  [372,  10 б.].  Ендеше ғалым  фолыслорды 
I  
бірде ауыз әдебиеті десе, бірде ел әдебиеті үғымында қолданған.  Одан
әрі  автор  фольклордын  танымдық  қызметіне  ерекше  назар  аударады. 
Онда  халыктың  түрмысын,  әлеумет  қимылдарын  тану 
қажеттігі 
қарастырылған.
1939  жылы  Алматы  каласында  С.Мүқанов  қүрастыруымен  латьга 
әрпінде  «Батырлар  жыры» 
жинағының  бір  томы  жарық  көреді. 
Жинак  басы  «Батырлар  жырының  өдебиеттегі  орны»-  деп  аталған 
С.Мүқановтың  алғысөзімен  басталады.  Онын  өзі  іштей  8  бөлімге 
ажыратылған,  әрқайсысында  белгілі  бір  мақсат  көзделгені  анық. 
Мәселен,  бірінші  тарауда  [373,  5-6  б.]  Қазакстан  халық  әдебиетінің 
үлттар  мәдени  қазынасындағы 
ең  қымбат  мүліктерінің  біреуі 
екендігін дәлелдеу орын алған.
Міне, мүнда С.Мүқановтың  халық әдебиеті дегені  фолыслор екені 
аньпс.  Алғысөзде  С.Мүқанов  фольклордың:  ертегі,  мақал,  жүмбақ, 
жанылтпаш,  түрмыс-салт  жырлары,  эпостьщ  жырлары  т.б.  тәрізді 
жанрларьга  қарастырған.  Ал, 
фольклордың  үшан  теңіздей  мол 
екендігіне,  ол  теңіздегі  түрлі  қайнар  көздері  болатынына,  ол  өз 
кезегінде  қоғамның  көп  заманғы  тарихымен  үпггасып  жататьгаьгаа 
назар  аударуы  т.б,-  бәрі  ғалымның  фольклорға  тарихи  көзқараспен 
карауынан 
туындаса  керек. 
Мәселен,  ол  ертегі  жанры  туралы 
мынадай  пікір  айтады:  «Ертегі:  қусқа қарап  адам  ушуды  қиял  етеді, 
балыққа қарап  жузуді қиял етеді,  алысқа қарап  сөйлесуді қиял етеді, 
осы  сықылды  қиялдардан  «кілеммен  ушу»,  «су астына  отау тігу», 
«сиқырлы  тіл- 
сыммен  алыстан  сөйлесу» 
тәрізді 
ертегілер 
туады»,- деуінен  [373,  5  б.],  ертегі  жанрының басқа да  фольклорлық 
жанрлардан  басты  ерекшелігі  халықтың  ерекше  қиял-  арманы  мен
279

шындықтың арақатынасында  жатқанын дүрыс  анықтаған.  Сондай-ак 
С.Мүқанов  ертегінің  шыққан  дәуірін,  оны  шығарған  адамның  кім 
екенін  дәлдеп  белгілеу  қиындығына,  ертегіде  адам  қоғамының  өмір 
сүру дәуірінің өткен өмірі  бар екендігіне т.с.с.  назар  аудартады.  Осы 
орайда  С.Мүқанов  фольклорды  кәрі  әдебиет  деп  қарастырады.  «Кврі 
әдебиетгің»  бір  түрі  ретінде 
мақалада-  қоғамның 
түрмыс 
тәжірибесінен  тапқан  шындығы жатуы жөніндегі  қүнды  пікірі  орын 
алған.
Одан әрі С.Мүқанов қазақтың халық поэзиясына тоқталмас бүрын 
белгілі  ақын  Абайдың:  «Туганда  дуние  есігін  ашады  өлең,  / /  Өлеңмен 
жер  қойнына  кірер  денең»,-  деғен  философиялық  өлең  жолдарын 
келтіре  отырып,  фольклордың  бір  арнасы  регінде  пшідехана  үстінде 
айтылатын  ән-күй  ерекшеліктеріне  тоқталады:  мүндай  өлеңнің  қазак 
түрмысының  гиындығына  сүйеніп  шығарылатындығына;  бала  туған 
соң үш күн үдайымен жастардьщ түнде жиналып, шілдеханада күзете 
отырып ән-күй айтатынына т.с.с. көңіл бөлген.
Сондай-ақ  жоқтау  жырларының  ерекшеліктері  де  сөз  болады: 
ескі  ауылдың  әдегінде  өлген  кісіні  әйелі,  қарындасы,  шешесі,  келіні 
жоқтайтыны;  жоқтау басы өлер адам соңғы демін алмай түрып,  көзін 
ақтық  жүмбай  түрып  басталатыны  т.с.с.  айтылады.  Осы  туу  мен 
өліктің  екі  арасы  қазақтың 
фольклорында  өлең  мен  әннен 
үзілмейтініне  назар  аударта  отырып:  қыз  үзатарда  «аужар»,  яғни 
«жар-жар»  орындалатыны; 
келіншек  түскенде  «бет  ашар»,  «айт 
келін»  айтылатыны;  мал  мен  адам  ауырса  бақсылар  өлеңмен,  әнмен 
зарнап  емдейгіні; 
өлікке  көңіл  әнмен,  өлеңмен  айту  да  болғаны, 
бүрынғы  заманда  жастардың,  балалардың  ойын-сауығы  өлеңмен, 
әнмен 
өтетіні  де  біраз  қамтылған.  Демек  қазақтың  түрмыс-салт 
жырларына  жататын  бөбек,  жар-жар,  бет  ашар,  айт  келін,  жоқтау, 
көңіл  айту  т.с.с.  түрлерінің  халық  арасында  жалпы  орындалу 
ерекшеліктеріне де  сипаттама берген.
Жинақта  фольклордың  үсақ  жанрларына  да  көңіл  бөлген. 
Фолыслордың  бүл  түрлерін  белгілі  фольклортанушы:  В.В.Радлов, 
Ш.Уәлиханов,  Ә.Диваев,  Мәшһүр Жүсіп  Көпеев,  Ж.  Шайхулисламов 
т.б.  жинағандығы  сөз  болады.  Дегенмен  бүлардың  жинағаны  үлкен 
теңіздің  бір  қүйылысындай  дей  отырып,  жиналып  басылған  халық 
әдебиетінен  халықтың  аузында  жиналмай  жүргені  анағүрлым  көп 
екендігіне  баса назар аудартады.
Жинақта  одан  әрі  [373,  7-9  б.]  қазақ  халық  әдебиетінің  тек  үсақ 
жанрлармен  ғана  бітпейтіні  ескертіліп,  сондай-ақ  ондаған  сюжетгі 
үзақ  поэмалар  бар екені  діттеледі.  Оларды  іпггей  үш топқа  бөледі. 
Бүл  жерде  айтылатын  нәрсе  <шоэма»  деген терминнің  қазіргі  «эпос»
280


деген 
терминдік 
атаудың 
орнына  жүмсалғаны. 
Бұл 
жағдай
галымдардың  фольклорға  әдебнеттанушы  түрғысынан  келгенін, 
«эпос» ұғымы мен әдебиетгегі  «поэма» жанры теңестіріліп қолдануы 
көрінеді.
Қазан 
төнкерісіне 
дейінгі 
ғалымдар 
қазақ 
фольклортану 
ғылымына  қатысты  ғылыми  терминдерді  қалыптастыруды  қолға  ала 
қоймаса  да  ,  ал  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  Кеңес  үкіметі  түсындағы 
фолыслортанушы  ғалымдар  қазақ  фольклорына  терминдік  атауларды 
іздестірумен  шүғылданды.  Әрине- бүл ізденістің бәрі бірдей нәтижелі 

болмаған.  Оның  үстіне  казақ  филологиясында  фолыслортану  жеке
ғылым  ретінде  көп  уақытқа  дейін  танылмады.  Мүның  себебі, 
біріншіден, 
ғалымдардың 
арнайы 
фольклортанушылық 
білімі 
болмауымен  түсіндірілсе,  ал  бүл  өз  кезегінде  фольклордың  өзіндік 
ішкі  жанрлык т.б.  ерекшеліктерінің  ескерілмеуіне  әкелді.  Екіншіден, 
осы  себеп  ғалымдардың  фольклорды  тек  әдебиеттану  тұрғысьгаан 
ғана бағалауға, қарауға, ескеруге, талдауға  т.с.с.  әкелгені сөзсіз..
С.Мүканов  «әдет-ғұрып  поэмалары»  қатарына  «Қозы  Көрпеш- 
Баян  сұлу»,  «Қыз  Жібек»,  «Айман-Шолпан»  жырларын  т.б.  қосумен 
қатар, белгілі «Бозжігіт», «Мұңлық-Зарлық» т.с.  қисса-дастандарды да 
кіргізген. 
Сондай-ақ  С.Мүканов  бүрынғы  кездің  өзінде  батырлар 
жырын ғылыми тұрғыда  зерттемеген күннің өзінде геройлық эпос пен 
тарихи  эпос  түрінде  екі  жүйеге  бөлініп  келгенін  айта  отырьга 
геройлык  эпостың  («Едіге»,  «Қобыланды»,  «Сайын»,  «Тарғын», 
«Қамбар»,  «Ер  Көкше»  т.б.)  нақтылы  тарихпен  байланысы  аз,  елдің 
ертегі  қиялынан  туған  деп  түйіндейді.  Ал,  тарихи  эпосты  («Орақ- 
Мамай»,  «Ер  Есім»,  «Қабанбай»,  «Кенесары-Наурызбай»,  «Бекет» 
т.б.)  қазақ  елінің  әлеуметтік  тарихынын  белгілі  сатысында  болған 
белгілі  тарихи  оқиғамен  байланысты  карастырған:  «Мәселен:  Едіге, 
Қобыланды,  Шора,  Қамбар,  Ер  Көкшелер  тарихта  анъщ  болган, 
біразының  оқигасы,  күресі  айқын  адамдар  боп  табылып  отыр. 
Тарихтық жагынан  беті айқындалмаган  батырлар:  Сайын,  Таргын, 
Алпамыс  сияқтылар.  Олай  болса,  ертедегі  батырлармен  бертіндегі 
батырлардың 
арасына  шек  қою  өте  условно  болу  керек...  Ескі 
дәуірлердің  батырлары  туралы  шыгарылган  поэмалардың  оқигасы 
ертегілеу болып айтылады.  Мәселен Қобыланды батырдың  Тайбурыл 
деген  атының  ушқан  қустан  жуйрік  болуы  шындыққа  жатпайды. 
Махамбет  пен Бекеттің  аттарында  мундай  «қасиет»  кездеспейді. 
Махамбет,  Бекеттердің батырлыгы,  аттарының жуйріктігі ақылга 
сыятын  шындыққа 
жанасатын  оқигалар. 
Ерте  заманның 
батырларының  қайраты  шындықтан  асыңқырап  жатады.  Мундай 
айырмашылықтың  болуы  ХГҮ-ХУ  гасырда  Едіге  мен  XIX  гасырда
281

жасаган  Махамбеттің  тусындагы  қазақ  елінің  дуниетануы  екі 
сатыда  болгандьіқтан 
болуы  тиіс»,-  деуінен  [373,  8  б.],  біз 
ғалымның,  негізінен, 
эпос  жанрын  қарастырғанда  тарихи  талап 
түрғысынан келіп, олардың батырлар жыры мен  тарихи жырларға тән 
өзіндік ерекшеліктерін дұрыс ажыратқанын көреміз.
Одан  әрі  ғалым:  тарихта  белгілі  болған  батырлардың  ең  кәрісі 
Едіге  екендігіне; 
одан  бұрын  болған  батырды  казақ  әдебиетінің 
тарихы  әлі  білмейтініне;  Әзербайжан  ғалымдарының  «Қорқыт»  деген 
кісі  мен  «Көрұғлы»  деген  батырдың  «біздікі»  деген  тәрізді  даулы 
пікірлерін  келтіре  отырып,  олардың  да  қазақ  еліне  ортақ  екендігін, 
қазақ  әдебиеті  мен  мәдеиетіне  қатысы  бар  екендігін  т.б.  дәлелдеуге 
тырысқан.
Жинақ  кіріспесінде  [373,  9-11  б.]  С.Мұқанов  қазақ  батырлары 
туралы  шығарылған  жырларды  қазақ  елінің  әлеуметтік  өміріндегі 
тарихи  төрт кезеңмен  байланыстырады.  Бірінші  кезеңін-  Алтын  Орда 
кезеңімен 
жіптестірсе,  оған  дәлел  ретінде  «Едіге  батыр»  жырын 
алады.  Екінші  кезеңці-  Ресейдін  үлкен  мемлекетке  айналу  барысында 
Қазан  хандығымен  жауласуы  дей  отырып,  мысал  ретінде  «Шора», 
«Орақ-Мамай»  т.б.  жырларын  келтіреді.  Үшінші  кезең  ретінде 
«Алпамыс», 
«Ер  Көкше», 
«Қобыланды», 
«Ер 
Сайын» 
т.с.с. 
жырларынан  көрінетін  қалмақпен 
арадағы  жаугершілік  заманы 
алынады.  Төртінші  кезең  больга,  Ресей  мемлекетінің  қазақ  даласын 
отарлау  саясатын  тура  жүргізе  бастаған  мезгілі  алынған.  Оған  сол 
кезде  аты  шыққан  батырлар:  Сырым,  Махамбет,  Наурызбай,  Бекет 
т.с.с.  есімдеріне қатысты туған жырлар жатқызылған.  Сондай-ақ бұл 
тарихи  төрт  кезеңде  шыққан  батырлар  жырларының  басгапқы  үш 
кезеңін  суреттейтін  оқиғалар  тізбегі  бірімен-бірі  сапырылысып, 
араласып  жататыны,  оларды  бір-бірінен  айырып  алу,  арасына  шек 
қою  қиындығы  да  сөз  болады.  Мүның  бәрі  халық  мұрасына  сол 
кезеңде  үстем  болған  тарихи  көзқарастан  туындағаны  белгілі.  Ғалым 
С.Мүқанов  өз  пікірінің  дүрыстығын  дәлелдеу  мақсатында,  қазақ 
еліндегі  сонау  XIV,  XV,  XVI  т.б.  ғасырлардағы  тарихи  оқиғаларды, 
басты  тарихи  түлғаларды  (хандар,  батырлар т.с.с.),  тіпті  жер-су,  қала 
т.б.аттарын  келтіргенде  ондай  құнды 
тарихи  деректердің  қайдан 
алынғанына  сілтеме  жасамайды.  Шамасы  бұл  деректер  мамандарға 
белгілі  деп  есептеп  С.Мұқанов  сілтеме  бермеген  болуы  керек.  Ал, 
мұндай  жоғарыда  келтірілген  пікірлердің  не  дұрыс,  не  бүрыстығын 
айқындайтын  дерек  көздерінің  болмауы,  ғылыми  пікірдің  неғүрлым 
дәлелді 
болуына 
күмән  туғызары 
сөзсіз. 
Сонымен 
қатар 
С.Мүқановтың:  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет