Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет176/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

3-тапсырма
1-нұсқа
Жұмбақты шешіңіз. 
Аузы бар, тілі жоқ, 
Терісі бар, жүні жоқ. 
Жүрегі бар, ізі жоқ, 
Қанаты бар ұшпайды, 
Су астында қыстайды. (Балық)
«Балық» тақырыбын жазбаша сатылай кешенді талдау. 
2-нұсқа
Мақалды жалғастырып жазыңыз. 
Бұлақ болмаса, 
...... болмас еді. (Өзен) 
«Өзен» тақырыбын жазбаша сатылай кешенді талдау. 
 
ІV. Cергіту сәті. 
 
4-тапсырма. Тестік тапсырма. 
1-нұсқа
1.Суда да, құрлықта да мекендейтін омыртқалы жануарлар: 
а) Бақа, құрбақа, тритон (Бақа, құрбақа, тритон)
ә) Кесіртке, жылан 
б) Қолтырауын 
в) Тасбақа 
2.Қазақстанның биік тау құздарын мекендейтін ірі жыртқыш аң: 


а) Мәлін 
ә) Ілбіс (Ілбіс)
б) Жолбарыс 
в) Арыстан 
3.Жыртқыш құстар: 
а) Жапалақтар,сұңқарлар, қаршығалар
(Жапалақтар,сұңқарлар, қаршығалар)
ә) Қайшыауыздар 
б) Түйеқұстар, киви, пингвиндер 
в) Бірқазан, сары құтан, шүрегей 
4.Өсімдіктердің көбею мүшелері: 
а) Тамыр, сабақ, тұқым (Гүл,жеміс, тұқым) 
ә) Гүл, жеміс, тұқым 
б) Дің, бүр, жидек 
в) Жаңғақ, дән 
5.Сабақтарының пішіні төрт қырлы өсімдіктер: 
а) Қалақай, егінгүл (қалақай, егінгүл) 
ә) Қияқ 
б) Жауқазын 
в) Дала өсімдіктері 
6.Жердің ауалы немесе газды қабығы: 
а) Гидросфера 
ә) Атмосфера (Атмосфера) 
б) Стратосфера 
в) Литосфера 
7. Жердің су қабығы: 
а) Атмосфера 
ә) Биосфера 
б) Гидросфера (Гидросфера) 
в) Литосфера 
8.Мұхиттың (теңіздің) бір бөлігі, ол құрлыққа тереңдеп еніп жатқанымен, 
мұхитпен (теңізбен) еркін жалғасады: 
а) Шығанақ (Шығанақ) 
ә) Бұғаз 
б) Түбектер 
в) Аралдар 
9. Қазақстанның ең жылы айы: 
а) Маусым 
ә) Шілде (Шілде) 
б) Тамыз 
в) Қыркүйек 
10. Халық нышандарының дұрыстығын тексере отырып, жаңбыр жауарда: 
а) Қарлығаш пен сұр қарлығаштар өрлеп ұшады 
ә) Өрмекші өрмегін өршелене тоқыса 
б) Әтеш кешқұрым шақырса 
в) Аспанда жұлдыз жиі көрінсе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет