Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


V. Бағалау: Өзін-өзі бағалау.  10-сабақ



Pdf көрінісі
бет178/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

V. Бағалау: Өзін-өзі бағалау. 
10-сабақ. 
Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттер
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Қанатты сөздердің мәнін ұғынып, денсаулықтың қадіріне
жетуге баулу.
ә)Білімділік: Адам және оның дене құрлымы туралы білім алып, ең
маңызды түйіндерді сызбаларға салуға, өз бетінше жұмыс жасауға, ойын 
еркін жеткізе білуге мүмкіндік беру. 
б)Дамытушылық:Логикалық ойлау, пәннің ғылыми тілінде сөйлеу 
қабілеттерінің дамуына жағдай жасау. 
 


Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы. 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Сызба, қанатты сөздер. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, сурет, қазақ тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта 
 
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. 
Топтарға бөліну. 
 
ІІ. Жаңа сабаққа бағыттау. 
Бірінші кезең: Мақсаты: Жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра 
отырып, өтілетін материалды жеңіл, ұғынықты меңгеру.
Қанатты сөздерді түсініп оқып, қатеріңізде сақтаңыз! 

Дұрыс жолға қойылған денешынықтыру ойындары оқу білім алуға 
бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе. 
Ғ. Мүсірепов 

Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын 
алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы. 
М.Я.Мудеров 
- Қанатты сөздерден нені ұқтыңыздар? Ойларын дәлелдеу.(Ойтолғау). 
- Олай болатын болса бүгінгі сабағымыз, адам және оның мүшелері 
туралы болмақ.
 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: Дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет