Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет36/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Сабақтың технологиясыСатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Тірек сызба. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта. 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
«Күлкі» дидактикалық ойын.  Оқушылардың бір-біріне жақсы көңіл-күй 
сыйлау мақсатында, бір-біріне қарап, ыңғайланып отырып, бір-бірінің 
жүзіне қарап, күледі. Мұндай әрекет күн ұзаққа көңіл-күйлерінің жақсы 
болуына әсер етеді. 
ІІ. Жаңа білімге бағыттау. 
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа білімді 
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл
ұғынықты меңгерту. Тірек тапсырма: Білім алушылардың алған 
білімдерін естеріне түсіріп, берілген жаңа сабаққа негіз болатын 
тапсырмалармен жұмыс.  
Тапсырма: «Жүйесін тап» ойыны. 
Ойынның шарты: Шеңбер бойында орналасқан әріптерді жүйесін тауып 
оқығанда, оқу-білім туралы айтылған халық мақалы шығады. Ол қандай 
мақал? 
К і 
б
т 
і
м
п 
а
л
і
(«Кітап – білім бұлағы») 
б ұ 
ы ғ 
л а 


а) Мақалға айтылым әрекеті бойынша ойтолғау жасау.
Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты 
сөздерінің қадірін жете біліп, күнделікті өмірде қолдана алу, нақыл 
сөздердің, мақал-мәтелдердің мәнін түсінуге жетелеу. Оқушылар «кітап», 
«білім», «бұлақ» болып үш топқа бөлінеді. 
«Серпілген сауал» ойыны. Орамалды кім тосып алса, сол оқушы берілген 
сұраққа жауап береді. 
Сұрақтар:
- Кітап сөзі қандай буынды сөз? 
- Білім ше? 
- Бұлақ сөзі ше? 
- Буын түрлерін атап, дәлелдеп беріңіз. 
- Тасымал дегеніміз не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет