Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет33/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

III. Алған білімдерін зерделеу.
Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер іске асады. 
 
Мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзіңізбен баяндаңыз.
 
Еңбекпен ел көгерер 
 Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы, 
өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып, тиісті құрал-саймандар мен
жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл әрекеті. 
Даналығы түпсіз терең, тарихи тәжірибесі ұшан-теңіз халық: 
Асық ойнаған - азар, 
Доп ойнаған - тозар, -
деп, шамадан тыс ойын-сауықшылдық, ырду-дырдуға құмарлық адамды 
бұзатынын, ал оны дене және рухани бүлінуден аман алып қалатын бірден-
бір құдіретті күш – еңбек екенін баяғыда-ақ білген, соны келешек қауым, 
кейінгі ұрпаққа өсиет еткен: 
Қ 
Т 


Еңбек деген байлық бар, 
Ерінбеген жететін. 
Ынта болса адамда, 
Қиын іс жоқ ғаламда. 
Бейнет, 
Бейнет түбі –зейнет. 
1. Мәтінде не туралы айтылған? 
2. Асық ойнаған - азар, 
Доп ойнаған - тозар, - дегенді қалай түсінесіздер? 
3. Еңбек туралы тағы да қандай мақал-мәтелдер білесіздер? 
ІV. Дәптермен жұмыс.
Бб әрпі мен дыбысын көркемдеп жазу. 
Еңбек сөзін жазып, сөзге математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме 
беру. Оқыту формасы: ұжымдық. Жазылым бойынша тілдік материалды
сатылай кешенді талдау жасау. (1-деңгей)
Үйретуші жазады, үйренуші жазады. Үйренуші жазғанын дауыстап 
айтады. 
 
Үлгі: 
Берілгені: Еңбек сөзінде қанша дыбыс бар. Оның нешеуі дауысты, нешеуі 
дауыссыз екенін бізден сұрайды. 
Ол былай өрнектеледі: 
Берілгені: Еңбек = =
=?; 
Шешуі: Еңбек сөзінде бес дыбыс бар. Оның екеуі – олар: 2е дауысты 
дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз 
қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады. Үшеуі – олар: ң, б, 
к дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан 
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады. 
Ол былай өрнектеледі: 
2(2е)дауысты
5о= 

3(ң,б,к)дауыссыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет