Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Әжесі: Өмір сүру үшін не қажет?- деп сұрады.  Үшінші немересі



Pdf көрінісі
бет75/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Әжесі: Өмір сүру үшін не қажет?- деп сұрады. 
Үшінші немересі былай деп жауап берді: Алтын, мал, ақша, қажет. 
Әжесі: Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су , тұз, қыз, ақыл қажет. Су 
тіршіліктің нәрін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін 
келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді. 
«Мектептегі мерекелер» журналы №5, 2013 
Сұрақтар: 

Әже немерелеріне қандай ақыл айтты? 

Әже сізге қандай туыс болып келеді? 

Әжеңіз сізге қандай ақыл-кеңес айтады? 
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы 
ой толғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді, 
зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады, өз 
бағасын береді. 


V. Шығармашылық тапсырма. (деңгейлеп тапсырма беру. Білім 
алушы өз таңдауы, шама-шарқына қарай тапсырманы орындайды). 
Жеке жұмыс. 
1. «Менің әжем» тақырыбына шағын мәтін құраңыз. 
2. Болашақта ақын болғыларыңыз келе ме?
Олай болса, өз әжеңізге арнап өлең жазып көріңіз. 
Әже 
Ақ самайлы ақ әжем, 
Әр бір сөзі дәрі әжем. 
................................... 
.................................. 
3.Өзіңіз жазған өлеңді поэзиялық талдап беріңіз. 
 
VI. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді поэзиялық талдауға жаттығу. 
2. Ы. Алтынсарин туралы іздену. Кез келген өлеңін поэзиялық талдап 
жазып келу. 
5-сабақ. 
Сабақтың тақырыбы:  Ананың сүюі. Ыбырай Алтынсарин 
 
Сабақтың мақсаты: 
а) Тәрбиелік: Оқығанын, түсінгенін өмірде дұрыс қолдана білуге, ананы 
ардақтауға үйренеді. 
ә) Білімділік: Сауаттты талдап, ойын еркін жеткізуге машықтанады. 
б) 
Дамытушылық: 
Түрлі 
тапсырмалар 
орындау 
арқылы 
дүниетанымдарының дамуына жағдай жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет