Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет71/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 
 
Жеке жұмыс. Шығармашылық тапсырма. (Дарынды және талантты 
балалар). 
Тапсырма: 
Ана тілі, туған жер туралы бір немесе екі шумақ өлең құрап жазу. 
V. Сабақты қорытындылау. Кері байланыс парағын толтыру. 
VI. Үйге тапсырма.
1.Кез келген тақырыпқа өлең жазып, поэзиялық талдап
жазу. 
2.«Жарты парақ» әдісі бойынша, ақын М.Мақатаев туралы мәлімет іздеу, 
өлеңдерімен танысу. 
 
 
 
4-сабақ. 
Сабақтың тақырыбы:  Ақ кимешек көрінсе. Мұқағали Мақатаев 
 
Сабақтың мақсаты: 
а) Тәрбиелік: Топтық жұмысқа төселіп,өлеңнің тәрбиелік мәнін терең 
ұғынуға, қорытынды жасай білуге, қарттарды сыйлауға үйренеді. 
ә) Білімділік: Өлеңді поэзиялық талдаудың толық сатыларын меңгеріп, 
сауатты жазу,айту және тыңдау қабілеттерінің қалыптасуына жағдай 
жасау. 
жел 
 тау 
су
 
гүл 


б) Дамытушылық: Мақал-мәтелдер, өлеңдер құрап жазу және 
шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы терең ойлануға, ізденуге 
бағыт-бағдар сілтеу. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. 
Сабақтың технологиясы: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, тірек сызба, кесте, бағалау парағы. 
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта 
 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. 
Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектер айтады.Топтарға бөлінеді. 
ІІ. Ой шақыру. Мақсаты: өтілетін материалды жеңіл, ұғынықты 
меңгеруге дайындау.  
Шебер болсақ тіл байып, 
Шешендіктер бір ғайып. 
Мақал-мәтел үйреніп, 
Тілімізді шыңдайық. 
Интерактивті тақтада мақал-мәтелдер жазылып тұрады. 
 Кәрі - кәрінің сөзі дәрі. 
 Қәрісі бар үйдің, перісі бар. 
 Аталар сөзі - ақылдың көзі.
Сұрақтар: 

Мақал-мәтелдер кімдерге арналған? 

Мағынасы қандай? 

Ата-әже туралы тағы да қандай мақалдар білесіздер? 
(Білім алушылар мақалдың мағынасын ашады, ойтолғайды). 
Олай болса балалар, бүгінгі сабағымызда ақиық ақын Мұқағали 
Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңімен танысасыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет