Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет167/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   677
ӘБІЛДАЕВА  Гүлзакира  (29.3.1956.  Оңт.  Қазақстан  обл.  Ордабасы  ауд.  Қ.Мұңайтпасов  атынд. 
ұжымшар -2004. Алматы) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1982). 1984 - 90 ж. Қазақ-стан Жазушылар 
одағының  Әдебиетшілер  үйі  мен  Әдебиет  қорында.  1990  -91  ж.  "Ақжелкен"журналында.  1991 
жылдан  Қазақ  радиосында  қызмет  атқарған. 1978  ж.  "Таңғы дауыс"  жыр  жинағы  жарық  көрген. 
ӘБІЛДАҰЛЫ Бақтыяр (10.11.1937 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ақкөл а.)- журналист, жазушы, 
драматург. ҚазҰУ-ды бітірген (1959). 1959 ж. Жамбыл обл. қазіргі "Ақ жол" газетінде тілші, бөлім 
меңгеруші болды. Қазір осы газетте бас редактордың орынбасары. Алғашқы жинағы "Тұлпардың 
тұяғы" хикаяты 1980 ж. жарық көрген. 1986 ж. Жамбыл обл. қазақ драма театрында 1986 ж. "Айша 
бибі" трагедиясы. 1992 ж. "Сыпатай батыр" пьесасы, 1995 ж. "Төле би" драмасы 1999 ж. "Мырза 
Мұхаммед  Хайдар"  драмасы  қойылды.  "Төле  би  және  Қойгелді  батыр"  (1992),  "Рысбекбатыр" 
(1994),"Байзақ датқа","Бөлтірік би" (1996), хикаяттары, "Талас - Тараз" (1998), "Жауғаш батыр - 
Абылай  ханның  елшісі"  (1999),  "Сыпатай  батыр"  (2000)  романдары  жарық  көрген.  Бірнеше 
медальдармен марапатталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет