Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет169/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   677
ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ  Сейітхан(  18.9.1926.  ҚХР,  Алтай  аймағы,  Жеменей  ауд.  Топтерек  а.  - 
18.1.1999. Алматы) - жазушы, ақын. 1944 - 45 ж. Шығ. Түркістандағы ,ұлт-азаттық көтерілісіне 
қатысқан.  1947  ж.  Шығ.  Түркістан  Жеменей  ауд.  жастар  ұйымының  хатшысы.  1948  -  54  ж. 
Шыңжаң халық демокр. одағының Қаба ауд. атқару к-тінің бастығы. Ажай атқару к-ті бастығының 
орынбасары.  1954  -  57  ж.  Қытай  ком.  партиясы  Алтай  аймақгық  к-тінің  үгіт-насихат  бөлімінің 
меңгерушісі,  1958  -  64  ж.  "Алтай"  газетінің  бас  редакторы  қызметтерін  атқарған.  Қытайдағы 
мәдени  төңкеріс  кезінде  қуғынға  түседі.  1969  ж.  абақтыдан  қашып  шығып.  Моңғолияға  өтеді. 
Қаламгердің үш роман, төрт повесть, екі өлеңдер жинағы моңғол, қазақ тілдерінде жарық көрген. 
Қазақстанда  1981  ж.  "Қара  боран"  романы  жарық  көрді.  1993  ж.  ата  мекеніне  оралған  жазушы 
"Оспан батыр", "Бір уыс қан" атты шығармаларын жазды. 
ӘБІШЕВ Әлжаппар (15.10.1907. Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. -24.8.2001) - жазушы, драматург, 
Қазақстанның халық жазушысы (1985). Еңбек жолын Қарағанды кен орындарында шахтер болып 
бастаған. Тұңғыш кітабы - "Завалға" (1936) жүмысшылар өмірі арқау болған, кейін "Армансыздар", 
"Төлеген  Тоқтаров"  (1944),  "Саржан"  (1945)  повестері  жарық  көрді.  Ә-тің  көлемді  прозалық 
туындыларының  бірі  -  "Жас  түлектер"  (1945)  романы.  Әр  жылдары  жазылған  "Үлкен  жолда" 
(1948),  "Терең  тамырлар"  (1952),  "Сәуленің  күлкісі"  (1978)  повестері  мен  "Сахара  сәулеті", 
"Найзағай" (1969), "Атыңнан айналайын" (1988) романдары да оқырмандар ықыласына бөленді. 
Ә. шығарм-ның ең бір шоқтықты  саласы - драматургия. 30-дан астам пьеса жазды. Олар: "Отан 
үшін"  (1939),  "Жолдастар"(1940),  "Қырағылық"(1941),  "Намыс  гвардиясы"  (М.Әуезовпен  бірігіп 
жазған.  1942),    "Достық  пен  махаббат"  (1947),  "Мен  өлмеймін"  (1948),  "Бір  семья"  (1948), 
"Күншілдік"  (1954),  "Кім  менің  әкем"  (1957),  "Белгісіз  батыр"(1966),  "Армандастар"  (1966), 
"Сәкен" (1965), "Мансап пен ұждан" (1977), "Көлеңкелер қалай жоғалады" (1978), "Мәди"  (1977), 
"Нұрлы  жаңбыр"(1981),"Кәусар"(1982),  "Ажалсыз  адам"  (1983),  "Сәкен  аманаты"  (1987),  т.б. 
Ә-тің пьесалары әр жылдары респ.. обл. театр сахналарында қойылды. Бірқатар шығармалары шет 
ел  тілдеріне  аударылған.  Еңбек  Қызыл  Ту,  Халықтар  Достығы,  екі  мәрте,  "Құрмет  белгісі" 
ордендерімен марапатталған. 
ӘБІШҰЛЫ Шалқар (5.5.1944 жт.. Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек ауд. Қошқар ата а.) - ақын. "Өмір 
сабақ өзгені ойландырсын", "Ана туралы жыр" (1995). "Жақсы болу - өзіңнен" (1999), "Ойланып 
көрші  өзің  де!",  "Мән  бергін  жастар  -  сөзіме!",  "Жыр  додасы"  (1995),  "Аңсаймын  ауылымды" 
(1996). т.б. кітаптары жарық көрген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет