"БОЗҒҰЛАН" - батырлық жыр. 7-8 буынды және 11 буынды жыр үлгісімен жазылған.
Шығарма оқиғасы ертегі мазмұнына құрылған. Жеті жасар хан баласы Бозғұланның өз елін
шапқан қалмақ ханы Өмірханнан кек алып, олжалы оралған ерлік істері баяндалады. Жырдың
толық нұсқасын Ә.Бөрібаев қызылордалық Б.Баймағамбетовтен жазып алған. Бұл нұска Әдебиет
және өнер ин-тында қолжазбалар және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
"БОЗЖІГІТ" - ғашықтық дастан. Мазмұны жағынан Шығыс елдері дастандарына ұқсас. Ең
көне нұсқасы 1842 ж. жазылып алынып, 1870 ж. В.В. Радлов жинағында жарияланған. Мұнан
кейін "Б." Қазан, Орынбор. т.б. қалалардың баспаларынан 14 рет жеке кітап болып басылған.
1911 ж. қиссашыл ақын Ақылбек Сабалұлы "Б." жырын өңдеп, Қазан қ-нда қайта шығарған.
Жыр мен қара сөз аралас жазылған қисса түріндегі нұсқасымен қатар таза өлеңмен жазылған
дастан түрі де кездеседі. Дастан қазақ даласына қолжазба түрінде ғана емес, ауызша да
айтылып, кең тараған. Дастанның қолжазба нұсқалары мен басылымдары Санкт-Петербург,
Мәскеу, Қазан, Орынбор, Алматы қ-ларының кітапхана кррларында сақтаулы. Ескі
қолжазбаларьшың бір нұсқасы Британия мұражайында сақталған. Халық ақыны И.Жылқайдаров
"Б." сюжеті негізінде 1940 ж. поэма жазған. Оның қолжазбасы Орт. ғыл. кітапхананың
қолжазбалар қорында сақтаулы.