дат жазушысы Кнут Гамсунның "Аштық", "Тылсым", "Орман тәңірі", "Махаббат мұңы"
романдары мен орыс жазушылары Р.Фрайерманның "Түз тағысы Динго", "Тұңғыс қызы",
Д.Манин-Сибиряктің "Қыр хикаялары", югослав жазушысы Б.Китановичтің "Жаужүрек"
повестері мен әңгімелер жинағы, т.б. жеке-жеке кітап болып шықгы. А-тың аудармашылық
қызметінің тағы бір нәтижесі - Шоқан Уәлихановтың негізгі шығармаларының қазақ
оқырмандарына жетуі. Сондай-ақ ол әр жылдары А.С. Пушкиннің, Т.Шевченконың,
И.Тургеневтің, А.Майковтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Журналистика саласынағы жемісті
еңбегі үшін екі мәрте "Құрмет белгісі" (1973. 1985), "Парасат" (2004) ордендерімен және
медальдармен, екі мәрте Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1984,1994)
марапатталған. "КСРО Баспа-сөзінің үздік қызметкері"(1968)атағына, төрт рет Журналистер
одағы сыйлығына (1967, 1968.,1977, 1995) ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: