"Шамшырақ-Ақтөбе" ЖШС президенті. "Бастау" (1980), "Шырақ-ғұмыр" (1984), "Дәруіпшама"
(1995). т.б. жыр жинақтарының авторы. Құмық тарихшысы Мурад Аджидің "Қыпшақ даласының
жусаны" тарихи эссесін, орыс ақындары А.Вознесенскийдің, А.Ахматованың, А.Блоктың өлеңдерін
қазақ тіліне аударған. "Ерен еңбегі үшін", "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл" медальдарымен, Қазақстан Жоғ.
Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Президентінің публицистерге арналған
грантының иегері (2002).
"
АҚ ЖЕЛКЕН" - жасөспірімдерге арналған әдеби-көркем журнал. Айына бір рет шығады.
1925ж."Пионер" деген атпен Орынбор қ-нда шыға бастаған. Алғашқы редакторы - Е.Алдоңғаров.
1931ж. "Екпінді жас" деген атпен шыққан. 1937 - 38 ж. "Вожатый көмекшісі" деген атпен шыққан.
Соғыс жылдары жабылып. 1946 - 58 ж. "Пионер" деген атпен шығып тұрған. 1959 ж. жабылып
қалып, 1978 қайта ашылған. 1991 жылдан "А. ж." аталады. Қазіргі бас редакторы - Ораз Нұрғали.
Журналда тарихи, ғыл. танымдық, тәрбиелік мәні мол мақалалар, сондай-ақ талапкер
жасөспірімдердің, мектеп оқушыларының өлең-жырлары, әңгімелері, хикаяттары ұдайы
жарияланады. Көлемі 4,2 баспа табақ. Таралымы 4066 дана (2005).
"АҚ ЖОЛ" - қазақ халқының қоғамдық-саяси ойының және мәдени-ағарту ісінің дамуына ықпал
еткен газет. 1920 - 25 ж. Ташкентте Түркістан Компартиясы ОК мен Түркістан АКСР-ы ОАК-нің
органы, 1925 - 26 ж. Шымкентте БК(б)П Сырдария губкомының органы ретінде шығарылды.
Алғашқы редакторы -
Сұлтанбек Қожанов. Кейін газет редакторлары
Н.Төреқұлов, С.Оспанов,
И.Тоқтыбаев, т.б. болды. Оның жұмысына
М.Дулатов, Б.Сүлеев,
Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов,
І.Жансүгіров, А.Байтұрсынов, Т.Шонано, т.б. қазақ зиялыларының үлкен шоғыры араласқан. Алаш
қозғалысының қайраткерлері қазақ халқының мүддесіне қатысты тақырыптарды қозғап, мақалалар
жариялады. Газеттің саяси-идеялық бағыты құрылтайшыларға ұнамады. Оның жұмысына көп
кедергілер жасалды. Коммунистер "қызыл" деген сөзі бар атауды алмай, газеттің "Ақ жол"
аталуының өзінен күдікті мән іздеді. 1925 ж. 29 мамырда И.В. Сталин РК(б)П Қазақ өлкелік к-тіне
жолдаған "Қазақ баспасөзі туралы" хатында "А. ж." мен Мұстафа Шоқай арасында идеялық бірліктің
байқалатындығын жазып, партияда жоқ зиялыларды коммунистік басылымға жолатпауды талап
етгі. Сталиннің хаты ескі интеллигенцияны қуғындауға жол ашып, 20 ғ-дың 20-жылдарының
алғашқы жартысында Қазақстанда жарық көрген ұлттық басылымдарға үлкен соққы болып тиді.
"А. ж." газеті халық алдындағы парызын адал орындаған, ұлттық рухын көтерген
басылымдардың бірі болып тарихта қалды.
Достарыңызбен бөлісу: