АҚЫЛБАЙАбайұлы (1861 ж. ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстау қонысы – 1904 ж. Семей) - ақын.
Абайдың үлкен ұлы. Атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған. Ауыл молдасынан білім алған.
Сазгерлік талантымен де халыққа танылған. "Бір ән тауып Әлекең бер деген соң" деп басталатын әні
халық арасына кең тараған. Орыс, Еуропа әдебиетімен өз бетінше оқып танысқан. Әкесі Абайдың
кеңесі бойынша үш поэма жазған. "Зұлыс" поэмасының оқиғасы ағылшын жазушысы Г.Р.
Хаггарттың (1856 -1925) "Сүлеймен патшаның кеніші" атты әйгілі романынан алынған. Бұл поэма
толық сақталмаған. "Жаррах" поэмасы мүлде жоғалып кеткен. Толық сақталған "Дағыстан"
поэмасының тақырыбы - әділет пен зұлымдық күресі. Дастанға Дағыстан елінде, Кавказда болған
оқиға өзек етіп алынғанымен қазақ өмірі үшін зор мәні бар әлеуметтік мәселелер көтерілген.
Ақылбайдың 4-5 лирикалық өлеңі сақталған.