Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет59/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   677
АҚЫПБЕКОВ Өтепберген (8.10. 1950 ж.т.. Алматы обл. Қапалауд. Ақсу а.) - ақын. 1973 - 85 ж. 
"Қапал еңбеккерлері" газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, "Октябрь 
туы" (казіргі "Жерұйық") газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1985-95ж. 
"Қазақ  әдебиеті",  "Жалын",  "Денсаулық",  "Жан-ашыр",  "Халық  конгресі"  басылымдарында  аға 
тілші,  бөлім  меңгерушісі,  бөлім  редакторы,  жауапты  хатшы,  1995  -  98  ж.  "Казгидромет" 
агенттігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында, ҚР Ұлттық Банкінде жұмыс істеген. Қазір 
ҚР Әділет министрлігінің басқарма бастығы. Алғашқы өлеңдері 1973 жылдан жариялана бастады. 
Балаларға арнап "Доп" (1985),    "Футболшы боламын" (1982),    "Жарыс" (1985), "Айдын шалқар" 
(1986),  "Жарыстан  соң  жарыс",  "Балабақтың  бір  күні","Экологиялық  әліппе",  "Қырық  қыз", 


"Балдай тәтті әліппе", "Ажарлы Астана", "Қызықты әліппе", "Айдындағы әліппе", "Керек кітап", 
"Мен таңдайтын мамандық", "Төрт түлік төресі кім?" (1986), "Жылдың төрт мезгілі" (1990), т.б. 
жыр  жинақтары  жарық  көрді.  Литван  ақындары  Г.Леонардас  пен  Г.Рамутенің,  шешен  ақыны 
А.Ахметукаевтың бір топ өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар 
одағы,  Қазақстан  ЛКЖО  ОК  мен  "Жалын"  баспасының бірлескен  дәстүрлі  жабық  байқауының 
және респ., халықар. мүшәйралардың жүлдегері болды. 
 
АҚЫТ  Үлімжіұлы  Қарымсақов  (ААлтайский)  (1868.  ҚХР.  Алтай  аймағы.  Көктоғай  ауд., 
Қайырты а. - 5.8.1940. Үрімжі қ.) - ақын. Жас кезінде немере ағасы Садық Жебейұлынан. ауыл 
молдасы Ғұсманнан дәріс алған. 1902 - 04 ж. Бұхарада "Мир араб" медресесінде оқып, араб, парсы, 
түрік, орыс, моңғол тілдерін меңгерген. 1907 ж. Меккеде болған. 1908 ж. Сартоғайда медресе ашып 
өзі сабақ берген. 1912 ж. Ажай аймағының халқы оны қазы сайлайды. Ақынның алғашқы кітабы 
"Жиһаншы" 1891 ж. жарық көрді. Қазан төңкерісіне дейін "Қиссаи Жиһан Шаһ Тамуз Шаһұғлы" 
(1901), "Қисса Ғабдулмәлік" (1902), "Ахуал қиямет" (1908), "Абият акдия" (1909), "Керей ишаны 
Мұхаммед  Момын"  (1909),  "Қисса  Сейфулмәлік"(1909),  "Абақкерей  шежіресі",  "Ер  Жәнібек", 
"Алтай",  "Сейітбаттал  Ғазы"  кітаптары  басылып  шықты.  А.  жастарға  арнап  "Ғылым-сәуле.  нұр 
жарық", "Қыздарға", "Ғибрат үшін жазайын", "Жігіттерге", "Бісімілла деп бастайын", т.б. өлеңдерін 
жазды.  Оның  шығармалары  "А.Алтайский"  деген  бүркеншік  атпен  "Айқап"  журналына 
жарияланып тұрды. "Заманы  сөйлесін",  "Заман келді  қырланып", "Адамның жасы", "Асан ата", 
"Шыңжаң қаритасы", т.б. туындылары ел арасына кең таралған. 1938 ж. өкімет ақынды тұтқынға 
алып, мешітін талқандады. 1940 ж. тамызда Үрімжі түрмесінде азаптап өлтірді. 
 
АҚЫШ Нұрдәулет Бәбиханұлы (15.6.1950 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Тарбағатай ауд. Маңырақ а.)- 
жазушы,  ғалым,  филол.  ғыл  канд.  (2004).  ҚазҰПУ-ды  бітірген  (1973).  1976  -  79  ж.  "Мектеп", 
"Жалын" кітап баспаларында редактор, 1980 -84 ж. "Қазақ әдебиеті" газетінде аға тілші, 1984 - 86 ж. 
"Жұлдыз" журналында әдеби қызметкер, 1986 - 87 ж. " Қазақфильм" киностудиясында сценарист, 
1987  -  90  ж.  "Қазақстан  мұғалімі"  газетінде  бөлім  меңгерушісі,  1990  -  92  ж.  "Халық  кеңесі" 
газетінде  парламент  шолушысы,  алқа  мүшесі,  "Заң"  газеті  бас  редакторының  орынбасары, 
"Балауса"  баспасының  бас  редакторы,  "Білім-Образование"  журналының  бас  редакторы 
қызметтерін атқарды. Қазір Әдебиет және өнер ин-тында ғыл. қызметкер, "Үндемейтін ұл" (1982), 
"Қияннан келген көгершін" (1984),  "Сынық  домбыраның  сазы"  (1985),  "Таң  алдындағы дабыл" 
(1987),  "Жатақхана  қыздары"  (1990),  "Ұры  қыздың  тағдыры"  (2001),  А.Қоразбаев  туралы 
"Алтынбектің балалық шағы" (2003), "Балалар елін бағындыру" (2005) атты көркем шығармалар 
жинағы мен "Зұлмат кезең қазақ прозасында" монографиясы (2005) жарық көрген. Балаларға да 
арналған "Жұмбақ іздер", "Әбдіреден шыққан қылыш", "Қиырдан келген көгершін", "Киелі көлдің 
қарақшылары", "Бейуақта жанған от", т.б. шығармалары бар. Жазушының "Жұмбақ іздер" (1977), 
"Таң  алдындағы  дабыл"  (1985),  "Батпақты  тоғай  басында"  (1986),  "Киелі  көлдің 
қарақшылары"(1987) шығармалары кезінде "Жалын" баспасының жабық байқауында жүлделерге 
ие болған. 
 
АҚЫШЕВ Зейтін (18.4.1911, Павлодар обл. Баянауыл ауд. - 9.9.1991. Алматы) - жазушы. Омбы 
жұмысшы ф-тін (1936). Семей пед. ин-тын (1938) бітірген. 1938 - 52 ж. Баянауыл ауд-да мұғалім, 
мектеп  директоры.    Павлодар  обл.  оқу  бөлімінің  жауапты  қызметкері,  1952  -  66  ж.  "Мектеп" 
баспасында  редактор,  редакция  меңгерушісі,  бас  редакторы,  1955  -  60  ж.  "Қазақстан  мұғалімі" 
газетінде бас редактор, 1960  - 69 ж. Қазақстан Мин. Кеңесінің қаулылар жинағы редакциясында 
аудармашы,  1969  -  76  ж.  "Қазақ  совет  энциклопедиясы"  Бас  редакциясында  аға  ғыл.  редактор 
қызметтерін  атқарған.  1930  ж.  "Ағаш  үй"  атты  тұңғыш  өлеңі  Павлодар  округтік  "Колхоз" 
газетінде  жарияланды.  Тұңғыш  очерктер  жинағы  "Біздің  шамшырақтар"  1962  ж.жарықкөрді. 
"Достарым менің" әңгімелер мен повестер жинағы (1967), "Ақбел асуы" (1971), "Жесірлер" (1973), 
"Бұршақ  соққан  жер"  (1976),  "Жаяу  Мұса"  (1981),  "Шынардың  шыбығы"  (1987)  романдары 
оқырмандарға кең танымал болды. А. "Жаяу Мұса" (1965), "Келіндер" (1967), "Құтылмайды ол" 


(1969)  пьесаларының  да  авторы.  Орыс  жазушылары  В.Ф.  Панованың  "Кружилиха",  А.И. 
Куприннің  "Жекпе-жек"  (1955),  белорус  жазушысы  Я.Коластың  "Талаш  атай"  (1956)     
романдарын      қазақ      тіліне аударған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет