жазушыға, публицистика тілі тек журналист, қоғам қайраткерлеріне, іс-
қағаз стилі кеңсе қызметкеріне ғана түсінікті болмай, қоғам мүшелерінің
бәріне ортақ қызмет атқарады.
Кейбір еңбектерде көркем әдебиет тілі, публицистика тілі, кеңсе тілі
деп те қолданыла беруі шартты. Бұл жердегі «тіл» стиль сөзінің
синонимі. Ол авар тілі, өзбек тілі дегендегі «тілмен» бір ұғымда емес.
Сонымен барлық стильге ортақ бейтарап тілдік амал-тәсіл стиль
ұйымдастыруға қатысуда белсенді орын алады. Бейтарап тілдік амал-
тәсілдердің бұл қасиеті екі түрлі жағдайдан байқалады. Біріншісі –
жұмсалу жиілігі, екіншісі – жұмсалу сипаты.
Стиль талғамағанмен, бейтарап тілдік амал-тәсілдердің әр стильде
жұмсалу мүмкіндігі әркелкі болады. Мысалы,
жұлдыз, бұрыш, түзу
тәрізді терминдер тек ғылыми стильде ғана емес, көркем әдебиет,
публицистика, сөйлеу тілінде қолданылуы мүмкін. Бірақ бұлардың
жұмсалу жиілігі не сипаты әр стильде әр басқа болуы ықтимал. Ғылыми
стильде бұл тәрізді терминдер жиі жұмсала келіп, стиль түзуге
қатысады. Бұған статистикалық әдіс арқылы да көз жеткізуге болады.
Тілдік амал-тәсілдер қолданылу жиілігі ғана емес, жұмсалу сипатымен
де стиль түзеді. Мысалы,
темір, көмір, ай, алтын т.б. ғылыми тексте тек
терминдік сипатта жұмсалса, көркем шығарма, сөйлеу стилінде
метафорланып та қолданылады.
Сондай-ақ
алтын, ай сөздерінің ауыспалы мағынада айтылуы
(
алтыным, айым) сөйлеу тілі, көркем әдебиет стиліне тән сипатты
аңғартатыны белгілі. Сонымен, тілдік амал-тәсілдер тек жұмсалу жиілігі
жағынан емес, қолдану сипаты жағынан да бір стильден екінші бір
стильді бөлектеп тұрады. Мұндай қасиет тек лексика емес, өзге де тіл
деңгейлерінде, оның ішінде қосымшалардың жұмсалуында да кездеседі.
Шақтың өзге формаларымен салыстарғанда ғылыми стильде
ауыспалы осы шақ жиі қолданылады. Бұл тұлға ғылыми стильде тек
қолданылу жиілігі жағынан ғана емес, жұмсалу сипаты тұрғысынан да
бөлектей түседі. Мысалы,
сілті суда ериді, металлургия өнімдері
Достарыңызбен бөлісу: