пайда болды. Болашақ кейіпкерлерінің сөзіне құлақ түрген қаламгерлер
ондайды көркемдік тәсіл ретінде қолдана бастады.
–
Мереке карсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі
өтеді. Соған жатпай-тұрмай дайындалып жатырмын. Былтыр
финалда ұтылып калғамын. Биыл қайтсем де қайтару керек.
Жасөспірімдер тобы бойынша бірінші разрядым бар... (М.Қабанбаев.
Бауыр. Әңгіме).
Бұл реплика бетпе-бет сөйлесіп отырған екі адамның арасында
айтылатын сөзден гөрі газет тілін еске түсіреді. Әңгімедегі тағы бір
кейіпкер қасындағы адамға микрофон алдында тұрғандай сөйлейді:
... Жоғары кластың оқушылары кала іргесіндегі жеміс совхозында
қияр, помидор теріп жүр. Қали секілді спортшы балаларды алып
қалғамыз. 7
ноябрь мерекесінің қарсаңында қала мектептері спорттың
әр түрінен дәстүрлі жарысқа шығады. Күні-түні алас ұрып, соған ақ
тер, қара тер дайындалып жатыр. Былтыр бірінші орынды алғамыз.
Биыл да бәйгені бермейміз деген талабымыз таудай.
Тіл шұбарлаудың жаңа «сортын» кейіпкер тілі арқылы жазушы
айқын көрсете білген.
Қалауын тауып қолдана білсе, эстетикалық
қызметте жұмсалатын
сөздердің бір алуаны – диалектизмдер. Әдетте пәлен жазушының
қаламы диалект сөздерге үйір деп сын айтылып жатады. Ал оларды
автор неге, не мақсатпен қолданып отыр деген сұрауға жауап аз. Қазіргі
көркем шығармалардың қамтитын тақырыбы сан алуан. Жазушы диқан,
шопан, жұмысшы, мұғалім т.б. өмірін шынайы бейнелеуді көздейді.
Сондықтан қаламгер өз шығармаларындағы
кейіпкерлердің іс-әрекетін
ғана емес, сөзін де әлеуметтік ортасына сай кәсіп, қызметіне,
білім-
танымына лайық етіп беруді мақсат етеді. Ондай шығармалардың тіл
кестесінде әдеби тіл нормасынан тысқары жатқан диалект, қарапайым
сөздер, архаизмдер де кездесіп отыруы заңды. Өйткені әдеби тілден
тысқарылау тұрған жергілікті ерекшеліктер кейіпкерге мінездеме беру,
олардың
білім дәрежесін, ой өрісін, мәдени деңгейін көрсету үшін,
кейіпкер сөзіне сөйлеу тіліне тән сипат беру мақсатымен жұмсалады.
Кейбір жазушыларымыздың қаламы диалектизмдерге неге іш тартып
тұрады деген сұраудың бір жауабы, міне, осыған саяды. Бірақ бейәдеби
қолданыстарды
тек құбылыс, зат атауы ретінде жұмсау (жалаң
комммуникациялық қызметте қолдану) жеткіліксіз. Мысалы:
Аттың
95