Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет37/39
Дата03.03.2017
өлшемі18,4 Mb.
#6205
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Әдебиeттер 
 
1   Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы. 1970. – 315 б.  
 
2   Простор, 1961.  №9. – 93 с. 
3   Көбдіков Т. Өлеңдер. – Алматы: ҚМКӘБ.  1955. – 45 б. 
4   Негимов С. Ақын жыраулар поэзиясы. Генезис. Стилистика. Поэтика. – Алматы: Ғылым, 2001. – 280 б. 
5   Көбдіков Т. Жырларым. – Алматы: Жазушы. 1975. – 207 б. 
6   Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б. 
 
References 
 
1   Қabdolov Z. Әdebiet teoriyasynyң negіzderі. – Almaty. 1970. – 315 b.  
 
2   Prostor, 1961.  №9. – 93 s. 
3   Kөbdіkov T. Өleңder. – Almaty: ҚMKӘB.  1955. – 45 b. 
4   Negimov S. Aқyn zhyraular poeziyasy. Genezis. Stilistika. Poetika. – Almaty: Ғylym, 2001. – 280 b. 
5   Kөbdіkov T. Zhyrlarym. – Almaty: Zhazushy. 1975. – 207 b. 
6  Қabdolov Z. Sөz өnerі. – Almaty: Қazaқ universitetі, 1992. – 352 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Төлеу Көбдіков позиясының көркемдік кестесі 

226 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
 
 
 
ӘОЖ 82-1 
 
А. Әзизова 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың г.ғ.магистрі оқытушысы,
 Қазақстан, Алматы қ. 
 
 
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық рух 
 
Мақалада  қазіргі  қазақ  лирикасының  жаңашылдығы  сөз  болып,  қазіргі  лириканың  жай-күйі,  ұлттық 
рухтың,  қазіргі  ақындардың  поэзиядағы  азаматтық  ұстанымдары  жайлы  айтылады.  Қазіргі  қазақ  лирика-
сындағы  жаңашыл  бағыттар  сараланып,  қаламгерлер  шығармашылығы ғылыми,  әдеби-теориялық  тұрғыдан 
зерттелінді. Дәстүр мен жаңашылдықтың жаңа дәуірдегі көрінісіне талдау жасалынды. Мақаланы жазу бары-
сында  қазіргі  қазақ  лирикасындағы  жаңашыл  бағыттар  сараланып,  қаламгерлер  шығармашылығы  ғылыми, 
әдеби-теориялық тұрғыдан зерттелінді. Дәстүр мен жаңашылдықтың жаңа дәуірдегі көрінісіне талдау жаса-
лынды. Мақаланың негізгі мақсаты – қазіргі қазақ лирикасындағы көрнекті қаламгер шығармашылығының 
бет-бейнесін  ашу,  жаңашылдықты  анықтау,  қазіргі  лириканың  өзіндік  ерекшеліктерін  тану,  туындылардың 
қазақ  әдебиеті  тарихындағы  орнын  белгілеу  болып  табылады.  Мақалада  қазіргі  қазақ  лирикасының  жаңа-
шылдығы сөз бола отырып, тәуелсіздік алған тұстан бері қарай қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбамен, үнмен 
келген  ақындар  легінің  шығармашылығына  ден  қойып,  қазіргі  белгілі  ақындарымыз  Қалқаман  Сариннің, 
Ақберен  Елгезектің,  Әлібек  Шегебайдың,  Алмас  Темірбайдың,  Асылзат  Арыстанбектің  шығармалары  тал-
данады. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдықты зерттеуге бағытталған бұл мақаланы жоғары және орта 
оқу орындарында, жекеленген ақындар шығармашылығымен таныстыруда қосымша материал ретінде пайда-
лануға болады. 
Түйін сөздер: ұлттық рух, қазақ поэзиясы, азаматтық ұстаным, жаңашылдық, ұлттық сана. 
 
A.O. Azizova 
National spirit in modern kazakh poetry 
 
The innovation of modern Kazakh lyrics, the loudspeaker and statics of modern poetry presents spirit to a civic 
stand of representatives of modern poetry in article special interest, national. In article it is analyzed the new 
directions of modern Kazakh lyrics, creativity of figures with scientific, literary теоритической the points of view. 
Reflection of tradition and innovation in a new era was analyzed. The main objective of this article – to open an 
image of creativity of eminent persons of modern Kazakh lyrics, to reveal innovation, peculiar features of modern 
lyrics, to designate a place of works in the history of the Kazakh literature. 
In this article creativity of such poets as Қалқаман Sarin, A beren Elgezek, Alibek Shegebay, Almas Temirbay, 
Asylzat Arystanbek which came to the Kazakh poetry the features, exclusive talents together with Independence is 
considered, the author investigates tradition and innovation of modern Kazakh lyrics, and also teoritichesko-practical 
tasks as the directions development of the Kazakh lyrics, degree of artistry, feature formal and substantial search. This 
article directed on research innovation of modern Kazakh lyrics can be used as an additional material in the highest 
and average educational institutions in training of modern Kazakh poetry, in acquaintance with creativity of certain poets. 
Keywords: national spirit, Kazakh poetry, civic stand, innovation, national consciousness. 
 
А.О. Азизова 
Национальный дух в современной казахской поэзии 
 
В статье особый  интерес представляет  новаторство современной казахской лирики, динамика и статика 
современной поэзии, национальный дух, гражданская позиция представителей современной поэзии. В статье 
анализируются  новые  направления  современной  казахской  лирики,  творчество  деятелей  с  научной,  литера-
турно-теоритической  точки  зрения.  Анализировалось  отражение  традиции  и  новаторство  в  новой  эпохе. 
Основная  цель    этой  статьи – раскрыть  образ  творчества  видных  деятелей  современной  казахской  лирики, 
выявить  новаторство,  своеобразные  особенности  современной  лирики,  обозначить  место  произведений  в 
истории казахской литературы. 
В данной статье рассматривается творчество таких поэтов, как Калкаман Сарин, Акберен Елгезек, Алибек 
Шегебай,  Алмас  Темирбай,  Асылзат  Арыстанбек,  которые  пришли  в  казахскую  поэзию  своими  особен-
ностями, исключительными талантами вместе с Независимостью. Автор исследует традицию и новаторство 
современной  казахской  лирики,  а  также  теоритическо-практические  задания  как  направления  развития  
казахской  лирики,  степень  художественности,  особенности  формальных  и  содержательных  поиск.  Эту 
статью, направленную на исследование новаторства современной казахской лирики, можно использовать как 
дополнительный  материал  в  высших  и  средних  учебных  заведениях  в  обучении  современной  казахской 
поэзии, в ознакомлении с творчеством отдельных поэтов.                 
Ключевые  слова:  национальный  дух,  казахская  поэзия,  гражданская  позиция,  новаторство,  националь-
ное самосознание. 
_________________________________
А. Әзизова 

227 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік дәуірі -  өзінің  
даму  арнасымен,  бағытымен  ерекшеленетін,  өз 
дәуіріне  сай  үні  бар  қаламгерлерді  тудырған 
дәуір.  Бұл  дәуір  әдебиеті  азаттық  таңының 
шуағына шомылып, тәуелсіздік деген ұғымның 
асқар  биігіне  шыққан  бейнесін  сомдайтын 
туындылар толқынының бейбіт шеруі іспеттес. 
Қаламгерлер шығармашылығы тек өз дәуірінің 
емес, өзіне дейінгі дәуір әдебиетімен сусындап, 
жаңа  дәуірге  сай  шығарма  жазып,  қазақ  әде-
биетінің  алтын  қазынасын  толықтыра  түскені 
байқалады.  
Әдебиет – дүниені  қабылдаудың  бірден-бір 
көркем  жүйесі.  Адам  әдебиет  арқылы  өзі  өмір 
сүріп  отырған  ортаны  тұтас  қабылдайды.  Өз 
қоғамының бейнесін, дәуірінің бет алысын бай-
қайды.  Сондықтан  әр  дәуірдің  өз  әдебиеті  бо-
лады. Әдебиет үнемі дамып, жаңарып отырады. 
Қазақ  әдебиеті  тарихының  әр  дәуіріндегі  поэ-
зиясының өзіндік үні болды. Сонау түркі зама-
нынан  бастау  алатын  қазақ  поэзиясы  өз  зама-
нында  тақырыптық-идеялық,  көркемдік  жағы-
нан  жаңартылып,  толықтырылды.  Дәстүрлі 
поэзия  өкілдерінің  өлең  үлгісі  кейінгі  ақындар 
поэзиясында  көрініс  тауып,  сонымен  қатар 
жаңа өлең үлгілері туды. Поэзияда дәстүр жал-
ғасып, жаңашыл өріс те кеңінен ашылды. Осы-
лайша қазақ поэзиясы қоржыны толыса берді.  
«Қазақ әдебиеті қай кезеңде болмасын өзіне 
дейінгі  ұлттық  әдебиетіміздің  бар  асылын,  үл-
гілі  дәстүрін  ала  отыра  дәуірге  сай  жаңа  көр-
кемдік  мүмкіндіктерді  ашты.  Әсіресе,  мұндағы 
жыраулар  әдебиеті  мен  зар  заман  әдебиетінің, 
асқарлы  Абай  өнегесінің  құнарлы  болғанын 
атап  айтқан  абзал.  Әдебиеттің  әр  кезеңінің  та-
балдырығын  шығармашылық  талаппен  аттаған 
жас  ақын-жазушылардың  қай-қайсысы  да  осы-
нау  бір  ұлт  әдебиетінің  қайнар  көздерінен  нәр 
алып  барып  түрлі  ізденістерге  бой  ұрды.  Дәс-
түрлі жалғастыру  мен  жаңашылдыққа  ден  қою 
ой-сана  тұтастығына,  идеялық-көркемдік  бір-
лікке  алып  келді.  Бәрін  біріктірген  ортақ  ұлы 
мақсат – ұлттық  сананы  оятып,  азаттыққа  қол 
жеткізу болатын.  
Белгілі  бір  дәуірде  өмір  сүрген  суреткерлер 
шығармаларында  болжалды  идея  үнемі  бірың- 
ғай күйде көрініс таппай, сан-салалы көркемдік  
шешімдер  арқылы  бой  көрсететіні  ақиқат.  Әр-
бір  әдеби  бағыттың,  көркемдік  әдістің  өз  шең-
бер  шегі,  шектеулі  мүмкіндіктері  бар.  Әрбір 
үлкен суреткердің айқындалған бағыты бар, ол 
сол  өзі  ұстанған  бағыт  жолында  еңбек  етеді. 
Бұл  бағыттарды  біріктіретін  бір-ақ  ұстаным 
бар, ол – ұлттық рух» [1, 176]. 
Ұлттық  рух  жолындағы  күрес  белгілі  бір 
дәуірде  идеяға  айналады.  Барлық  адамзаттың 
күш-жігері  мен  мүмкіндік-қабілеттері  сол  идея 
айналасында  қызмет  етеді.  Осылардың  ішінде 
әдебиет  өкілдері  идеяны  жүзеге  асыратын  бір-
ден-бір «күш иелері» болып табылады. Әдебиет 
те,  әдебиет  тарихы  да,  әдебиет  өкілдері  де  қо-
ғаммен тығыз байланыста өмір сүреді. 
Біз  шығармашылығын  сөз  етіп  отырған 
ақындар  тәуелсіздік  дәуірінің,  ата-бабамыз  аң-
сап  кеткен  азаттыққа  қол  жеткен  күнде  ғұмыр 
кешіп  жатырған  ұрпақтары.  Сондықтан  қазіргі 
қазақ  лирикасының  азаматтық  ұстанымы  мен 
идеясы – тәуелсіздікті сақтау, құрметтеу, баға-
лау идеясымен астасып жатыр. Негізінен тәуел-
сіздік  идеясы  сонау  көне  түріктер  заманынан 
бастау алып, күні кеше қол жеткен нағыз тәуел-
сіздік  дәуіріне  дейін  жалғасып  келді.  Біз  үшін 
ұлттық  жетістігіміздің  ең  қымбаты  да  осы – 
тәуелсіздікке қол жеткені. 
Ақындар  өздерін  қоршаған  ортадан  бөлек-
теніп  кете  алмайды.  Олардың  болмысы  бөлек 
болғанмен, олардың жан дүниесі мына әлеммен 
астасып жатады. Жырына арқау, жанына жылу 
болар  қажеттісін  бәрібір  біз  бен  сіз  өмір  сүріп 
отырған  әлемнен  іздейді.  Ондағы  әлеуметтік, 
саяси, қоғамдық т.б. мәселелерден сырт қалу – 
ақынға жат құбылыс. Әуел бастан ақынның бір 
қызметі – халықтың  жоғын  жоқтау  болатын. 
Сондықтан  заман  бейнесін,  сіз  бен  біздің  осы 
замани  бейнемізді,  тіршілігімізді  «өмір-өлең» 
өрнектейді. 
Жаңа  ғасыр  поэзиясындағы  қазақ  қоғамын-
дағы  ең  үлкен  тарихи  оқиғаның    бірі  тәуел-
сіздік  алуымыз  еді.  Ендеше  осы  нағыз  тәуел-
сіздікті жырға қосу осы дәуір поэзия өкілдеріне 
бұйырған  соны  тақырыптың  болып  табылады. 
Бұған  дейін  еркіндікті,  азаттықты  аңсаған  бол-
сақ,  енді  соған  жеттік,  енді  соны  бағалау  жол-
дарын қарастыруымыз, тәуелсіздіктің тарихын, 
бағасын  ұрпақ  санасына  соны  сіңіруіміз  керек 
деген  ұстаным  ақындар  шығармашылығынан 
көрінді.  Тәуелсіздік  қазақ  поэзиясында  ең  көп 
жырланған  тақырып  десек  те,  оны  еркін  де 
тәуелсіз  жырлау  осы  кезеңнің  жемісі  болып 
отыр. Өйткені қазақ елі соғыстан, бодандықтан 
құтылған  бейбіт  ел  ретінде  өмір  сүріп  отыр-
ғаны  енді  ғана.  Жетпіс  жыл  бодандықтың  қа-
мытын  киген  тұстағы  поэзияда,  әрине,  бұл 
тақырып жырланған еді, алайда тәуелсізбін деп 
айқайлайтындай қауқарлы емес едік. Тек қазақ-
тың  даласын,  қазақты  жырладық.  Ал  нағыз 
тәуелсіздік  поэзияның  пәрменді  тақырыбына 
енді  айналды.  Бүгінде  ақындарымыз  ешкімге 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық рух 

228 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
жалтақтамайды.  Өйткені  бұрынғыдай  сұсты 
семсерлі цензура жоқ.  
Сонымен  тәуелсіздік  туралы  тұғырлы  жыр-
ларын  ақындар  былайша  өрбітеді.  Қалқаман 
Саринның қарымды қаламы мен шалқар шабы-
тынан:  
 
Еркіндігім. 
Қасиеттім. 
Қастерлім. 
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! 
Кеше сенің келбетіңді арман ғып, 
Боданына бұғауландық басқа елдің. 
Бабалардың басын тігіп бәйгеге, 
Аналардың жанарына жас бердің! 
Уа, Еркіндік, 
қош келдің! – 
 
деген  жыр  жолдары  туып,  ақын  бойындағы 
шексіз  қуанышты  көрсетеді,  ал  Әлібек  Шеге-
байдың  «Қабірден  хат»  өлеңінде  тәуелсіздік 
рухына тағзым: 
 
Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап құт, 
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк. 
Бөрі мінез Бабалардың арманы – 
Айналайын, алтын қанат – Азаттық! – 
 
деп  Тәуелсіздікке  жету  жолындағы  күресте 
қаза болған Қайрат Рысқұлбековтың монологы 
түрінде берілген.   
Аппақ сезімінің сырын ақырын, үнсіз, Тәңі-
рімен  тілдесу  арқылы  шертетін  Ақберен  Ел-
гезек  те  тәуелсіздіктің  құнын  «Қанды  түнек» 
өлеңінде  құрбандарға  деген  асыл  құрметін 
білдіру арқылы ұғынған, ұғындырған: 
 
Қан төгілді, қызыл жалау құлады, 
Қатып қалды жас өркеннің бұлағы. 
Құрбандығың қабыл болды, қазағым, 
Жалп-жалп еткен сөнбесінші шырағың

 
Алмас  Темірбай  желтоқсанның  құрбаны, 
біздің  дәуірдің  батыры  Қайрат  Рысқұлбеков-
тың атынан сөйлеген моногында «Желтоқсанда 
ай туады солынан» дейді. Қазақта айдың солы-
нан  тууы  жақсы  ырым  емес.  Ақын  батырды 
осылай  сөйлету  арқылы  қазақ  тарихта  болған 
«құбыжық  құбылыс»  салқынын  тағы  бір  ойға 
салады. Осы желтоқсанда солынан туған айдан 
сақтасын деген тілегімен өлеңін аяқтайды:     
 
Айға қарап 
Ар жылайды, жыласын, 
Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың! 
Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім, 
Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?! 
 
Темір тордың алдында, 
Теңдік сұрап тұрмас мәңгі жан мына! 
«Отыз жеті» ойран қылған қазақты, 
«Сексен алты» сергелдеңге салды ма?! 
 
... Жылап тұрып, 
Жақсылыққа жорығам: 
«Алты Алашым адаспағай жолынан!». 
...Жылдың соңы... 
Кімнің соры? 
Сақтай гөр! 
Желтоқсанда Ай туады солынан... 
 
Жалпы  Желтоқсан  оқиғасының  шындығын 
білу, ол оқиғаның тарихтағы орнын беру мәсе-
лесі әлі күнге дейін ұлт тарихындағы ауыр траге-
диялы мәселенің қатарына жатады. Алайда дәл 
соның  бағасын  біліп,  Желтоқсан  құрбандарын, 
батырларының ерліктерін дәріптеу – бүгінгі ұр-
пақты  саналылыққа,  ұлтжандылыққа,  мықты 
рухқа  ие  болуға  тәрбиелейтіні  сөзсіз. Әдебиет-
тің бірден-бір тәрбиелік қуатын осындайда пай-
даланамыз.  Бұл  ескіні  қозғап,  іріткі  шығару 
емес,  тарихи  шындықты  жоққа  шығармау, 
сақтау.  
Қазіргі қазақ лирикасы бұдан өзге де азамат-
тық  лирикаларға  бай.  Әлеуметтік,  қоғамдық, 
саяси  мәселе,  жалпы  қазіргі  қазақ  қоғамын 
қамтитын үлкенді-кішілі  оқиғалар мен жағдай-
лар  ақындар  шығармашылығында  астарлы  са-
тирамен, кейде ашықтан-ашық сыналып, айты-
лып жүр. 
Тегеуріні темір үзердей жырлары бар Темір-
ғали ақынның азаматтық ұстанымы берік және 
ол оның көптеген өлеңдерінен көрінеді. Ол өзін 
қоршаған ортаны бағалау, оның келеңсіз жайт-
тарын  айтуды  өзіне  азаматтық  міндет  етіп  ал-
ғандай. Мәселен, «Сахна» өлеңі өмірді «сахна» 
қып көрсетеді. Адамдардың бәрі шетінен маска 
киіп  алған.  Біреудің  шын  бет-бейнесін  көру 
мүмкін емес. Бұл жалқы сахнада сол актерлер-
дің  өнеріне  күле  берсең,  оларды  қолпаштай 
берсең  ғана  жағады  екенсің.  Алайда  Темірғали 
ақын олардың қатарынан емес. Ол: 
 
Сахнаға қарап едім биіктен, 
Күлкің қайда, құтылмадым күйіктен. 
Мен емес ем шаттығынан безінген, 
Күлсем болды, қан тамады көзімнен, – 
 
дейді.  Ақын  жаны  шын  жылайды.  Ақын  көзі-
нен неге жас емес, қан тамады? Демек ақын жаны 
ауру.  Жанының  жарасы  асқынған.  Көзінен  қан 
тамуы да сол. Ақын жаны қара басының қайғы-
сынан  емес,  қоғамның  қайғысынан  ауру  бол-
ған. Бірақ ақын бұл қоғамнан безінбейді.  
 
Мына біздің заманда, 
А. Әзизова 

229 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №5-6 (139-140). 2012 
 
 
Жақсы да бар, жаман да. 
Көргеніміз – көркіміз, 
Шүкіршілік әманда, – 
 
деген ақын, келесі бір өлеңінде қайғысы мен қуа-
нышы, жақсылығы мен жамандығы қатар өмір-
де адамға жақсылық, қуаныш сыйлау бақыт еке-
нін  айтады.  Бұл  өлең – ұрпаққа  өнегелі  өлең. 
Өлеңнің «Мән» деп аталуының өзінде бір мән бар: 
 
Мен кеше 
Бір сәбиді жұбаттым, 
Қолына 
Күлше беріп қуанттым. 
Өйткені ол адам ғой, – 
 
деп  басталатын  өлеңнің  өң  бойында  ақынның 
адамдарға  жасаған  жақсылығы  тізбектеліп 
келеді де: 
 
Міне осылай, уақыт, 
Қанатында самғаймын, 
Өзімді өзім жұбатып, 
Өзімді өзім алдаймын. 
Өйткені мен де адаммын, – 
 
деп  аяқталады.  Иә,  расында  біреуге  жақсылық 
жасасақ  қайтарымын  күтпей,  оның  адамдық 
борышымыз  екенін  есте  ұстағынымыз  абзалы-
рақ секілді. 
Қазақты  сүю,  оның  тіршілігін  құрметтеу, 
тарихын  бағалау,  бүгінгісіне  шүкірлік  етіп, 
келешегіне сену, қазақтың аталардан жалғасқан 
салт-сана, дәстүр-жоралғысын естен шығармай, 
ұрпаққа  аманаттау – міне  бұлардың бәрі  ұлттық 
рух қалыптастыру жолындағы ақынның азамат-
тық  ұстанымына  тікелей  қатысты.  Өз  ұлтын 
сүйіп  жарытпаған  адам,  ол  ұлт  үшін  еңбек  ете 
алмақ емес. Сондықтан да қашанда ұлттық рух 
пен  азаматтық  ұстаным,  міндеттерді  бірлікте 
қарастырамыз.  Жақсысы  болсын,  жаманы  бол-
сын  қазақтың  мәселесін  көтеріп,  халықтың 
мұң-мұқтажына ортақтасу – ақынға да, азамат-
қа да парыз.  
Қазақтың ақындары қашанда бұрынғы өткен 
ата-баба  аруағына  тағзым  етіп,  олардың  ерлік-
терін жырына арқау етіп отырған. Сол арқылы 
халық  тарихы  қай  дәуірде  де  ұрпаққа  жетіп 
отырды.  Асылзаттың  да  осындай  өлеңдері  бар. 
Оның  «Кенесары  және  Мен», «Кенесарының 
аруағына мұң шағу» өлеңдерінде Кенесары ата-
сына:  
 
Жылжиды уақыт, ай құлап, көкте сөнбес күн, 
Боркемік ұлмен белдесе кетсе жеңбес кім. 
Ұрпағын сатып, ұртын майлаған мәңгүртті, 
Сенен тараған ұрпақ деп айтсам, сенбессің. 
 
Нәпсіге тежеу салатын кім бар тағат қып, 
Осыдан талай науқастың түрін тараттық. 
Тірлігі түнде, етегін сатқан әйелден, 
Өзіңдей тұлға туат деп айту ағаттық, -  
 
деп  қоғами,  адами  мәселенің  қазақтың  жан-
жарасына айналып кеткенін, Кенесарыдан тара-
ған ұрпақтың ұсақталып кеткенін, бабалар ама-
натын  аяқасты  етіп  жүрген  пендауи  тірліктің 
барын  жасырмай  жайып  салады.  Сол  арқылы 
бұл  мәселе  ақын  жанын  ауыртатынын  көрсе-
теді.  Жалпы  жезөкшелік  қазіргі  қоғамның  бас-
ты дерті. Асылзаттың осы дертті сынап жазған 
бірнеше  өлеңдері  бар. «Жезөкше  түн»  деп 
налитын  ақын  жаны  қазаққа  осы  бір  түннің 
кесірі көп екенін айтады. «Тірі жетім бөбектер-
ай,  бөбектер»  деп  аталатын  өлеңіндегі  ақын 
қынжылысы  бәріміздің  көкейдегі  мен  жүрегі-
міздегіні дөп басады: 
 
Тірі жетім бөбектер-ай, бөпелер, 
Сендерді де сайқал өмір жетелер. 
Мауқын басқан біреулердің күнәсі, 
Мойныңда тұр, әлің жетсе көтерер. 
 
Туғандығын білмейтін қай анадан, 
Туа сала тұмар таққан наладан. 
Сендерсіңдер түсіп қалған шанадан, 
Сендерсіңдер тауып алған даладан. 
 
...Тағдырыңа нали бермей бекерге, 
Сен жүре бер өмір жүгін көтер де, 
«...Милы адамдар» менен бұрын қимылдап, 
Ұрлықшы ұшақ ұшып кетті шетелге... 
 
«Тіл – ұлттың  жаны»  деген  Ахмет  атамыз. 
Сол  жанымыз  бүгінде  жаралы  боп,  тәнімізден 
ажырап  бара  жатқандай.  Қазақ  қоғамының  үл-
кен дерті де, мәселесінің бірі де бірегейі осы – 
тіл болып отыр. Ащы да болса шындық өз елін-
де  өгейдің  күйін  кешкен  ана  тілі  ардақталудан 
қалып  барады.  Ұлтына  жаны  ашитындар  мүм-
кіндіктерінше  күресіп  бағуда.  Мұндайда  ақын-
ның  да  үнсіз  қалуы  мүмкін  емес.  Қазіргі  қазақ 
лирикасында ана тіліміздің мәселесін сөз еткен 
өлеңдер  көптеп  жазылуда.  Жалпы  тіл  мәрте-
бесін көтеруге орай арнайы мүшәйраларда ұйым-
дастырылып  жүр.  Міне,  тәуелсіздік  алып,  тай-
раңдап жүрсек те, тіліміздің мерейін  үстем ету 
жағынан әлі да сана тәуелділігінен арыла алмай 
келеміз. Ана тілінің ертеңіне алаңдайтын Асылзат 
«Өлмеу керек өр Қазақтың төл тілі» дейді:   
 
Ұқтыра алмай ұлы сөзді кереңге, 
Қамшы бастым қапылыста өлеңге. 
Тілім менің өліп кетсе, 
Басында 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012 
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық рух 

230 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№5-6 (139-140). 2012 
Көк бөрідей ұлып қала берем бе?! 
 
Туған тілім – өзің берік қалқаным, 
Қалқансыз ел татар бәлкім сор қалың. 
Азаптардан қорықпаймын өмірде, 
Тілсіз туған қазақтардан қорқамын! 
 
Жақтаса ел тілді ғана жақтасын, 
Баптаса ел тілді ғана баптасын. 
Сақтанғанды құп көретін Құдайым, 
Тілге қарсы тұрғандардан сақтасын!
 
Иә, ана  тілімізді  сақтай  алмасақ  ата-бабала-
рымыздың аруағының алдында, келешек ұрпақ-
тың алдында азаматтығымызға сын. 
Жаңашылдық  белгілі  бір  нәрсенің  түгелдей 
өзгеріп,  түп-тамырымен  өзгеріп  кетуі  емес.  Ол 
қашан  да  өз  тамырынан  ажырамайды. «Сәннің 
өзі ескінің жаңа түрі» деген секілді, әдебиеттегі 
жаңалық  та  «ғарыштан  келгендей»  жаңалық  
 
емес,  оның  ішкі  мазмұны  мен  сыртқы  түрінің 
толысуы.  Сондықтан  қазіргі  қазақ  лирикасы-
ның  жаңашыл  бағыттарын  заман  талабына  сай 
толысу  деңгейінде  қарастырдық.  Қазіргі  қазақ 
лирикасындағы  азаматтық  ұстаным  да  азат-
шылдық рухын ту еткен сонау көне заман поэ-
зиясынан  жалғасып  келе  жатқан  ақындар  мен 
шығармалар  рухында  тәрбиеленген  жастардың 
өзіндік қолтаңбасы мен мінез-бітіміне сай көрі-
ніс беріп келеді. Заманның зары, қаймана қазақ 
қоғамының  қайғысы  мен  қуанышы  қашан  да 
өлең сөзбен өріліп, өрісін кеңейте бермек. Оған 
қазақтың  ақындарының  рухы  жетеді. «Айта 
алмасам арлы сөз...» деген атадан қалған атасөз 
әрбір  қазақ  ақынының,  әдебиетте  арлы  болам 
дегеннің  мәңгілік  ұраны  болып  қала  берері 
сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет