202
Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев өзі зерттеуге бастама ұсыныс жасаған Жошы
тұлғасы және оның құрған Ұлысы тарихын Дала өркениетінің
жасампаз тарихымен өте тығыз
астасып жатқаны тарихи шындық. Ұлттық тарихты дәйекті нақыштаудың жолына түстік.
Тарихымызда ойып тұрып орын алған Тұлғалардың тарихын тереңнен зерделеуге кірістік...
Осы тұрғыда, өткен 18 ғасырдағы Қазақ хандығының дәуірін, Абылай заманын алайық. Бұл
қазақ басына, бейнелеп айтқанда, тарихтың қара бұлты үйірілген зар заман болды. Мұны қазақ
тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп бекер айтпаған. Бұл ғасыр сонымен
қатар қазақ батырлығын Еуразиялық кеңістікке паш еткен ғасыр болып та тарихымызға енді.
Енді сол заманды көз алдымызға бір сәтке елестетейік. Бұл заман қазақ жерінің төрт
бұрышынан, ата жауымыз жоңғардан басқа, батыстан орыс, шығыстан қытай империялары
және тура бүйірден Бұхар және Қоқан хандықтарының қыспаққа алған тар кезең болды. Міне,
осындай тар кезең қазақ тарихы сахнасына Абылайдай кемеңгер ханды, сұңғыла саясаткерді,
Қанжығалы Бөгенбайдай даңқты әскери қолбасшыны алып шықты.
Қазақты, жалпы мұндай алапат қырғыннан оның бірлігі мен тұтастығы аман сақтап
қалғаны туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында:
«Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленеді.
Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың
ұйытқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің
бір алтын діңгегіне айналды», - деп әділ бағасын береді.
Міне, сол замандағы алтын діңгектің зор әлеуетін Қанжығалы Бөгенбайдай батыр
бабаларымыз түзгенін замана тілімен Бұқар жырау бас болған ақын-жыраулары мен
жыршылары, ата тарихқа қанық ұрпақтары және мұрағат құжаттары жеткізді. Сондықтан,
Қанжығалы Бөгенбай батырдың қазақ мемлекеттілігі мен халқының алдындағы тарихи ролі
мен қызметіне ғылыми тұрғыда баға беруді қайта зерделеу маңызды іс-шара.
Қазір ұлттық құндылықтарды жаңа тарихи-қоғамдық формация тұрғысынан қайта
қарап, бағалау үдерістері жүріп жатыр. Бұл арада Қанжығалы Бөгенбай батырдың өмірі мен
қызметі жайында белгілі әуесқой ізденімпаздар мен кәсіби тарихшыларымыздың ғылыми-
зерттеу еңбектері жарық көргеніне тоқтала кеткен дұрыс болар...
Қаншама арнаулы кітаптар жарық көрді. Батыр бабымыз туралы тұрақты тарихи
көзқарас қалыптасты. Алайда, Ұлттық тарих контексінде әр ғасыр мен нақтылы тарихи
үдерістер арнасындағы батырлардың тарихи орны толықтай анық емес. Әлі де ғылыми
тұрғыдағы ізденістер қажет. Тіпті халықтық шығармашылықта ойып тұрып орын алған хас
батырлардың тарихилығына күмән келтірушілер де бар. Бұл олқылықты шүбәсіз тарихи
фактілермен анықтаған жөн болады. Әдеби дәйектер мен тарихи деректерді салғастыра
қарастырсақ, көп дүние күмәні біржолата сейіледі. Болмаған тарих деген ұғымдардан толық
арыламыз.
Қазақта «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз»
деген даналық сөз бар. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 1913 жылы жарық көрген «Қазақ»
газетінің алғашқы бірнеше номерінде «Қазақ тарихы» атты мақалалар топтамасын
жариялапты. Сонда, Әлихан Бөкейхан:
«Қазақ халқының тарихы болмады деген сөз, Қазақ
Достарыңызбен бөлісу: