201
БАТЫРЛЫҚ ЗАМАН ТАРИХЫНАН
Сайлаубай Е.Е., т. ғ. к., доцент
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек,
сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың,
келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер
жолыңның сілемін табасың.
Н.Назарбаев
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Азат ел атандық. Қазақстан Республикасының
жаңа саяси институттарын құрдық. Демократиялық принциптерді берік ұстанған
Президенттік Республиканың негізін қаладық.
Біз тәуелсіздіктің арқасында ұлттық тарихымызды түгендеп, тілімізді,
діліміз бен
дінімізді қайта оралттық, ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырттық.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттігін қалыптастырып, елімізді әлемнің өркениетті
мемлекеттерінің қатарына қостық. Әлемнің дамыған өркениетті елдерімен иық тірестіріп,
жарқын болашаққа нық сеніммен қадам бастық.
Тәуелсіздігіміздің жиырма алты жылы ішінде жүз жылға бергісіз жолды еңсеріп
үлгердік. Еліміздің бұл даму жолы –
«Қазақстандық жол» деп аталды.
«Қазақстан – 2030»
стратегиялық
бағдарламасын еңсеріп,
«Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасын
орындауға кірістік.
«Мадени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық тарих пен халық тарихы
идеологиялық құрсаудан біржолата арылды. «Мадени мұра» мемлекеттік бағдарламасын
Елбасы негіздеп берген «Ұлы Дала Мұралары» контексінде Қазақ халқының және барша
қазақстандықтардың тарихи тамырын рухани-мәдени аспектіде жаңғырту өзекті болуда.
«Халық тарих толқынында» бағдарламасы елімізде тарихқа деген жаңа сипатты және
аса мазмұнды көзқарасты қалыптастырды. Бүкіл қоғамда отандық тарихқа деген тың серпіліс
әкелді. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы ұлттық-мемлекеттік идеологияны қазіргі
заман тудырып отырған мәселер арнасында өрелі тұрғыда түзуге негіздеме салып берді.
«Халық тарих толқынында» бағдарламасы жаңа мемлекеттік тарих пен идеологияны түзуде
және оны қоғамда белсенді тұрғыда қалыптастыруда қызмет ету мүмкіндігі зор үдеріс
бастамасы болды.
«Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» - деп
Елбасы айтқандай Жалпыұлттық идеяны – Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыруға кірістік.
Қазақстандық идеологиялық айшықтар:
«Мәңгілік Ел», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстандық жол»
ұғымдарына қатысты қоғамда қалыптасқан ойларды тарихи теориялық
тұрғыда молықтыру
және мазмұнын көпшілікке жеткіз жолдарын зерделеу іске асырылуда. Қоғамдық
тарихи
жадыны жаңғырта отырып, Мәңгілік Ел идеясы негізінде болашаққа ұмтылған ұрпақтың
тарихи санасын қалыптастыру іс-шаралары кешені түзіліп іске қосылды. Елбасы негіздеп
берген «Ұлы Дала Мұралары» контексіндегі тұжырымдар Қазақ халқының және барша
қазақстандықтардың тарихи санасы мен тамырлы тарихын
рухани-мәдени аспектіде
жаңғыртуда өзекті болғаны сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты
бағдарламалық мақалалары бүгінгі күні төл тарихмызды қайыра зерделеуге негіз болуда.
Әр дәуірдің, заманның өз тарихи тұлғасы болады. Оны сол замандағы тарихи қажеттілік
тудырады. Қазақ халқы өзінің бүкіл ғұмырындағы қалыптасып, даму тарихында талай
дауылдармен алысып, тағдырменен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық.
Біздің қазақ халқының тарихы жалпы ұлттық бірігу және тұтастану тарихы болып табылады.
202
Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев өзі зерттеуге бастама ұсыныс жасаған Жошы
тұлғасы және оның құрған Ұлысы тарихын
Дала өркениетінің жасампаз тарихымен өте тығыз
астасып жатқаны тарихи шындық. Ұлттық тарихты дәйекті нақыштаудың жолына түстік.
Тарихымызда ойып тұрып орын алған Тұлғалардың тарихын тереңнен зерделеуге кірістік...
Осы тұрғыда, өткен 18 ғасырдағы Қазақ хандығының дәуірін, Абылай заманын алайық. Бұл
қазақ басына, бейнелеп айтқанда, тарихтың қара бұлты үйірілген зар заман болды. Мұны қазақ
тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп бекер айтпаған. Бұл ғасыр сонымен
қатар қазақ батырлығын Еуразиялық кеңістікке паш еткен ғасыр болып та тарихымызға енді.
Енді сол заманды көз алдымызға бір сәтке елестетейік. Бұл заман қазақ жерінің төрт
бұрышынан, ата жауымыз жоңғардан басқа, батыстан орыс, шығыстан қытай империялары
және тура бүйірден Бұхар және Қоқан хандықтарының қыспаққа алған тар кезең болды. Міне,
осындай тар кезең қазақ тарихы сахнасына Абылайдай кемеңгер ханды, сұңғыла саясаткерді,
Қанжығалы Бөгенбайдай даңқты әскери қолбасшыны алып шықты.
Қазақты, жалпы мұндай алапат қырғыннан оның бірлігі мен тұтастығы аман сақтап
қалғаны туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында:
«Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленеді.
Батырларымен
тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың
ұйытқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің
бір алтын діңгегіне айналды», - деп әділ бағасын береді.
Міне, сол замандағы алтын діңгектің зор әлеуетін Қанжығалы Бөгенбайдай батыр
бабаларымыз түзгенін замана тілімен Бұқар жырау бас болған ақын-жыраулары мен
жыршылары, ата тарихқа қанық ұрпақтары және мұрағат құжаттары жеткізді. Сондықтан,
Қанжығалы Бөгенбай батырдың қазақ мемлекеттілігі мен халқының алдындағы тарихи ролі
мен қызметіне ғылыми тұрғыда баға беруді қайта зерделеу маңызды іс-шара.
Қазір ұлттық құндылықтарды жаңа тарихи-қоғамдық
формация тұрғысынан қайта
қарап, бағалау үдерістері жүріп жатыр. Бұл арада Қанжығалы Бөгенбай батырдың өмірі мен
қызметі жайында белгілі әуесқой ізденімпаздар мен кәсіби тарихшыларымыздың ғылыми-
зерттеу еңбектері жарық көргеніне тоқтала кеткен дұрыс болар...
Қаншама арнаулы кітаптар жарық көрді. Батыр бабымыз туралы тұрақты тарихи
көзқарас қалыптасты. Алайда, Ұлттық тарих контексінде әр ғасыр мен нақтылы тарихи
үдерістер арнасындағы батырлардың тарихи орны толықтай анық емес. Әлі де ғылыми
тұрғыдағы ізденістер қажет. Тіпті халықтық шығармашылықта ойып тұрып орын алған хас
батырлардың тарихилығына күмән келтірушілер де бар. Бұл олқылықты шүбәсіз тарихи
фактілермен анықтаған жөн болады. Әдеби дәйектер мен тарихи деректерді салғастыра
қарастырсақ, көп дүние күмәні біржолата сейіледі. Болмаған тарих деген ұғымдардан толық
арыламыз.
Қазақта «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз»
деген даналық сөз бар. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 1913 жылы жарық көрген «Қазақ»
газетінің алғашқы бірнеше номерінде «Қазақ тарихы» атты мақалалар топтамасын
жариялапты. Сонда, Әлихан Бөкейхан:
«Қазақ халқының тарихы болмады деген сөз, Қазақ
Достарыңызбен бөлісу: