Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Қожа Ахмет Яссауи кесенесі –еліміздегі аса құнды жәдігер, сәулет



бет7/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
8. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі –еліміздегі аса құнды жәдігер, сәулет
өнерінің керемет туындысы

Кең байтақ Қазақстанда бүгінде көненің көзі болып қалған, сәулеті асқан ғимараттар, тарихи мекемелердің бары ауыз толтырып айтарлық деңгейде. Солардың бірі әрі бірегейі, XIV ғасырдан бүгінгі тәуелсіз Қазақстанға аманат болып қалған, іргелі архитектуралық ғимарат – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Тарихи маңызы зор, түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда бой көтерген бұл ғимаратты Орта Азияның билеушісі, атағы әлемге жайылған Ақсақ Темір 1396 жылы салғызады. Ғимараттың Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін, жалпы түркі халықтары үшін тарихи маңызы зор болып саналады. Сәулет өнерінің ең ірі туындысына баланған бұл ескерткіштің мынандай ерекшеліктері мен артықшылықтары бар:


Біріншіден, кесене аса үлкен порталды күмбезді құрылыс болып саналады, оның ені – 46,5 м қамтыса, ұзындығы – 65 м.
Екіншіден, ғимараттың орасан зор порталы және бір емес, бірнеше күмбезі бар.
Үшіншіден, ғимараттың орталық залының төңірегінде әр түрлі мақсатта пайдалануға арналған 35 бөлме салынған. Бұл ғимараттың қандай ауқымды екенін дәлелдейтін бірден-бір факт.
Төртіншіден, ғимарат ішіндегі ең басты ерекшелік – тайқазанның тұруы. Ғимараттың ең үлкен залының қақ ортасында тұратын тайқазан ғимараттыңерекшеліктерінің бірі болып келеді. Тайқазанның күмбезінің ішкі жағы – 18,2 метрге, сырты – 20,5 метрге тең.
Бесіншіден, жалпы тұрқы симметриялы, жекелеген бөлшектері ассиметриялы болып келетін алып кесене 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: қазандық, үлкен Ақсарай, кіші Ақсарай, құдықхана, кітапхана, асхана, көрхана, мешіт.
Алтыншыдан, осы алып кесенеге тек Қожа Ахмет Яссауи ғана емес, қазақтың 21 ханы жерленген. Солсебепті де, кесененің тарихи мәні, қазақ халқы үшін маңызы зор.
Жетіншіден, бұл кесененің кірпіштерінде жарылған іздер жоқ, бұл кірпіштердің Әмір Темір заманында асқан ыждаһаттылықпен жасалғанына дәлел бола алады.
Сегізіншіден, кесенеде өткен замандардан бері жасап келе жатқан тарихи жәдігерлердің көптігі назар аудартады. Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған қола және ағаш бұйымдар, символдық мәнге ие ою-өрнектердің болуы, есіктерде терең мағыналы хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуі ғимараттың көркін, тарихи мәнін арттыра түсетін ұлттық һәм тарихи жәдігерлер.
Қорытындылай келе, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – ислам мәдениетінің ең ірі ғимараты болып саналған болса, бүгінде қазақ халқының сәулет өнерін әлемге әйгілеп тұрған алып ғимарат. Шет елдік туристердің түркі руханиятының астанасы Түркістанға, оның ішінде дәл осы кесенені тәуап етуге ағылып келе жатуларының басты себебі - осы кесененің рухани маңызының көрсеткіші іспетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет