Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет77/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131
Moodle  платформасы  –  ауқымды  лингводидактикалық  потенциалға  ие  және 
құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды жасауға мүмкіндік беретін оқыту құралы. Moodle 
ортасы  тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  негізгі  қағидаларын  оңай  орындауға  мүмкіндік 
береді [12]: 
1) оқытушымен және студенттермен тәжірибе алмасу; 
2) оқудың тиімділігі; 
3) уақытты үнемдеу және білім алу процесінің ыңғайлылығы; 
4) жүйелілік; 
5) оқытудың қол жетімділігі, айқындылығы және визуализациясы; 
6) оқуды және тәуелсіздікті дамытудағы белсенділік; 
7) дағдыларды іс жүзінде қолдана білу; 
8) оқуды даралау. 
Moodle платформасы тек сандық форматқа аударылған оқу материалдарының қоймасы 
ғана  емес.  Біріншіден,  бұл  мұғалім  мен  студенттер  арасындағы  өзара  әрекеттестіктің  жаңа 
форматы, сондықтан бүгінгі күні форумдар, вебинарлар және интерактивті тапсырмалар кез-
келген  білім  беру  ортасының  негізгі  элементтерінің  бірі  болып  табылады.  Әрине,  цифрлық 
білім  беру  ресурстарының  рөлін  де  назардан  тыс  қалдыруға  болмайды,  өйткені  олар  қазіргі 
электронды курстардың басым көпшілігінің негізін құрайды [12]. 
Moodle  платформасы  студенттердің  академиялық  жазу  құзіреттіліктерін  қалыптас-
тыруға  қажетті  көптеген  дидактикалық  қасиеттерге  ие.  Мысалы,  Moodle  платформасындағы 
семинар  студенттерге  мұғалімнің  белгілеген  критерийлері  бойынша  бір-бірінің  аяқталған 
жұмысын  бағалауға  мүмкіндік  береді.  «How  to  write  аn  abstract»  тақырыбы  аясында 
студенттер  өздерінің  ғылыми мақалаларына  немесе  ғылыми  жетекшінің  мақаласына  аңдатпа 
жазуды үйренеді. Бірқатар жаттығу тапсырмаларын орындап болғаннан кейін, студенттер осы 
тақырып  бойынша  бейне  дәрістерді  қарап,  мақалаларға  аңдатпа  жазады.  Содан  кейін 
студенттер  бір-бірінің  аңдатпаларын  бағалау  және  талдау  критерийлерімен  кестені  толтыру 
ұсынылады  [12].  Яғни,  студенттер  Moodle  платформасы  көмегімен  тек  академиялық  жазу 
құзіреттілігін қалыптастырып қана қоймай, бір-біріне пікір жазу арқылы сыни ойлау, талдау, 
синтездеу сияқты дағдыларды қалыптастырады. 
Қорыта  айтқанда,  блог-,  вики-технологияларын  және  Moodle  ресурстарын  оқу 
процесінде  қолдану  мұғалім  мен  студенттердің  өзара  әрекеттесу  жылдамдығы  мен  сапасын 
едәуір  арттырады,  бұл  әсіресе  оқу  процесінде  маңызды.  Студенттер  электронды  ортада  бір-
бірінің  жетістіктері  мен  қателіктерін  көріп,  талдау  арқылы  синергетикалық  нәтижеге  қол 
жеткізіледі.  Сонымен  қатар,  осындай  жаңа  технологияларды  білім  беру  процесінде  қолдану 
студенттердің  жазуға  деген  ынтасының  едәуір  артуына,  тілдік,  дискурсивті,  стратегиялық 
және  әлеуметтік-мәдени  құзыреттіліктердің  тиімді  дамуына,  яғни  академиялық  жазу 
құзіреттілігінің дамуына ықпал зор. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет