Название документа: дфл



бет6/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Лизинг алушы құқылы:

  1. Шарт талаптары бойынша Лизинг нысаналарын иеленуге және пайдалануға;

  2. Шарт бойынша Негізгі борыш сомасын, оның ішінде Шарттың 5.9-тармағының талаптарын сақтай отырып, Шарттың талаптарына сәйкес лизинг беруші сыйақы ставкасын біржақты өзгерткен жағдайда мерзімінен бұрын өтеуге;

  3. Сатушыға Лизинг нысанасының сапасы мен жиынтығына, оны жеткізу мерзімдеріне қатысты және және басқа да жағдайларда САСШ шарттары тиісінше орындалмаған жағдайларды талап қою;

  4. Шартқа № 4 қосымшаның талаптарына сәйкес айқындалған айырбастау күніне дейін САСШ бойынша төлеуге берілетін сомаларды айырбастауды жүзеге асыруға қатысты Лизинг берушіге өтініш жасау;7

  5. Лизинг берушіден Лизинг нысанасын/Негізгі борышты беру күніне дейін сыйақыны есептеу және Негізгі борышты қалыптастыру жөніндегі шығындарды, қосымша шығыстарды растайтын құжаттарды сұрату;

  6. егер Лизингтік төлемді өтеу күні демалыс не мереке күніне түссе, тұрақсыздық айыбы мен айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін төлемей, одан кейінгі жұмыс күні лизингтік төлемді төлеуді жүргізу;

  7. Лизинг берушіден төмендегілерге сенімхат сұратуға:

  • кедендік тазартуға жататын Лизинг нысанасын кедендік ресімдеу;8

  • тіркеуге жататын көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді, техникалық паспорттарды, Лизинг нысанасына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тіркеу/қайта тіркеу/қалпына келтіру;

  1. Лизинг берушiмен Бiрлескен қызмет туралы шарттың үлгі нысанын келiскен кезден бастап Лизинг нысаналарының тоқтап тұруын болдырмау мақсатында тасымалдаушылармен аталған Бiрлескен қызмет туралы шарт жасасуға және Лизинг нысаналарын Лизинг беруші тарапынан осы Бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылған күнге дейiн 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге пайдалануға; бұл ретте Лизинг алушы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей тасымалдаушы қол қойған Бірлескен қызмет туралы үлгі шартты Лизинг берушіге жібереді, ал Лизинг беруші Тараптармен келісілген Бірлескен қызмет туралы шарттың үлгі нысанынан (үлгі нысанға байланысты түзетуге болатын шарттарды қоспағанда) ауытқу болмаған жағдайда, Лизинг алушыдан алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Лизинг беруші тарапынан Бірлескен қызмет туралы шартқа қол қоюын қамтамасыз етеді;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында, Шартта және оны орындауға жасалған және онымен байланысты келісімдерде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыру.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет