Үндестік заңы туралы ұғым Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата07.01.2022
өлшемі275,99 Kb.
#18742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бунақ  және  екпін 

 

 

Адам  өз  ойын  сөйлем  арқылы  білдіретіні  белгілі.  Сөйлем  сөздерден  тұрады. 

Сөйцлеу  кезінде  сол  сөздер  кейде  жеке  ттұрып,  көбіне  екіден,  тіпті  үш-төрттен  топ 

құрап айтылады. 



Ритм—кейбір  білгерілі  жағынан  өзара  бірдей  немесе  біршама  жуық  элементтердің 

қайталануы.  Бұл  әсіресе  өлең  жолдарынан  жақсы  аңғарылады.  Өлеңге  тән      буын, 

бунақ,  ырғақ  секілді  негізгі  элементтердің  әр  тармақ,  шумақта  қайталануында  белгілі 

бір тәртіп,  жүйе болады.  Бұл жөнінде алғаш Ахмет Байтұрсынов жақсы айтқан: 

«Сондай-ақ  сөздің  өлең  болып,  көңілге  ұнап,  реттілігінен  туатын  қасиет  сөзді  айтқан 

кезде  сағаттың  шық-шық  жүргені  секілді,  тамырдың  бүлк-бүлк  соққаны  секілді 

дауыстың  бір  түрлі  ырғақ-ырғағы  болады.  Сағат  шық-шық  еткенінің,  тамыр  бүлк-бүлк 

соққанының  арасы  қандай  бірдей  болса,  сөз  сөйлегендегі  дауыс  ырғақ-ырғағының 

арасы  да  сондай  бірдей  болады.  Сөйтіп  дауыс  ырғақ-ырғағы  сөздерін  бірдей  буынға 

бөледі.  Сондықтан  сөз  табиғи  негізінде  қамыс  секілді  бунақ-бунақ  буыны  бар  нәрсе 

болып  шығады.....  Өлең  ырғағы  жорға  жүрісінің  тайпалуы,  теңселуі  секілді  екінші 

өңді  ырғақ  болады.  Бұл  ырғақ  сөйлемдердің  ішіндегі  буын  санының  бірдейлілігімен, 

кестелерінің  реттілігімен,  сөздердің  әуездес  ұқсастығымен      келетін      ырғақ  ».  Олай 

болса,  біздің  ритмикалық  топ  деп  отырғанымыз—бунақ.  Сонда  сөйлем  бунақтарға, 

бунақ  сөздерге, сөздер  буындарға, буын дыбыстарға  ажырайды. 

Қазақтың  қара  өлеңінің  әр  тармағы  үнемі  үш  бунақты  болып,  он  бір  буыннан 

құралады  және  әр  бунақтағы  буындардың  қайталануында  да  заңдылық  бар.  Олар 

көбіне  4–4―3‚  3--4―4  және  4―3―4  буынды  болып  келеді  де,  өзара  ритм,  ағымы 

жағынан ерекшеленеді. Мысалы: 



 

/Ай  қабақ/, алтын  кірпік, /қызыл  ерін/, 



/Кел  десең, /неге  аяйын/ аттың  терін// 

/Сары  ағаш / сазға  біткен  /секілденіп/, 

/Қай  жерде / отыр  екен / бұраң  белім // 

Бұл  шумақтың  әр  тармағында  үш  бунақ  бар.  Бунақтардағы  буындардың  саны  ―3— 

4―4.  Әр  бунақ  өзіндік  екпін,  ырғағымен  ерекшеленеді.  Яғни  әр  бунақта  бір-ақ  екпін 

болады.  Ол  бунақ  екпіні  деп  аталады.  Бунақтар--  өзіндік  екпін,  ритммен  айтылатын 

сөздер  тобы.  Сонда  тек  бір  бунаққа  енген  сөздердің  аралығында  қатар  келген 

дыбыстар  ғана  біріне-бірі  ықпал  ете  алады,  олар  көбіне  үндесіп,  үйлесіп  тұрады.  Егер 

өзара  акустика-артикуляциялық  жақтан  тіл  табыса  алмаса,  онда  біреуі,  кейде  екеуі  де 

алмасуға  ұшырайды.  Сөйлеу  актіне  бір  бунақ  құрап  айтылатындар  алдымен  күрделі 

сөздер  және әр  түрлі  жолдарымен тіркескен сөздер. 

1.  Біріккен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет