Үнді философиясы



бет2/2
Дата04.12.2023
өлшемі32,98 Kb.
#134245
1   2
Қытай философиясы
Ежелгі қытай қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауылшаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі қытай мемлекеті – шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы - әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда – рубасылары, отбасы (семья) басылары тұрды.
Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Заң болған жоқ сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғындардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдына әртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырақ ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізіне қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар, жоғары әлеуметтік сатыда тұрғындар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары “бес кітап” (у цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалытастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы: метематика астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде ай мен күнннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт есептеу т.б. Тәсілін ойлап, табуа мүмкіндік туды. Бірақ, ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған ежелгі қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа – мектептарге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Біз бұл аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері – конфуцийшылдық, даосизм және легистерге ғана қысқаша тоқталамыз.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалытасуы, осы ағымның негізін қалаушы кун-фуцзы, оның ізбасарлары мэн-цзы және сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д. 551-479 жж.) Кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, “Әңгімелер мен пікірлер” (“лунь юй”) деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – аспан ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол - әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе, бабалар рухын зерттеуге арнамайды. “Өмірді” не екенін білмей жатып өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз”,-деуінің өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі – адамдар арасынағы қарым-қатынас, тәрбие мәселері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар: “тең орта”, “адамгершілік” және “өзара сүйіспеншілік”. Осы үш ұғым бірігіп, “дао” (дұрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
“Тең орта” – адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс әрекеті. Өмірде мұндай “ортаны” ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі, адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізгі – “жэнь” – “ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау”, жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал “өзара сүйіспеншілік” арқылы қарым-қатынас, конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімінің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: “Өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама”, - дегенге сайып келеді. Аталған әдептілік қағидаларын “текті адамдар” (цзюнь-цзы) ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.
Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбіне осы “текті адамдарға” қарапайым адамдары қарсы қояды. “текті адам” – заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп ойлайды; “текті адамға” үлкен маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға болады; “текті адам” басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де, оларды” артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады т.б.
“Текті адам” тек қана этикалық ұғым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі – басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар “дао” жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.
Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпына дамуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші – билеуші, шенеулік – шенеулік, әке - әке, ал бала – бала болып, аттарына байланысты емес, шын мәнінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші - әке, халқы – оның балалары. Осы тұрғыдан мемелекет басқарылуы керек. Демек, “білу дегеніміз – табиғатты емес, адамдарды танып-білу”, - деп есептейді. Кейбір адамдарға “туа біткен білім” тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, білу таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз – тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тәсілі.
Мэн-цзы – (б.д.д. 372-289 жж.) – кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, аспан (көк) – объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспаннның еркі – адамдардың жігер- еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: “адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған”. Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен жақсы көруі керек, деген тұжырым жасайды.
Сюнь-цзы (б.д.д. 313-белгісіз) аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дұрыс.
Әлем өзінің табиғи заңдылықтырымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай немесе қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып оның табиғатын өзгертуге болады. Ал адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруе құлшынуы тиіс.
Конфуцийшылдық б.д.д. І ғ. Мемелекеттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
Легистер (заңгерлер) – негізгі өкілдер: шан ян (б.д.д ІV ғ.), Хань-фэй цзы(шамамен б.д.дд ІІІ ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемелектті әдептілікке негізделген заңдары жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлектті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі, “мейірімділік пен адамгершілік” - қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау көп болу керек; 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет; 3 ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар бір-біріне сенімсіздік тудыру керек; 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.
Конфуцийшылдардың мемлекет - үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі деген ілімінің орнына легистер: мемлекет - өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші - өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. Ұсақ патшалықтарды біріктіріп, аспан аясындағы (қытай) мемлекет құру; 2. Осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық теңілуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізгі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек. Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс.
Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
Даосизм (VІ-V ғғ. Б.д.д) бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. Өмір сүрген лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі – “дао және дэ туралы кітап” (“дао дэ цин”). Даоцизм ілімі “дао” ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда “дао” “жол” деген мағына берсе, және ол қытайдың дамуымен әдептілікті жетілудірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде “дао” – жалпы дүниетанымдық ұғым. “дао” – алашқы бастама, алғашқы түпнегіз және қытайдағы, жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы, “даоның” алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: “дао-барлық заттардың анасы”, “дао – барлық заттардың түпатасы”, “даоны аспан аясындағы империяның (қытайдың) анасы деп есептеуге болады” т.б.Ал “даоның” заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады: “Әлемде сансыз көп әртүрлі заттар бар, бірақ олардың бәрі де өзінің бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады”.
Даосизмдегі қарама-қарсы пікірлерге мол, көмескіленген ілімдердің бірі – екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі, ол денесіз, екіұшты, соншалықты кішкентай, мәнсіз, көрінбейді енжар және жалғыз. Ол мәңгі, ешуақытта өзгермейді, ешнәрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді.
Ал “аты бар дао” ұсақ бөлшектеден (“ци”) тұрады. Ол бөлшектерде заттардың кескіні бар, сондықтан да олар “барлық заттардың анасы”. “аты бар даоның негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл.
Бұл екі түрлі “дао” бір-бірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының арқысында әлемде түрлі-түрлі ғажайыптар болып тұрады.
Даосистер аты жоқ даоны биболмыс десе, аты бар даоны болмыс деп түсінген. Барлық заттардың түпнегізі биболмыс болғандықтан, олардың болмысқа сүйеніп, заттарға айналғанына қарамастан, олар (заттар) тұрақсыз болып келеді де, бір кезде қайтадан болмысқа сүйеніп, пайда болған заттар, құбылыстар мәңгі емес, тек биболмыс қана мәңгі.
Әлемдегі денелерде аспан (ян – еркек) мен-жер (инь - әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. “дао” – болмыс заттарды дүниеге келтірсе, “дэ” оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз (“дао және дэ”) еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес.
Заттардың гармониясы дегеніміз – олардың өздерінде қарама-қарсы жақтардың бір-біріне ауысып отыруы. Мысалы, адам туған кезде әлжуаз, әлсіз болса, өлер алдында қатайып, қайраттанады, сол сияқты басқа денелер де әлсізденіп өмірге келсе, қатайып, кәріленіп бұл өмірден кетеді.
“Даоның” екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. Аты жоқ даоның кез келген адам біле бемейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле алады. Себебі, ондай адам құмарлықтан алшақ болғанықтан заттардың күресінен – гармонияны, қозғалыстан – тыныштықты, болмыстан – болмысты көре алады. Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді. Танымның бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты.
Шынайы дана билеуші даосистердің пікірінше, өзінің қол астындағыларға табиғи жолмен (“дао” жолымен) жүруіне мүмкіндік береді. Ондай билеуші ештеңе араласпайды. Ондай билеушінің бар екенін халық естігені болмаса, онымен тікелей байланыспай әрқайсысы өз жолдарымен жүреді, сондықтан да даосистер дао жолымен жүргендерді заң арқылы шектеуге қарсы болады. Осы тұрғыдан олар конфуцийшылдарға да, легистерге де қарсы болды. Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кезегі көптеген идеяларынан айрылып қалды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет